ОҚО Кентау қаласы  мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

педагог-психолог Байболова Алмагүл Нұралықызы

Психология пәнінің 7-сыныптарға арналған

«Өзіңе-озің көмектес»

 АННОТАЦИЯ

Данная программа «помоги себе сам», программа развития адаптивных возжомностей учащихся  является итогом психологической диагностики учащихся седьмого классов за одиннадцать  лет школьного психолога быть в региональной школе интернат для одаренных детей «Дарын» г. Кентау

Именно семиклассникам, которые приезжают к нам из разных городов и районов, особенно нуждаются в психологической поддержке и помощи.

Для них это не только переход от одной ступени обучения к другой, но и смена учебного заведения, класса, учителей. Возможность успешного продвижения школьника на этом этапе зависит от его способности адаптироваться к изменениям условии обучения и проживания. Важно учить детей жить вместе, воспитывая в себе принятие и понимание другого человека, поэтому необходимо воспитывать у них стремление и умение жить – в группе, в классе, в семье; в социуме…

А также необходимо в процессе обучения и воспитание учитывать личностный ориентир и индивидуальный стиль мышление одаренного ребенка, что помогая ему саморазвиваться и творчески сотворять себя.

 

АҢДАТПА

Әрбір мектеп оқушысының өзіндік шешімін таппаған мәселелері мен қиындықтары бар екендігі бәрімізге мәлім. Мектепке жаңадан келген балалар өздеріне көп көңіл бөлуді қажет етеді.

Лидерлік қабілеттері өзіне тең дәрежеде тұрған балалар мектеп-интернат жүйесіне бейімделуде көптеген қиындықтармен кездеседі. Жаңа мектеп, жаңа ұстаз, жаңа сыныптастар, оқытудың жаңа жүйесі оқушы бойына жаңа қиындықтар тудырады. Осы кезде бала бойында уайымшылдық, өз-өзіне сенбеушілік, қорқыныш байқалады. Егер осы балалардың даму  кезеңінің кез-келген мезгілінде қалыпты даму бұзылса оған арнайы коррекциялық түзету жұмыс жасау керек.

Осы мақсатта жасөспірім балалар үшін психология сабағы өте маңызды. Біз сабақ барысында балалардың жеке эмоцианалдық аймағын коррекциялап құрдастарымен және ересек адамдармен еркін қарым – қатынас жасауға үйретеміз.

Психологиялық тұрғыдан адам өзін танып білуі ол адамның ішкі күйі, әртүрлі өмірлік жағдаяттармен әрекеті, өзінің психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттар алу.Оқушының өзін танып білуі, танымдылық процестері ( ес, зейін, қабылдау, ойлау және сөйлеу ) психолгиялық күйі эмоциямен  түрткі болса , психолгиялық сипаты темперамент пен мінезді түсіне білуі бұл адамның өзін және өзгені түсінуге көмектеседі. Адам өзінің жалпы қабілеттерін дамытуға тікелей байланысты.

Сабақ барысында оқушылар тек білім алып қана қоймай бір бірімен сұхбаттасуға, әртүрлі іс-әрекет жасауға, бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауға, өзгені танып-білуге үйренеді.

Сонымен қатар оқушы әр түрлі пікірталастарға, топтық жұмыстарға, рөлдік ойындарға, шығармашылық жұмыстарға, топтық тестілеуге ерекше көңіл бөле отырып, қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама мақсаты: 7-сынып оқушыларын әлеуметтік бейімделуде, оқушылар бойындағы сенімсіздік пен үрейді жою, аутогендік жаттығулар, тәсілдер, өзін-өзі ретке келтіру арқылы, психологиялық тәсілдер, сонымен қатар адамдармен қарым-қатынасын, өзін жан-жақты танып білуге үйрету.

 

Міндеті:  — балаға өзін танудағы білім берумен қатар сол білімді алуға үйрету.

  • белсенді түрде өзіндік сананың қалыптасу қабілеттігін және өзін-өзі ретке келтірудегі еріктік дағдыларға үйрету.
  • Жекелік өсудегі (жеке адам) шығармашылығының қабілеттерін ашумен қатар адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Оқушылардың өзін-өзі танумен қатар, қиындықтарды жеңу, одан шығу жолдарын үйрету.

 

Әдістері: 

  1. Лекция әдісін қолдану;
  2. Жеке адамды зерттеудегі психодиагностикалық әдістер;

3.Психологиялық тренинг әдістері: психологиялық әртүрлі мәселелерді талдау, талқылау, нақты жағдайға қатысты талдау әдістері, ойындық модельдеу әдісі, сурет және сөздік түрдегі проективтік әдістер, аутогендік жаттығулар.

 

Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады:

  1. Бағдарлау кезеңі. (1-3 сабақ)

Кезеңнің мақсаты: эмоционалдық тұрғыдан өзін-өзі анықтаумен тануға бағытталған психотехникалық жаттығуларды қолдана отырып, топ қатысушыларын біріктіру.

 

  1. Дамытушы кезең. (23-25 сабақ)

Кезеңнің мақсаты: Өзін-өзі тану процессін белсендіру. Өзіндік маңыз-дылығы мен құндылығын көтермелеу мен қатар, өзін дамыту мен тәрбиелеу түрткісін қалыптастыру.

 

  1. Бекіту кезеңі. (2-3 сабақ)

Кезеңнің мақсаты: Өзін бағалауды бекітумен қатар жеке тұлғаның өзіндік түсінікті жоғарлату, маңызды қорлар жинақтау.

 

Сабақтар стандартты формада құрылған:

  • Сәлемдесу рәсімі;
  • Сергіту сәті;
  • Негізгі мазмұн;
  • Өзіндік психикалық күйіне ой жүгірту;
  • Қоштасу сәті.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптар тізімі Сағат  саны Мерзімі
І. Бағдарлау сабағы.
1. Топтың күтімін айқындау. 1  
2. Сабақтың негізгі мақсатын анықтау. 1  
  Топтық ережелер мен қағидаларын белгілеу.    
ІІ. Дамытушылық сабақтар.
3. Мен кіммін. 1  
4. Менің күнделігім. 1  
5. Менің құқығым және өзгенің құқығы. 1  
6. Өзін-өзі тану және жасырмаушылық сабағы. 1  
7. Мен және өзгелер. 1  
8. Мен және біз. Жеке адам, топ, ұжым. 1  
9. Менің әлсіздіктерім. 1  
10. Мен өзгелер көзіммен. 1  
11. Менің мәселелерім. 1  
12. Менің сенімді және сенімсіз жүріс-тұрысым. 1  
13. Көңілсіздіктен қалай шығуға болады? 1  
14. Маған қымбат адамдар. 1  
15. Жетістікке жетудің қыры мен сыры 2  
16. Эмоция және сезім. 2  
17.  Зейін туралы түсінік (дамыту жолдары) 2  
18. Қиял туралы түсінік (дамыту жолдары) 1  
19. Ес және оның түрлері (дамыту жолдары) 3  
20. Ойлау және оның түрлері (дамыту жолдары) 2  
21. Дивергенттік және конвергенттік ойлау 1  
22. Арнайы қабілеттер туралы түсінік 1  
23. Шығармашыл жеке адам (темперамент және мінез) 1  
24. Диагностикалық карта (өзін бағалау) 1  
       
       
ІІІ. Бекіту сабақтары.
25. Өмір өз таңдауымен 1  
26. Менің өмірімнің жұлдызды картасы. Өз-өзіммен келісім шарт. 1  
27. Ұзақ сапар алдында. 1  
28. Қоштасу. 1  

Барлығы 34 сағат.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Мен және өзгелер

 

Мақсаты: Жеке адамдардың жағымды жақтарын бағалаумен қатар, қоршаған ортада адамдарды сыйлауға, бағалауға, сенуге үйрету.

 

  1. Сәлемдесу рәсімі.

 

  1. Жылы сөз.

 

Сіздер қастарыңыздағы адамдардың жеке өзгешеліктерін ескере отырып, ол адамның ешқашан жасамайтын қылықтарын сенімді жылы сөзбен жеткізулеріңіз керек.

 

Мысалы: “Сәлем Жолдас, сен өзіңнен әлсіз адамдарды ешқашан ренжітпейсің, мен сені көргеніме қуаныштымын.

 

  1. Психолог балаларға тапсырма береді:
  • Сіздер дәл қазіргі таңдағы өздеріңізге қымбат 3 адамның суретін салыңыздар.

Сурет салынып болған соң қандай адамдарды салғандары туралы әңгімелейді.

  • Ол кім?
  • Ол адам несімен қымбат?
  • Егер ол өткен шақ болатын болса, қазіргімен қандай байланысы бар?
  • Егер мүмкіндік болса сол адамға деген ризашылық сезімдеріңізді қалай айтып жеткізер едіңіздер?

 

  1. Соқыр мен жол нұсқаушысы.

Топ жұпқа бөлінеді. Қатысушылардың біреуінің көзін байлап. Соққылардан сақтандыру барысында екінші қатысушы жетектеп алып жүруі қажет.

Талқылау:

  • біздің өмірімізде басқа адамдарға сену қажет пе?
  • Кейбір жағдайларда басқаға сену жеткіліксіз болып, сенімсіздікті жоғалтамыз ба?
  • Соқыр адамның кейпінде жүріп өзіңізді сенімді сезіндіңіз бе?
  • Қасыңыздағы жол нұсқаушыңызға толық сенуге деген тілек болды ма?

 

  1. Жарнама.

Қазір көптеген газеттер мен журналдар да әр түрлі жарнамалар бар, соның ішінде өзіне дос іздейтін адамдарды да кездестіріп жатамыз. Шынында жарнама барысында адамдар өздеріне дос тауып қуаныш жаңалықтарымен бөлісуде бір-бірімен хат алысып жатады. Сіздердің міндеттеріңіз, “Дос іздеймін” тақырыбында газетке жарнама мәтінін жолдау. Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз, қандай негізгі қызығушылықтарыңыз бар, басқа адамдарға көмектесуде қандай ісіңізбен қызықтырасыздар?

Мәтінді жариялауда шынайы сөздерді қолданыңыздар.

 

  1. Идеал.

Жарнамаларды оқыған соң оқушылар бірі бірінің арасынан өздеріне дос таңдайды. Ол адамның мінезінің жағымды жақтарын қағазға тізіп жазған соң, оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне ұсынады. Сонан соң балалар қолға тиген әр қағаз иесі туралы қысқаша мінездеме беріп, астына өз есімдерін жазып қояды. Жаттығу барысында оқушы өз қасиеттерінің топтық бағалаудағы бағасын алады.

 

  1. “Шынымды айтсам”.

Біз топ алдында ашық сөйлесуді үйрендік. Сіздерге мына карточкаларда аяқталмаған сөйлемдер беріледі. Осы сөйлемдерге сіздердің нақты және шынайы жауап берулеріңіз қажет.

  • Шынымды айтсам мен мектепке келе жатқанда…
  • Шынымды айтсам мен зерігемін …
  • Шынымды айтсам маған ұмыту қиын …
  • Шынымды айтсам мен әлі білмеймін …
  • Шынымды айтсам маған қазіргі кезге дейін …
  • Шынымды айтсам мен нәрестені көргенде …
  • Шынымды атсам мен … қуанышты боламын.
  • Шынымды айтсам … маған өте қажет.
  • Шынымды айтсам өмірде мен үшін басты нәрсе … .
  • Шынымды атсам …. мен үшін жек көрінішті.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:    Өзін-өзі тану және шындық сабағы

 

Мақсаты: Өзін-өзі тану. Еркін сөйлеу қабілеттігін дамыту.

Құралдар: Сурет салуға арналған қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар, жұмыс дәптері.

 

  1. Сәлемдесу рәсімі.

 

  1. Жаттығу: “Бірақ”

Оқушылар шеңбер бойына орналасып, берілген сөйлемдерді анықтау қажет. Сөйлемдерге мысалдар:

  • Мен бүгін қатты шаршадым, бірақ … .
  • Менің бойым ұзын емес, бірақ … .
  • Мен кейде көпшілік арасында өз-өзімді ұстай алмаймын, бірақ… .
  • Мен жалқаумын, бірақ … .
  • Мен жасықпын, бірақ … .
  • Мен көбіне айқайшымын, бірақ … .
  • Мен көпшілік арасында үндемеймін, бірақ … .
  • Мен тәтті тағам дайындай алмаймын, бірақ … .
  • Мен соңғы бақылау жұмысынан “екі” деген баға алдым, бірақ … .
  • Мен математика пәнін жақсы білмесем де, бірақ … .
  • Мен кейде көп сөйлеймін, бірақ … .

 

  1. Жаттығу. Жүргізуші. Біз бүгін өзін-өзі тақырыбында сөз қозғаймыз. (Жақсы әуен қойылады.)

Жақсы әуен қойылады. Көздеріңізді жұмып, терең дем алып, орындарыңызда жайғасып отырыңыздар. Сіздер тек менің дауысымды естисіздер. Ойларыңызды тыныштық билеп, босаңсыңыздар. Сіздердің денелеріңіздің, саналарыңыздың босаңсығанын барынша сезініңіздер. Әр дем алғандарыңыз сіздерге тыныштық сезімін сыйлауда. Әр демдеріңіз сіздердің бойларыңыздағы қандай да бір үрейлеріңізді ысырып тастауда. Іштей бойларыңыздағы өзгерістеріңіз нәтижелі болуы үшін өздеріңізге сұрақ қоя білуіңіз қажет. Ал қазір өздеріңізге сұрақ қойып көріңіздер.

“Мен қазір не істеп отырмын, не сезіп отырмын.

Енді біз қиялымызды жандандырып көрейік. Сіздер теңіз бетінде қалқып тұрсыздар. Сізде не мақсат, не жол нұсқаушы компас жоқ. Жел қалай соқса, теңіз толқыны сіздерді сол бағытта жылжытуда. Теңіз толқынының әр соққысын Сіздер сезінуге тырысыңыздар. Сіздердің бойларыңызды толқын басып қалып қайта жоғары көтеруде. Күн жылулығын, теңіз толқынын сезініңіздер. Теңіз түбіне батырмай тұрған қандай да бір күшті сезініңіздер. Кейде өмір әр түрлі мәселелермен бойымызды жауып тастап қайта шығарып жатады. Ешқашан өзімізге ие болуымызды жоғалтпауымыз қажет. Ал енді өз өміріңіздегі қуанышты да, бақытты сәттеріңізді естеріңізге түсіріңіздер. Есімізге түсіргеннен соң көздерімізді ашамыз.

  1. Жаттығу: “Борыш және құқық”.

Жаттығу орындарынан тұрып орындалады.

Қолдарымызды екі жаққа созып алақанымызды жоғары қаратамыз. Көздерімізді жұмамыз. Сіздердің алақандарыңызда екі ыдыс тұр. Біреуінде сіздердің борыш-міндеттеріңіз. Ал екіншісінде сіздердің құқықтарыңыз. Қай алақандарыңыздың салмағы ауыр, соны сезініп көріңіздер.

Талқылау.

  1. Сурет. “Ішкі мән”.

Жүргізуші: Қазір сіздер жан дүниелеріңізбен эмоцияларыңызды бейнелейтін сурет салыңыздар. Өз суреттеріңізде сіздер қандай да бір бейне, түрлі түсті бояудағы ою-өрнектер, немесе қандай да бір пейзажды т.с.с. бейнелей аласыз.

(жаттығу соңында жүргізуші суреттерді жинап алады)

  1. Жаттығу. “Сөйлемді аяқта”

Жүргізуші: Кезекпен берліген сөйлемдерді аяқаңыздар.

  • Мен әсем гүлмін, … .
  • Мен еріп жатқан мұз бөлшегімін, … .
  • Мен балық секілдімін, … .
  • Мен әнмін, … .
  • Мен жасыл жайлаумын, … .
  • Мен желмін, … .
  • Мен биік шыңмын, … .
  • Мен қызық кітаппын, … .
  • Мен сары жапырақпын, … .
  • Мен күн сәулесімін, … .
  • Мен тәтті таңертеңгілік аспын, … . т.с.с.

Осы сияқты төмендегідей тақырыптарды алуға болады.

Менің қолымнан … келеді.

Мен … істегім келеді.

Мен де … қасиет бар.

Маған … жасауға болады.

Мен көшеде … .

Мен сыныпта … .

Мен … армандаймын.

Мен сабақта … сезінемін.

Мен … сеземін.

Сабақтың тақырыбы:    Мен және біз

 

Сабақтың мақсаты: тану процессіндегі (настрой) бағытты күшейту, өзін танудағы жалпылау. (Обобщить знания о себе).

Қажетті құралдар: жұмыс дәптері, қаламсап.

 

  1. Сәлемдесу рәсімі.

 

  1. Жаттығу: “Күн … болады”
    • Күн қызықты болады.
    • Күн ұзақ болады.

Жаттығу шеңбер бойынша жүргізіледі.

 

  1. Кіріспе сұхбат.

А) Жүргізуші: Біздің бүгінгі міндетіміз өзін-өзі бағалауды сезіну, түсіну. Өзін-өзі бағалау 3 түрге бөлінеді. Олар:

  • Шынайы бағалау;
  • Жоғарғы бағалау;
  • Төменгі бағалау;

Оқушылар жоғарыда аталған өзін-өзі бағалау түрлері бойынша түсінігін айтып, мысалдар келтіреді.

 

Б) Оқушыларға қойылған сұрақтарға өз орындарынан кезекпен жауап беру қажет.

Жүргізуші: — Сіздер қалай ойлайсыздар, Сіз жақсы адамсыз ба?

Оқушылардың жауаптары.

Жүргізуші: — Сіздер не себептен олай ойлайсыздар?

Оқушылардың жауаптары.

Жүргізуші: — Cіздің ойларыңызша өз-өздеріңізді бағадауларыңыз неге қатысты.

 

Мүмкіндік жауаптары:

Өзімді жақсы білудегі ішкі сезімдеріме қатысты.

Қоршаған ортадағы адамдардың ойы.

Өзіме қаншалықты сенімді болсам соған қатысты.

 

Жүргізуші: Егер адам өзін шынайы бағалай алса ол жақсы. Ал егер өзінің қабілетін бағалай алмаса, өз-өзіне сенімсіз болса, онда оны қоршаған адамдар онымен қандай қарым-қатынас жасай алады?

Оқушылардың жауаптары.

 

  1. Оқушыларды психологиялық икемдеу (настрой).

Жүргізуші: — Жайғасып отырып сіздер ішкі түйсінулеріңізді сезініңіздер. Өз денелеріңізді сезініп, босаңсыңыздар. Сіздер көгілдір аспанға қарап тұрсыздар. Оның шексіздігін сезіңіздер. Денелеріңіз демалуда, ал саналарыңыз белсенді түрде сергуде. Сіздер тек қана менің дауысымды естисіздер және соған бағытталыңыздар. Сіздердің өмірлеріңіз бүгін, ертең, басқа күндері де қуанышты өтеді. Тағдырдың соққыларына төзімділікпен  қараңыздар, ешқашан күш-жігерлеріңізді жоғалтпай тұрақты шешім қабылдаңыздар. Сіздердің күш-жігерлеріңіз бүгін, ертең, басқа күндері бойларыңыздағы қабілеттеріңізді аша түседі.  Сіздердің миларыңыз ақылға толы екенін сезініңіздер. Сіздер ешнәрседен қарықпайсыздар. Сіздердің өздеріңізге деген сенімділіктеріңіз, бойдағы күш-қуаттарыңыз жеткілікті дәрежеде. Жақсы көңіл-күймен жақсы оқып, жетістіктерге жетесіздер. Көңіл-күйлеріңіздің көтерілгенін сезініп, бойларыңызға жаңа күш-қуат сыйлаңыздар. Өйткені сіздер талапты жастарсыздар.

 

  1. Әңгіме.

Жүргізуші: — Сіздер қалай ойлайсыздар, кімде-кімнің өзін-өзі бағалауы жоғары болса, оған қоршаған адамдардың қарым-қатынасы қалай болады.

Оқушы жауаптары.

 

  1. Оқушылардың сыныптастарының арасындағы өзара қарым-қатынастарын анықтау мақсатында тестік тапсырмалар беріледі.

Тест толтыру үлгісі:

1-ші бағанада сынып оқушыларының толық тізімі.

Келесі бағаналарда оқушыларға қойылатын сұрақтар орналасады.

Тест сұрақтары:

  1. Сен туылған күніңе осы сынып оқушыларын шақырар ма едің?
  2. Сен қалай ойлайсың, осы сыныптастарыңның арасынан қайсысы сені өз мерекесіне шақар еді?
  3. Сендер достарыңызбен саяхатқа шығуға мүмкіндік пайда болды, қай сыныптасыңды өзіңмен ертер едің?
  4. Ал егер саяхатқа достарын жинауда оларда мүмкіндік туса достарыңның қайсысы сені шақырар еді.

Тест социометриялық әдіс бойынша бағаланады.

 

  1. Сабақты қорыту. Ашық анкета.

Барлық оқушылар өз орындарынан кезекпен төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгінгі сабақта сіздергі не ұнады?
  • Не ұнамады?
  • Сізде эмоционалдық көңіл күй өзгердіме?

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Менің мәселелерім

 

Мақсаты: Оқушылар өз мәселелерін сезіне білуде,  қиындықтарды жеңе  білуге және одан шығу жолдарын қарастыра білуге үйрету.

 

  1. Сәлемдесу рәсімі.

 

  1. Жаттығу: “Кіріспе сұрақ-жауап”.

Оқушылар кезекпен топ алдына шығып теріс қарап тұрады. Қалған оқушылар топ алдындағы оқушыға әр-түрлі сұрақтар қояды. Сұрақ қою барысында олар дауыстарын, өзгертіп (біресе сыбырлап, біресе қатты шығарып, дауыс ырғағын әр түрлі шығарып) қоюы тиіс, осы кезде жауап беру алдында топ алдында тұрған оқушы сұрақ қойған сыныптасының атын айтуы қажет. Егер де ол сұрақ қойған адамды дұрыс таппаса, оны топ мүшелері жөндеп отырады. Сұрақта саны барлық топ мүшелеріне бірдей беріледі.

 

  1. Жаттығу: “Менің мәселелерім”

А. Күнделікті өмірде біз әртүрлі мәселелермен кездесіп отырамыз. Сол қиындықтар кейде біздің өмірімізді қиындататын кездері де болады. Егерде жақсылап ойланатын болсақ, осы мәселелерді шешу жолдарын табу өз қолымыздан да келеді.

Мына мысалды қарастырып көрейік:

Бүгін істелетін істі ертеңге қалдырып, ісіміз дер кезінде орындалмай қалады. Егер біз күнделікті істейтін ісімізді дұрыс жоспарлап отырсақ, барлығына үлгеріп отырамыз. Бұндай мәселелерді шешу өз қолымызда.

Балаларға осындай жағдайларды естеріне түсіріп, өздеріне кездескен осындай мәселелері жайында жазуға уақыт беріледі. Жаттығу соңында әрбір оқушы өзінің жазған жұмыстарымен топ мүшелерін таныстырады.

 

Б. Психолог оқушыларға мәселе түсінігін толығымен талқылауға қатысты өз көз қарастарын білдіруге шақырады.

 

В. Күнделікті өмірде кездесетін мәселелер талқыланады. Қандай да бір мәселе таңдалады да, қатысушыларға психологиялық жақтарын ашып көрсету керек.

Мысалы: Мен сабаққа дайындалайын деп жоспарлап отырсам, бітпейтін істер көбейіп кетеді. “ Ал енді,  не үшін осы мезетте басқа істер табылады” —  деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Жауаптардың ішінен “жалқаулық” сөзі көп кездеседі.

Психолог: жалқаулықтың соңында не тұр, ол барлық жеке адамдарға қатысты ма?

Психолог: жалқаулық қайдан пайда болады, яғни ішкі принциптер (өзімді еріктендіре алмаймын, тағы да бір сәтсіздіктен қорқамын). Ал сыртқы принциптерге келетін болсақ (достарым ойынға шақырады, ата-анамның тапсырмаларын орындаймын, үй шаруашылығымен айналысып кетемін т.с.с.). негізгі қажеттілікті қанағаттандыруда болатын кедергілер себептері қандай да бір тербеністерді тудырады.

Психолог: балаларға жалқаулық туындағанда пайда болатын түйсінулерді естеріне түсіндіруді сұрайды.

Оқушылардың жауаптары:

Тапсырманы орындау қажеттілігін ұмытып кетіппін, басым ауырады, шаршаймын, әлім жоқ…

Ал мұның барлығы осы сәтте балаларда психологиялық механизмдері пайда болады. Әр түрлі ойдың туындауынан жүргізуші топты талқылауға шақырады.

Сіздер жасағыларың келмеген жұмысты бітіріп, мәселеден шыққан жағдайларды естеріңе түсіріп көріңіздер.

  1. Жеңу.

Өмір – бұл күрес. Бұл сөзді сіздер жиі естисіздер. Иә онымен келіспеуге де болады. Шынымен қоршаған ортамен өзара келісіммен тыныштықта өмір сүрейік. Бірақ өмір біздің алдымызға қиындықтар мен әр түрлі мәселелер қойып отырады. Біз оны жеңіп, өткеру керекпіз. Сіздер өз өмірлеріңізде осындай қиындықтарды жеңген кездерімізді еске түсірейік және осы қиындықтарды жеңуге не көмектесті.

Оқушыларға тапсырма. Оқушылар қиындықтарды жеңу жолдары жайлы пікірлерін дәптеріне жазады.

 

  1. Ойын “Қолтырауын”

 

  1. Қорытындылау.