ШҚО,Семей қаласы ,№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие  беру   мектеп-кешені КММ

 Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі: Омарханова Шынаргүл Лазетбекқызы

 

Сыныбы: 11

Пәні:физика

Сабақтың аты §6.7 Рентген сәулелері.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø Рентген сәулелері, оның пайдасы мен зияны жайлы мағлұмат беру

Ø Рентген сәулелерінің өмірде қолданылуымен танысу

Ø Топта      бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Рентген сәулелері, оның пайдасы мен зияны жайлы мағлұмат алады

Ø  Рентген сәулелерінің өмірде қолданылуымен танысады

Ø  Топта     бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар 1895 жылы В. Рентген ашқан.

Рентген сәулелері — жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10-12-10-9) электромагниттік сәулелер.

Рентгендік сәулелердің тууын классикалық электромагниттік теория негізінде түсіндіру

Жылдам электрондар металл атомдарымен соғылғанда, олардың ядроларының кулондық  өрістерімен өзара әрекеттесуі салдарынан тежеледі. Тежелу барсыныда жылдам электрондар біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады:

∆Е=Е1-Е2

Е1,Е2 -электронның әр түрлі күйлеріндегі кинетикалық энергиялары,

∆Е – электронның жоғалтқан энергиясы.

Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді:

∆Е=hν

Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.

Рентгендік түтікше

К-катод-термоэлектрондар көзі.

Ц-цилиндрлік электрод.

А-анод (W, Cu, Pt)

 

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс
Жұптық  жұмыс
Шығармашылық   жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

  • Топқа бөлу. Әр оқушы қораптан түсті қағаздарды алып, сол бойынша 3 топқа бөлінеді.
  • Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Ертегі құрау — еркін ойлау стратегиясы

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу

1.Миға шабуыл-әр топ өзіне берілген сұрақтарға тез әрі жылдам жауап берулері керек.

1- топқа арналған сұрақтар

Жылулық сәулелену  деген не?

Винн заңын айтып теріңдер?

Люминсценция деп нені айтамыз?

Фотоэффект дегеніміз не?

Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуін жазыңдар

2- топқа арналған сұрақтар

Интегралдық энергетикалық жарқырауға анықтама беріңдер?

Стефан-Больцман заңын тұжырымдап, оны жазыңдар

Стокс ережесін айтып беріңдер?

Фотоэлементтер деген не?

Фотон дегеніміз не.

3- топқа арналған сұрақтар

Абсолют қара дене деп нені айтады?

Біп квант энергиясы неге тең?

Фотоэффектінің тәжірибелік заңдарын айтып беріңдер..

Фотонның энергиясы мен массасын өрнектейтін формулаларды жазыңдар

Фотон импульсы неге тең?

2.Жүйрік болсаң озып көр— әр топқа аяқталмаған формулалар беріледі, керекті жерін толтыру керек.                                ( смаиликпен бағалау)

ІІІ. 1.Сабақ мақсатын топпен ақылдасып қою.

  1. Сабақты түсінутоппен жұмыс  

 Оқулықтағы тақырыпты 3 топқа оқуға бөліп беру, жұппен, топпен өздеріне берілген тақырыпшаны

бір-біріне, сосон басқа топтарға түсіндіру.

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

  1. Рентген сәулелерінің пайдасы мен зияны— кіші ғылыми жоба және кішігірім пікірталас ( 1,2 топ оқушылары дайындаған жұмыстарын презентация, бейнесюжет арқылы интернет ресурстарын қолдана отырып көрсетеді, 3 топ қол шапалақтау арқылы бағалайды)

ІҮ. Сергіту сәтін өткізу (оқушылар жағымды музыка әуенін тыңдай отырып, болашаққа көз жүгіртеді, ойларын ортаға салады)

Ү.Жұппен жұмыс                                                                                                                                                                                     Есептер шығару-әр топтың аналитиктері берілген есептерді шығарып, тақтаға жазады, түсіндіреді. (жұлдызшамен бағаланады)

№1

Толқын ұзындығы 500 нм көрiнетiн жарық фотонының импульсiн табыңыз.

№2

Фотон энергиясы, бастапқы жылдамдығы 106 м/с және 4 В потенциалдар айырымымен үдетiлген электронның кинетикалық энергиясына тең. Фотонның толқын ұзындығын анықтаңыз.

№3

Фотон массасы, электронның тыныштық массасына тең болатын сәуле шығарудың толқын ұзындығын табыңыз.

№4

Энергиясы электронның тыныштық энергиясына тең фотонның импульсiн табыңыз.

№5

1,24 пм толқын ұзындығы сәйкес келетiн электронның энергиясы фотонның энергиясына тең болу үшiн, ол қандай үдетушi потенциалдар айырымынан өту керек ?

ҮІ. Сурет пен алғашқы әскери даярлық пән мұғалімдерінің хабарламаларын тыңдау,сұрақтар қою

ҮІІ.Топ жетекшілерінің бағалауы .Топтың  пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

ҮІІІ.Рефлексия-кері байланыс. « Плюс-минус-қызықты» әдісі.

 

Плюс Минус Қызықты

 

Кейінгі тапсырмалар Жарық кванттары туралы эссе жазу
Кейінгі оқу §6.7 .Рентген сәулелері