Абдрахманова  Бақытжамал  Насихатқызы

Каспий  өңірінің  қазіргі  заманғы  колледж

Жоғарғы  санатты  физика  пәнінің  мұғалімі

 

 

 

Тобы:                                         10.14.21

Пәні:                                          Жалпы электротехника

Тақырыбы:                              Кирхгоф заңдары

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:  Кирхгоф заңдарын ұғындыру,күрделі тізбектерді есептеуде Кирхгоф

заңдарын қолдана білу.

Дамытушылық:

Теориялық  білімдерін стандарт емес жағдайларда қолдана білу қабілеттерін

дамытуды жалғастыру, әр түрлі көздерден қажетті ақпаратты пайдалану,

алған тапсырмаларын жауаптылықпен орындау.

Тәрбиелік:

Дүние танымын  қалыптасуды  жалғастыру, үнемі  жауап  беруге  ұмтылысын,

команданың нәтижесіне жауаптылық сезімін қалыптастыру.

Сабақтың  түрі:                      Аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері:   Интерактивті тақта, тақырыпқа сай

сызбалар,үлестірме материалдар

Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: 1. В.Е.Китаев. Электротехника  және электроника негіздері.  п:21 47бет.

2.А.Медетбекова. Электротехниканың теориялық негіздері. п: 2.12 22 бет

  1. С.Б.Балабатыров.Электротехниканың теориялық негіздері. п: 1.3 25 бет

Сабақтың жоспары:             I. Ұйымдастыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Жаңа сабақты бекіту
  2. Бағалау
  3. Үй тапсырмасын беру

Сабақтың өту барысы:   

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру

б) Сабақтың  мақсатын түсіндіру,журналмен жұмыс

II.Үй тапсырмасын тексеру

«Білу»  Сұрақ-жауап.

1.Өткізгіштерді тізбектей жалғау  дегеніміз  не?

2.Өткізгіштерді параллель жалғау дегеніміз не?

3.Қандай тізбекті күрделі тізбек дейміз?

4.Өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?

5.Өткізгіштерді  параллель жалғаған кезде тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?

«Түсіну»   Кестені толтыр

Өткізгіштерді жалғау тәсілдері Ток күші Кернеу Кедергі Схемасы
Тізбектей        
Параллель        

 

«Қолдану» Ауызша жаттығу

1.Әрқайсының кедергісі 1 Ом болатын резисторлар

суреттегідей жалғанған.тізбектің жалпы кедергісі неге тең?

 

  1. Кедергілері 2Ом,3Ом,5Ом резисторлар суретте көрсетілген сұлба бойынша

қосылған.Тізбектің жалпы кедергісін анықта.

 

Жана сабақты баяндау

ТҮЙІН- үш немесе одан да көп өткізгіштер тоғысатын электр тізбегінің нүктесі.

 

 

 

 

 

 

 

Тармақ – екі  түйінді  қосатын  электр  тізбегінің  бөлігі

КОНТУР-электр  тізбегінің тұйықталған бөлігі.

Контурдағы токтар мен ЭҚК-дің бағыттары контурдың

айналу бағытымен сәйкес келсе оң (+) таңбамен,

сәйкес келмесе теріс (-)  таңбамен алынады.

 

Кирхгофтың  I-ші заңы

Электр тізбегінің түйініндегі токтардың алгебралық  қосындысы нөлге  тең.

I1 +   I2 -I3=0

Түйінге  кіріп  жатқан токтардың қосындысы, түйіннен  шығып  жатқан токтардың   қосындысына тең.                                       I1 +   I2 =I3

Кирхгофтың  II-ші заңы

Электр  тізбегінің  контурындағы ЭҚК-дің алгебралық қосындысы осы контурдағы кедергілердегі кернеулердің алгебралық қосындысына  тең.

ε1 – ε2=I1(R1+r01)- I2(R2+r02)

 

  • Контурдағы токтар мен ЭҚК-дің бағыттары контурдың  таңдап алынған айналу бағытына сәйкес келсе- оң (+)таңбамен,
  • сәйкес келмесе- теріс (-) таңбамен алынады.
  • Контурдың айналу оң бағытына   сағат тілінің айналу бағыты алынады.
  • Контурдағы токтар саны тармақтар санына тең.

Тұрақты  ток  тізбектерін Кирхгофтың IIIші заңдарына құрылған теңдеулер әдісімен  есептеу  тәртібі:

1) Тармақтардағы токтың оң бағытын қалауымызша таңдап аламыз,схемада көрсетеміз.

2) Контурдың айналу бағытын қалауымызша таңдап аламыз.

3) Кирхгофтың  I–ші заңы бойынша схемадағы түйіндер  санынан 1-ге кем

(п-1) теңдеу құрамыз.

4) Кирхгофтың –ші заңы бойынша тармақтар санынан  Кирхгофтың –II-ші

заңына құрылған теңдеулер санын алып тастағанға тең   теңдеу құрамыз.

 

“Білу”   I- деңгей.   Ауызша жаттығу

1 Сұлбада неше түйін бар?
2 Сұлбада неше тармақ бар?
3 Неше контур бар?
4 Белгісіз токтар саны нешеу?
5 Кирхгофтың 1-ші заңына неше теңдеу құрамыз?
6 Кирхгофтың 2-ші заңына неше теңдеу құрамыз?

 

 

“Түсіну” II-деңгей.

  Кирхгофтың 1-ші заңы
  1-түйін үшін  
3- түйін үшін  
4-түйін үшін  

 

  Кирхгофтың 2-ші заңы
Контур 1-2-3-1  
Контур 1-6-3-1  
Контур 3-4-6-3  
Контур 4-5-6-4  

Жаңа сабақты бекіту

«Қолдану» Есеп шығару арқылы белгісіз токтарды анықтау.

 

 

 

 

5.Қорытындылау

6.Үйге тапсырма: 

В.Е.Китаев. Электротехника  және электроника негіздері.  п:21 47 бет.

А.Медетбекова. Электротехниканың теориялық негіздері. п: 2.12 22 бет

С.Б.Балабатыров.Электротехниканың теориялық негіздері. п: 1.3 25 бет

Есеп

Құрылған теңдеулерді пайдалана отырып, сұлбадағы белгісіз токтарды тап