Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы
мектеп педагог-психологы
Бекбергенова Жанар Жақсыбайқызы

Менің таңдаған мамандығым.
Мақсаты: оқушыларға кәсіп таңдауда өзінің қалауы және бойында бар қасиеттерге сүйене алуға, қолынан келетін істі ары қарай дамытуға бағыт-бағдар беру.
Міндеттері:
-Оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі табуы;
-Мамандықты дұрыс таңдау, өзінің бойындағы қасиетті тануы;
-Мамандық таңдау кезіндегі ойлау мєдениеті және кәсіптік сауаттылығын қалыптастыру;
Тренинг тақырыбы: «Елсіз арал»
Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамыту арқылы, қиындық кезеңнен өтуде, ынтымақты болуға үйрету;
Қандай мамандықтың көмегіне сүйену керектігін, әр мамандықты өзіндік ерекшеліктерінің бар болуын сезінуге бағыттау.
Көрнекіліктері: Слайд, суреттер, ақ және түрлі-түсті қағаздар ,бояу қарындаш, фламастерлер, жайлы әуен.
Жүргізуші: Сіздер, барлықтарыңыз, әдемі желкенді кемеге отырып, саяхатқа шықтыңыздар. Демалып, күш жинап, көңілді көңіл-күймен қайтамын,- деп ойладыңыздар?!…Алайда теңіз ортасына жете бергенде, қатты дауыл тұрып, бір сәтте қорқынышты жағдайға тап болдыңыздар. Ал сіздер құдіретті күштің арқасында аман-есен қалдыңыздар. Сіздердің тұрған жерлеріңіз елсіз, айдаладағы арал болып шықты.
Сіздерді бұл жерден табу мүмкін емес.Сіздердің мақсаттарыңыз қалай да аман қалу… Апаттың өте қиын болғанын еске түсіріңіз. Біраз уақыт өз еліңізге, қалыпты өмір сүруге қайта алмайсыз. Мұндай кезде адамдар айқайлап, есі шығып, не істерін білмей аласұрып, адамдық кейіптен айырылады.
Осындай жаѓдайқа тап болған сіздер, жағдаяттан шығуға міндеттісіздер.
Нұсқау:
1.Осы аралды жан-жақты зерттеу;
2.Қолда бар заттарды жинастырып, қажетке жарату.
1.Тапсырма: Елсіз арал туралы жинаған деректер бойынша баяндау;
Елсіз аралдың картасын салу, оған ат қою.
2.Тапсырма: Мамандық таңдау, осы елсіз аралда өмір сүруге қажет кәсіпті
таңдау.
Осы мамандықты таңдау арқылы, достарыңа, өзіңе
қандай көмегі бар, сол туралы қағазға түсіріп,оны қорғау.
3.«Презентация»
(Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қорғап шығады.)

Демалыс уақыты:
Жайлап отырыңыздар қолдарыңызды тізелеріңізге қойыңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар. Аздап тынығып алыңыздар. өздеріңізді үлкен теңіздің жағалауында, көл үстінде дем алып отырмын,- деп ойлаңыздар. Әдемі де, ерке жайлы толқындар , осы жерде біраз болып, дем алыңыздар.
(5 минут жайлы әуенмен дем алу.)
Дем алып болсаңыздар, қайтып оралыңыздар.
Өте жақсы. Көздеріңізді ашып, қозғалысқа түсуге болады.
Рефлексия:
-Тренинг сіздерге ұнады ма?
-Қандай қиындық болды?
-Мамандық таңдауда қандай ортақ пікірге келдіңіздер?
Қорытынды: Сіздердің «елсіз аралдағы» саяхаттарыњыз сәтті аяқталды. Аралдың үстінен ұшып бара жатқан ұшақ, сіздерді тауып, өз елдеріңізге қайтарды. Бірақ аз уақыт емес 5-жыл уақыт өтті. Қазір әрқайсысымыз қалаған мамандықтарыңызды иеленіп , жас та болса да мамандық иесі атандыңыздар. Сіздерге тек сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға рахмет!

Қазақстанның болашағы – біздер!
(эссе)

Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол!Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

Өмір, салауатты өмір, осы бір қарапайым сөзді айтқанда, мен неге тебірене кетемін, неге бұрын ойланып көрмедім? Мектепте салауатты өмір салтын сақтау туралы көп мәселерлер айтылды. Сонда әркімнің өз өміріне жаны ашымайды ма?- деп ойланып қалдым. Қазіргі кезде белең алып келе жатқан, нашақорлық бүкіл әлемді уландырып, жастарды тура жолдан тайдыруда.
Мен оқушымын, ауылда тұрамын. Бірақ менің өмірге деген көзқарасым ерекше.Біздің ортамызда жаман әдеттермен айналысатын оқушы жоқ. Бірақ ертең оқу бітіріп қалаға барғанда қандай ортаға тап боламыз, оны ешкім айта алмайды ғой. Заман талабына сай, еліміздің абыройын асыратын азамат болу бәріміздің арманымыз.
Мен өз басым темекі шегу, ішімдік ішу, наша дегендердің бәріне қарсымын. Ата-бабамыз ішімдік ішпей-ақ қымыз, шұбаттарын ішіп денсаулықтарын күткен.
Ал қазір ішімдік ішкен адамдар жоқпа? –Бар. Көшеде үйсіз-күйсіз қалған адамдар қаншама? Солар біраз жыл бұрын осындай күйге түсем деп ойланды ма? Далада кезбе боламын деді ме? Адам басына сәл қиындық түсе, уайым-қайғыны осы ащы сумен басамын деп, күнделікті ішімдікке тәуелді болғанын білмей қалады. Әрнәрсенің шегі бар екенін түсіне алған адам — ең мықты адам. Өз ерік-жігеріне ие бола алатын адамдар қаншама. Өмірдің жазы мен қысы қатар жүретінін әркім білу керек. Білетін адамдар бар, мен оған сенімдімін. Өмірімізді бағалай алайық адамдар!- деп айқайлап айтқым келеді. Жер бетінде өмір сүретін әрбір адамның бақытты болуға ұмтылуы қажет. Өмірді бағалау – ол ұзақ та, зор денсаулық, жалындаған жастық, терең білім, жалпы адамдық болмысыңды жоғалтпау.
Өз достарыма, жастарға — Қазақстанның азаматы өздеріңсіңдер! Еліміздің туын көтеретін біздерміз. Сондықтан да жаман әдеттерден аулақ болып, өз бойымыздағы ізгілікпен пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін және оның әдептілік нормаларын сақтап, қоғам алдындағы міндет пен жауапкершілікті терең сезінуіміз қажет. Қазақстанның болашағы- біздерміз!

Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Қоянкөз ауылы
Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп МДШО КММ 11 сынып оқушысы
Абдрахман Арунай