МЕКТЕП ҰСТАЗДАР ЖҰМЫСТАРЫ

Павлодар облысы,Баянаул ауданы Ә.Марғулан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.Сарбасова Клара Назировна

Тақырыбы: Грамматикалық нормаларды сақтау Мектеп:Павлодар облысы,Баянаул ауданы Ә.Марғулан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі. Күні: Мұғалімнің...
Толық оқу

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мектепке дейінгі тәрбие...
Толық оқу

Актюбинская область, Хобдинский район ГУ «Каракемерская основная школа». Организация учебно-исследовательской деятельности как путь развития самостоятельности в овладении и поддержке индивидуальности младших школьников. Грачева Ирина Александровна

 Актюбинская область, Хобдинский район ГУ «Каракемерская основная школа».  Организация учебно-исследовательской деятельности как путь развития...
Толық оқу

ШҚО Тарбағатай ауданы Би Боранбай атындағы орта мектебінің психологы Разина Лизат Наулбековна Мен және менің мамандығым Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу –үлкен өнер. З. Фрейд «Армансыз адам –қанатсыз құспен тең» -дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым -мақтанышым» -дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Мамандық –жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ –абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады», -деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол. Міне, осынау ХХІ ғасыр дәуірінде қым-қуыт, адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болған кезеңде мен психолог мамандығын таңдадым, бірақ оныма өкінбеймін. Мен –мектеп психологымын, ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттеймін, маманмын. Сол ортаға жақсы ахуал туғызып, күйзеліске ұшыраған адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсету менің міндетім. Психолог адамның сырласы, адам жанының елшісі. Адамның өмірге деген құштарлығын арттырады. Ата-баба дәстүрінен бастау алған жан-жарастығы мен жайсандығын ары қарай жалғастыру, жас ұрпақ санасына қалыптастыру үшін Шәкәрім сөзімен айтсақ, ар ғылымы мен ішкі жан сыры іліміне ерекше көңіл бөлінуі керек. Біздің Би Боранбай мектебі ұжымының зор табыстарға жетіп, береке бірлігінің мықты болуына, оқушыларының сапалы білім алып, саналы тәрбиеде болуына психолог ретінде менің де үлесім бар деп есептеймін. Еліміз егемендік алғаннан бері оқу тәрбие саласында көптеген өзгерістер енгізілді. Солардың бірі –өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға дұрыс негіздерін беру және олардың психологиялық тұрғыда қалыптасу мәселесі де көрнекті орында тұр. Әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой-өрісі бар, компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі. Халқымыз қашаннан еркіндікті аңсаған, ой еркіндігі бар, адал, арлы халық. «Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын, дұшпан сөзі басымнан асып кетсе сен түгілханыңа да бас ұрмаймын» деген. Осында ұлт болашағы –балаларын да отбасында адалдыққа, еңбексүйгіштікке, батырлыққа, бауармалдылыққа, береке, бірлікке тәрбиелеген, «баланы жастан» деген даналық сөзі бар. «Балаларға оқу-білім берілсін. Сонымен қатар сұлу мінезө, әртүрлі өнермен өрілсін»,-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуде ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан халықтың салт-дәстүр мен ұлттық тәрбие бүгінгі күнде де оқу-тәрбие саласында тиімді қолданылуда. Елбасымыз Назарбаев: «Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуметі де қуатты, ынтымағы жарасты болады деп есептеймін. Өйткені ұлт тәрбиесі ұлттық рухпен тікелей байланысты екені хақ»,-деген. Ерте замандарда халқымыз балаларын дәстүр бойынша дуалы ауыз би шешендер мен көсемдердің, даналардың қасына отырғызып, сөздерін тыңдатқан. Бұл дана адамдардың жақсы қасиеттері жұғысты болсын деген ниеттен туған. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ұлттық тәлім берудің маңызы зор. Өзім осы саладағы 8 жылдық іс тәжірибемде қазақ әдебиеті пәнін жақсы көріп, көп оқып өскендіктен, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, дана Абай, ақындар Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан, т.б. шығармаларын жиі пайдаланамын. Әсіресе, Абайдың өлеңдеріндегі, қара сөздеріндегі даналық, қанатты сөздерді көп қолданамын. Мысалы, Абай психолог ақын ретінде қазіргі түсінік бойынша, жан деп адамның рухани күшін айтқан. Адамның білсем, үйренсем деген ой, сезім, тілек мүдделерін өсіру қажет, сол жолда қажымай, талмай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Өсе келе, кейбірі дағдарысқа ұшырайтын болса, кертартпалық, жалқаулық сияқты жаманшылықтар пайда болады деген. Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма-жыл. Абай. Өзім мектебімізде ұжым арасында да, оқушылар арасында да жан-жақты психологиялық көмек, психологиялық тәлім-тәрбие жұмыстарын алынған жоспарға сәйкесжүргізіп отырамын. Атап айтқанда, түрлі тренингтер, анкеталық сұрақтар, тест, жекелеме оқушылармен жұмыс. Соның арқасында Би Боранбай мектеп ұжымы ең ұйымшыл, береке-бірлігі айрандай ұйыған, қандай киелі іс, қиындықтар болса да жеңіп шығады. Мысалы: мектепке келген жас мамандармен кәсіби жағынан жетілдіру мақсатында «Психологиялық өркендеу» атты ұзақ мерзімді тренинг жүргізіліп келеді. Оған қатысқан жас ұстаздар жұмыс істеу әдістерін үйренеді. Атап айтқанда: 1. Өзіндік психологиялық жұмыс (медиативтік жаттығулар) 1. Әлеуметтік ортаға бейімделу, жұмыста қатты шаршауды болдырмау. 2. Сабақ беру кезінде оқушылармен тиімді әдістермен жұмыс жүргізе білу. 3. Оқушы психологясының даму деңгейін білу. 4. Жеке тұлғаны қалыптастыруды үнемі назарда ұстау. Өз іс-тәжрибемде ұжым мүшелері мен оқушалар арасында жаңа заманға сай жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі қолданамын. Мен қоданатын сондай сондай әдістердің бірі: «Өнер терапиясы». «Өнер терапиясының» білім сапасына тигізетін әсері мол және керекті психологиялық қызметтер атқарады. Олар: 1. Адамның ішкі жан дүниесі, түрлі сезімдер 2. Психиканың дұрыс дамуы 3. Қызығушылықтың жоғарлауы, артуы Өнер терапиясы арнайы ережемен бекітіледі және жеке тұлғаны қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Өнер терапиясының ережелері: 1. Құпиялық –баланың өзінің жеке ойларымен бөлісу, айтылған ой сыртқа шықпау. 2. Топтағылар бір-бірінің жұмысына сыйластықпен қарау. 3. Балалар бір-бірінің жұмысын бағалайды, өйткені әр баланың қиялы, өз толғауы бар. 4. Жұмыс нәтижесінің жағымды жақтары айтылады қарсы ой айтылмайды. Жұмыс барысында балаларға мынандай сұрақтар қойылады: 1. Сіздің көңіл күйіңізді қандай жағдай көтеріңкі етеді? 2. Әрдайым жақсы сезінудің себептері бар ма? 3. Сіз өзіңізді не бақытты етеді деп ойлайсыз? т.б. сұрақтар қою арқылы алынған жауаптан оқушы көңіл-күйін және істелген жұмыстар нәтижесін көруге болады. Келесі бір әдісімнің бір түрі сабақ жүргізу барысында болатын кедергілерді жою үшін қолданылатын «Дөңгелек стол» әдісі. Бұл әдісті сабақ берудің алғашқы сатыларында мұғалім мен оқушылар арасында жағымды психоогиялық орта қалыптастыру үшін қолданылатын болады. Психологиялық жұмыс –адам жанымен жұмыс, адам ойымен, жеке тұлғамен жұмыс. Бүгінгі біздің қоғамда жаһандану үрдісімен келген қиыншылықтар көбейіп жатыр. Көгілдір экранды жаулап шетелдік фильмдер, түрлі діни бірлестіктер шетелдік арзанқол музыкасы т.б. жастарымызды улап жатқаны жасырын емес. Олардың бәрі жастардың көңіл күйіне, психикасына әсер етуде. Яғни, тәрбие жұмыстарындағы мәселелер бәрімізге ортақ. Бұндай келеңсіз істермен күрес жүргізу бірінші орында тұр. Халқымыз көне заманнан келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» даналық сөзін ұмытпайымыз керек. Ендеше сіз бен біздің жұмыстарымыз нәтижелі болып, жаңа табыстарға жетейік, сіздерге әрқашан да шығармашылық табыстар тілеймін, береке бірлігіміз жараса берсін.

ШҚО Тарбағатай ауданы Би Боранбай атындағы орта мектебінің психологы Разина Лизат Наулбековна   Мен және менің мамандығым   Адам жанын түсіне білу, оны...
Толық оқу