- Т
Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы
«Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайының психологі
Қарабалина Дина Махметқызы
МАД тобы балаларымен жүргізілген психологиялық ойын
Тақырыбы:«Шуылдақтар–сыбырлақтар-үндеместер» ойыны. Мақсаты:Балалардың түстерді айыра білуін бақылау,ойынға қызығушылықтарын арттыру. Керекті құралдар:Үш түсті алақан кескіндері, шарлар. Жүру барысы: Балаларға үш түрлі – қызыл, сары, көк түсті алақан кескіндері ұсынылады. Бұл белгілер (сигналдар). Жүргізуші адам қызыл алақанды «шуылдақты» көтергенде – жүгіруге, айқайлауға, қатты шулауға болады; ал сары алақанды – «сыбырлақты» көтергенде – жайлап қозғалып, сыбырлап сөйлесу керек, көк алақан көтерілгенде «үндемес» белгісі – балалар қозғалмай бір орында отырып немесе жатып қалу керек. Ойынды «үндемеспен» аяқтаған дұрыс.
|