Алматы  облысы,   Алакөл  ауданы,   Үшарал қаласы

Педагог М.Мыңбайұлы  атындағы  орта  мектеп  КММ

География пәнінің мұғалімі:  Кукеева Мейрамгуль Аминновна

Сыныбы 7-сынып
Тақырыбы Солтүстік  Американың халқы мен  елдері.  АҚШ
Сілтеме 1.Материктер мен  мұхиттар  географиясы.  Карпеков Қ.Д,  Айтақынова Ш.  7 сынып,  Астана  «Арман  ПВ»  баспасы

2.Материктер мен  мұхиттар  географиясы. Ә.Бейсенова,  С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова  7-сынып, Алматы:Атамұра

Мақсаты Оқушыларға Солтүстік Американың байырғы халқы, олардың қалыптасуы,  қоныстануы, материктегі  елдер  жөнінде түсіндіру.  АҚШ мемлекетімен  таныстыру.
Күтілетін  нәтиже Оқушылар Солтүстік Америка материгінің қазіргі кездегі халқының саны жөнінен алдыңғы орында тұрғанын,  АҚШ халқы нәсілдік және ұлттық айырмашылықтарына қарамастан –америкалықтар деген жалпы атпен аталатынын оқулықпен,қосымша интернет  мәліметтерімен жұмыс жасай отырып біледі, картадан АҚШ елін тауып бере алады.
Түйінді  ой Сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы Солтүстік Америка материгінің  АҚШ-тың халқының сандық,  ұлттық,  нәсілдік айырмашылықтарына өздеріне жұмыс жасату арқылы толық білдірту.
Әдіс-тәсілдер «Гүл ұсыну» әдісі,  «Ойлан тап», «Шеңберде талқылау»  әдісі, «Миға шабуыл»     Семантикалық карта.
Құрал жабдықтар Солтүстік Американың картасы,  слайд, стикер, атлас
Сабақ  кезеңдері Сабақтағы  іс-әрекеттер
І.Психологиялық  ахуал   орнату Оқушыларды  шаттық  шеңберге  шақыру. Әлемдегі көрікті   қандай жерлерге  барғылары  келетінін   атау. Топқа     самбо, мулат,  метис  сөздерін  таңдау    арқылы  бөліну.

Топтарға  сұрақ  қойылады.

1.Солтүстік  Америкаға  саяхат  жасаған  зерттеушілерді  атаңдар?

2. Солтүстік  Американың  жер  бедері  қандай?

3. Қандай   пайдалы  қазбалар  кездеседі?

Топтағы  жауап берген  оқушы  топбасшысы  болады.  Топбасшы топтағы таймкипер, хатшы,  баяндамашы, экспертті  сайлайды.

ІІ.Өткен  тақырыпты  еске  түсіру «Гүл  ұсыну»  әдісі  арқылы үй тапсырмасын  еске  түсіру.  Оқушылар  гүлді  бір-біріне беру  арқылы сұрақ  қояды.

Өткен тақырып «Табиғат  зоналары»

1.Солтүстік Америка  материгінде қандай  табиғат  зоналары  бар?

2.Ендік  бағытта  орналасқан  зоналарды  ата?

3.Жасы төрт мыңға  жылға  дейін жеткен ағашты  ата? Ол қандай  зонады орналасқан?

4.Прерий  дегеніміз  не?

5.Эверглейдс  батпағы  қайда  орналасқан?

6.Суккуленттер  дегеніміз не?

Жауап  берген  оқушыларды  эксперт  бағалап  отырады.

ІІІ.Қызығушылықты  ояту «Ойлан  тап»  ойыны

Әріптерге  қарап  сөздер  құрайды. Құралған  сөздер  арқылы  жаңа  сабақтың  тақырыбын  ашамыз.

 

И Э С Ы Э С Ә М О М
А Ү К А Н А Д А Й Е
Ж М И Н Б М Е Ш Т К
Б О С Т О Н П Б П С
Қ Т Р Б Қ Ү Н Д В И
Л А Қ Ь Е А Ң І Н К
Е І Ш З С Ж Е С І А
Ө У Й О Т Р Е Т Ұ Ф

Дұрыс тапқан   оқушыларды  эксперт  бағалап  отырады.

ІV.Мағынаны тану Оқулықтағы  мәтінмен  танысу.  Оларға  арнайы  уақыт  беріледі, соны  таймкипер  қадағалап отырады.  Әр  топтар мәтінмен  танысқаннан  соң,  талдайды  соны  хатшы  жазады.    Шеңберге  шығып жаңа сабақтың  мәтінінен  түсінгендерін  «Шеңберде  талқылау»  әдісінде  талдау.   Әр  топтағы  баяндамашылар  шеңбердің  ортасына  шығып түсінгендерін  айтады.  Шеңберде  тұрған  оқушылар  ортадағы  баяндамаылырға  сұрақ  қояды,   эксперттер   оларды  бағалайды.
V.Ой толғаныс Қазақстанмен  АҚШ арасындағы  байланыс туралы бейнетаспа  көрсету,  сол арқылы   оқушылардың өз ойларын   айтқызу.

«Миға шабуыл»    сұрақтар:

-АҚШ туралы  не  білесіздер?

-Қазақстан  АҚШ-пен қандай қарым-қатынаста?

-Қазақстан АҚШ-қа шығаратын экспорт түрлерін  атаңдар?

-АҚШ-тан Қазақстанға қандай  өнімдер  жеткізіледі?

 

Семантикалық  карта

Сұрақтар Детро

йт

АҚШ Лос-Андже

Лес

Чика

го

Гавай аралы Аляс

Ка

Сиэтл Нью-Йорк
1.СА-да  орналасқан дүниежүзіндегі  ең  дамыған ел +
2. «Бойнг»  ұшағы  жасап  шығарылатын  қала +
3.«Автомобильдер астанасы»  аталатын  қала +
4.Бұл қала арқылы  бір  тәулікте 2 мың пойыз өтеді. +
5.Кино өндірісінің орталығы-Голливуд орнасқан қала +
6.Балық аулау,  аң  терісі  кәсіпшілігімен  және орман +
7.Қант қамысы мен ананас  өсіруге  маманданған +
8.БҰҰ-ның бас ғимараты орналасқан +
VІ.Келесі  тапсырма §34 Солтүстік Американың  халқы мен  елдері. АҚШ
VІІІ.Бағалау Әр топтағы  эксперттер бағалау парақшасының қорытындысын  шығару. Хатшылар  шығу  парағын  толтырады. Сабақтағы  қолданған әдіс-тәсілдердің  сәтті-сәтсіз  жақтарын  жазады.

Оқушы

лар

Гүл ұсыну Ойлан тап Шеңберде  талқылау «Миға шабуыл»    сұрақтары Семан

тикалық

карта

Қоры

тынды  баға

«1»балдық жүйемен бағалау

5-6 ұпай-5 баға

3-4 ұпай-4баға

1-2ұпай-3баға

VІІ.Кері байланыс «Ауа райы»  тақташасына  стикерге сабақтан алған әсерлерін  жазып  жабыстырады.