Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Әлия ауылы     Мазмұндама

Қазақ хандығының 550 жылдығы            Орындаған: Әлия Молдағұлова

атындағы орта мектептің

қазақ тілі және қазақ әдебиеті

пәнінің мұғалімі Жанаева .Ж.

 

 

 

Тәуелсіздік әр тірі жан үшін қымбат. Тәуелсіздік – бақыт . Сол бақытты қолына ұзақ күтумен, аңсаумен қолға қондырған елдердің бірі- Қазақстан. Осы егемендікке жету жолында талай адамдардың  қаны төгілді. Осы сәтті қаншама ата-бабаларымыз  армандаған. Сол армандаған күнге жеткенімізге 24 жыл болды. Тәуелсіздік – ең басты байлық, қазынамыз. Біздің қуатымыз, күшіміз- бірлік.

Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігін жариялады.  Қазіргі кезде тәуелсіздігімізге 24 жыл.  Біздің ел осы уақыт ішінде талай биіктерді бағындыра білді. Соның бірі, біз тәуелсіздік алған алғашқы жылда елімізді 108 мемлекет  таныды.  Еліміздің тәуелсіздігіміздің белгілері болып: гимніміз, елтаңбамыз, туымыз және ұлттық валюта- теңгеміз.

Біздің тағы бір жетістігіміз ЭКСПО- 2017 көрмесі. Оны өткізуші – Астана.  Бұл дүниежүзілік көрме- технологиялық жетістіктерді көрсететін алаң. Қазақстан бұл көрмені “Болашақтың энергиясы» деген тақырып қойды. Осы ЭКСПО арқылы біздің ел оданда жақсы дамиды деген ойдамын.

Тәуелсіз елдің тұңғыш, әрі қазіргі басшымыз, Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен алғашқы президент сайлануда Н.Назарбаев.Ә. осы басымдықпен дауыс жинап сол кездегі Қазақ КСР-інің президенті болып сайланды. Осыдан соң, 15 күн өткеннен кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің берген антын толығымен өтеді деп ойлаймын. Қол жеткен жетістіктер Қазақстан халқының еңбексүйгіштігімен және Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев  Әбішұлының саясатының арқасында деп ойлаймын.

Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз отыздай ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, кеңшілігі керемет, егіні теңіздей толқыған, төрт  түлік малы маңыраған, жусан иісі аңқыған, көк байрағында көк туы желбіреген ел.

Қазыбек би бабамыз:

Алтын ұяң- Отан қымбат.

Туып- өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

-деп  XVIII-ғасырда жырлап кеткен екен. Ал бауыржан Момышұлы

« Опасызда Отан жоқ» десе, қарт Жамбыл «Отан десем, ойыма, Шалқыған байтақ жер, көгілдір тартқан көл, қойны құт, Отаныма ешқашан мекен де болмас тең келер!» — деп , ел, туған жері туралы шын жүректен жырлаған екен . бұл ақын , жазушылардың әр сөзінің астында терең мағыналы ой жатыр.

Өз жандарын жамау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың кең байтақ жерін қорғады, ақ сүт берген анасын, шат күлкі шашқан балдай тәтті баласын қорғады. Ата – әжелеріміздің құлағында « Отан үшін алға!», « Бәрі де жеңіс үшін!» деген ұрандары әліде жаңғырып тұр. Біз , бүгінгі ұрпақ, Отанға деген сүйіспеншілікті, шыдамдылық пен шыншылдықты, қайсарлық пен табандылықты, тілін, дінін сүюді алдыңғы буындағы аға- әпке тұлғасына қарап үйренеміз.  Отанына шын берілген қазақтың ұлтжанды ұрпақтары барда олардың есімдері мәңгі жасай береді.

Қорытындылай келгенде біздің еліміздің ең басты қол жеткізген  жетістіктерінің ең бастысы  ол – тәуелсіздік . тәуелсіз болу қиын, сол тәуелсіздікті сақтау оданда қиын . тәуелсіздікті сақтау үшін  әр адам портриот болуы тиіс.

Қорытындылай келе шығарманың соңын өз өлең жолдарыммен аяқтағым келеді.

Қазағымның тебіреткен жүрегін,

Қазагымның елжіреткен тірегін.

Қазақ тілім өзің барда мен бармын,

Өшпейсің сен мәңгілікке тілегім.

Сенің арқаң 90 түрлі жыр жазам,

Сенің арқаң халқымменен сырласам.

Өшпей тұғын сенің мәңгі тарихың ,

Мен өскен соң сен туралы үн жазам.

Тамыры терең сіңген сонау бабамнан.

Бабаларым бар ел билігін қолдаған.

Керей мен Жәнібек қалаған,

Хандығым бар 550 жылдығын тойлаған.

Халқым бар қазақ атты, таза қанды,

Жерім бар жусан иісін таратқанды.

Елім бар қазақ деген аты сіңген,

Кедей боп кетсемде байлығым осы өшпес мәңгі.