«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп МДШО» МКМ

                                 Алдыбаева Р.Б кітапханашы

                       Жүз жасаған бәйтерек

                           Әдеби кеш

Мақсаты:ХХ ғасырдың  Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың өмірі,шығармашылығымен таныстыру,ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату,олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,патриоттыққа тәрбиелеу.

Қөрнекілігі: «Жыр алыбы» кітап  көрмесі,слайл,қанатты сөздер.

Кітапханашы: Балалар биыл жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдығы,Республика көлемінде кең ауқымда аталып өтуде.Біздің Ж.Бәрібаев атындағы орта мектепте де Жамбыл атамыздың  туған күнін атап өткелі отырмыз.6-10 сынып аралығында өткізгелі отырған «Жүз жасаған бәйтерек»

атты әдеби кеште Жамбылдың өмірбаяны,балалық шағына саяхат,әлеңдері оқылады.Бәріңізге  сәттілік тілей отырып кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші

Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып — соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
Руға, атаға, бай мен кедейге бөлінген ол кездегі ауыл ішінде Жамбыл кейбір ақындардың байларды мақтайтынын, керісінше, бірсыпырасының еңбекші халық мүддесін жақтайтынын көреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды.Алғашқы өлеңдерін шығарып Сүйінбайдан бата алады.
Ж.Жабаев «Ақын болдым он үште» оқитын 8 сынып оқушысы Қуатбек Ақжүніс

2 жүгргізуші: Әкесі Жабай Жамбылды оқуға алып, келіп молдаға тапсырады.Молда күнде оқытып отырып баланың дорбасын аңдиды.Егер балалар дорбаға ештеңесалып әкелмесе балаларды ұрып-соғатын болған.Осыған ызаланған  бала Жамбыл «Шағым»өлеңін шығарады.

 

Көрініс: «Шағым» өлеңінен орындайтындар:

Бала Жамбыл –Үркінбаев Д. 1-сынып оқушысы.

Молда  -Қуат Аманай 9-сынып оқушысы.

Әкесі —  Ардақұлы Эльдар 9-сынып оқушысы

1 жүргізуші:Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады.
Айкүміс пен Шашубайдың айтысынан үзінді орындайтын:6 – сынып оқушылары Атығаева Ажар,Көбеев Дастан

2 жүргізуші:1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып, көтеріліске белсенді қатысады. Ақын өз өлеңдерімен көтеріліске қатысушыларды патша режиміне қарсы тұруға шақырды. Осы жылдары Жамбыл «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» атты өлең-жырларын шығарды.Кезекті  өлеңге  берсек.

Ж.Жабаев «Патша әмірі тарылды» оқитын 9-сыныпоқушысы Ардақұлы Эльдар.

 Ж.Жабаев «Зілді бұйрық» оқитын 10-сынып оқушысы Нұрханова Динара.

 1 — жүргізуші: Жамбыл 1917 жылғы қазан төңкерісінен куәгері болып, қазақ халқы өмірінің барлық жағынан жаңаруын өз көзімен көрді.1919 жылы Жамбыл Жетісу ақындарының слётына қатысты.1934 жылы Жамбыл халық өнерпаздарының I республикалық съезіне қатысып, нағыз халық ақыны екендігін дәлелдейді.1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігінде өз өнерін көрсетті.

Ж.Жабаев «Алатау» оқитын 8-сынып оқушысы  Ермуханова Камила .

Ж.Жабаев «Менің өмірім» оқитын 9-сынып оқушысы Елшібай Балауса .

 

 

 

 

2-жүргізуші:

1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұламат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. 1941 жылы Жамбыл Жабаев Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Ж.Жабаев “Ленинградтық өренім”- оқитын 8 сынып оқушысы Елшібай Гүлжаухар. «Отанды сүй» — оқитын 8-сынып оқушысы Жұлдызбек Медет.

1-жүргізуші:

Соғыс жылдарындағы аса бір қайғылы өлеңі – баласы Алғадай соғыста ерлікпен қаза болғанда айтқаны. Ақын өз қайғысы арқылы бүкіл ел қайғысын осы өлең арқылы танытып, жауға деген өшпенділікті күшейтіп, ерлікке жігерлендіре түсті.

Ж.Жабаев «Алғадай» — оқитын 9 сынып оқушысы Жантурсынова Мадина.

2-жүргізуші:

Жамбылдың Отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. Бұл қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы» , т.б. ұзақ жырлары бар. Жамбыл тек төкпе ақын ғана емес, сонымен бірге тамашы жыршы да күйші болған. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», түрікменнің «Көрұғлы», шығыстың «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», т.б. жыр-қиссаларын жатқа білген, сағаттап, тіпті тәулік бойы талмай жырлайтын болған.                          

Ж.Жабаев.  «Өтеген батыр» -оқитын 10 сынып оқушысы Климашова Кристина.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:

Өмірінің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл атамыз 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда  дүниеден өтті. Ұлы ақын денесі өзі өмір сүрген Алматы облысы, Жамбыл ауданында жерленген. Басына үлкен кесене тұрғызылып, ауыл ортасында ақынға арналған мұражай бар. Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Біздің ауданымызда да Жамбыл атында екі мектебіміз бар.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман-аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды  иеміз.