Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы

«Қызғалдақ»  мектепке дейінгі бөбекжайының психологі

Қарабалина Дина Махметқызы

Тақырыбы: Менің бақытты отбасым


Өткізілген күні:13.09.2014ж


Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін ұғындыру.Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырылымдықты,сыйластықты достық қарым-қатынасты қалыптастыру,  бір – біріне деген сенімді нығайту.
Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ. Тақтаға: «Біз әкем, шешем, мен — дос, бақытты жанұямыз!» және ағаш жапырақтарына әр жанұяның толық түскен суреттер жапсырып ілінеді.
Кіріспе сөз: Қымбатты ата — аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз, отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.
І. Танысу.
Ата — аналар өздері, отбасы туралы айтып, таныстырады.
ІІ. «Мен қалаған түсім».
Қазір сіздер үстел үстіндегі қалаған түстеріңізді таңдап, әр түске сәйкес топқа бөлінесіздер.
Қызыл түс — энергия түсі, ол адамды іс – әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сенімді, жігерлі, мінез — құлқы батыл тұлға.
Сары түс — көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдағандар – іскер, мінез — құлқы мықты, жаратылыстану пәніне жақын.
Ақ түс — өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.
ІІІ. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.)
Кәне,бәріміз көзімізді жұмайық!Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап — таза, жап — жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі — түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі.
ІҮ. Ойын « Ата — ана мейірімі».
Ата — аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, бояп, гүлдестеге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой — пікірлерін айтады.
Ү.Ситуациялық сұрақтар:.
Ата — аналар әр топқа берілген жағдаятты оқып, өз ойларын айтады.
І топқа: Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
ІІ топқа: Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қояды. Сіздің балаңыз осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?
ІІІ топқа: Кейбір ата — аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс — әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
ҮІ. Мақал — мәтел.
І топқа: Әке — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
ІІ топқа: Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол, қызың өссе қызы үлгілімен ауылдас бол.
ІІІ топқа: Бала жас шыбық сияқты, қалай исең, солай иіледі.
Ата — аналар топ бойынша мақал — мәтелдің мағынасын өз ой — пікірлерімен ортаға салады.
ҮІІ. Қорытынды.

Құрметті ата-аналар! Қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық! Тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Отбастарыңызға жанұя бақытын тілеп,тренингімізді аяқтай келе,қолымыздағы жіпті жалғастыру арқылы әр отбасы тренингтен алған әсерлеріңізді айтып,бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.