Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы; Смирнов селосы;
Смирнов №3 орта мектебі
Айгүл Кеңесқызы Альбаева
география пәні мұғалімі, жоғары санатты

Мұғалімдер екінші сабақты таңдауда «өзімізге таныс СТО ны таңдайық, жақсы жұмыс жасаймыз»- деп, сыни тұрғыдан ойлау модулін таңдады. Осы модулге арнайы жоспар дайындадым.
коучингтің тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау.
Мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлаудың технологиядан айырмашылығын
ұғындыра отырып, тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Міндеттер: 1 Топқа бөлу
2 Түрткі тапсырмалар мен сұрақтар беру.
3 Берілген сұрақтарды Блумның ойлау деңгейлеріне қарай
құрғызу.
4 Логикалық есептер беру.
5 кері байланыс
Күтілетін нәтиже: 1 Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен сыни тұрғыдан ойлаудың ара жігін ажырата біледі.
2. Берілген тапсырмаларға сыни тұрғыдан ойлану қажеттілігін түсінеді.
3. Блумның ойлау деңгейлерінің құрылымымен танысады.
2- коучинг сабағыма 16 мұғалім қатысты. Сабақта психалогиялық ахуал тудыру мақсатында бірінші «сағат бойынша достар» сергіту сәтін жүргізіп алдым. Мұғалімдер жақсы көңіл күймен сабаққа кірісті. Топқа бөліну мақсатында топтың саны жазылған стикерлер беріліп, сол бойынша топтарға бірікті. Мұғалімдерді бүгінгі сабақтаң тақырыбымен таныстырдым.
Мұғалімдерімнің СТО жайлы бастапқы түсініктерін байқау, технологиядан айырмашылығын біледі ме?, жалпы қажеттіліктерін айқындау мақсатында тақтаға үш сұрақ бердім.
1 Сын тұрғысынан ойлау сізге таныс па?
2 Сын тұрғысынан ойлау сіздің сабағыңызда қалай жүзеге
асады?
3 Сын түрғысынан ойлау арқылы сіз қандай нәтижеге қол
жеткіздіңіз?
Осы сұрақтардың аясында топ болып бірлесіп, белгілі бір жауап дайындау тапсырылды. Мұғалімдердің жауабы жалпы алғанда төмендегідей болды.
1- топ жауабы. СТО бізге таныс. Біз оның әдістерін қолданамыз. Эссе жазу, 5 жолды өлең, симантикалық карта, веен диограммасы, ЖИКСО, РАФТ т.б әдістерін жиі қолданамыз. Барлық әдісін топтастыру арқылы жүргіземіз. Жеткен нәтижеміз оқушылардың шығармашылық қабілетін, ізденімпаздығын және ойлау қабілеттерін арттырды. Бұл мұғалімдердің айтатын жалпылама сөздері, және сол сөздерін растау мақсатында кейде нәтиже көрсеткіштерін өздері әзірлеп жатады.
2 топ жауабы. СТО бізге таныс, Оның 120 түрлі әдісі бар, 60 түрлі әдісін біз білеміз. Оқушыларды топқа бөліп, әдістерді пайдаланамыз. нәтижесінде өздігінен ізденеді, шығармашылық қабілеттері артады. Осы тұста мен мұғалімнен бір әдісін қалай жүргізгендігін және жеткен нәтижесін сипаттап беруін сұрандым.
Сынып мұғалімі А.Базархановна сөйледі.
— СТО маған таныс, мен оқығанмын, сертификатым бар. Өткенде мен өз сыныбымда бір тақырып өттім. ЖИКСО әдісі бойынша жүргіздім. Мәтіндерді бөліктерге бөліп таратып бердім. Барлығы оқыды, топ ішінде баяндай бастады. Бастапқыда қиналды, кейін түсіндіре бастады. Топ болып мәтінді айтып берді- деді. Мұғалімнің жауабынан шығатын қорытынды: оқушылыр сөйлемейді, білгенін айтпайды, өз тілімен жеткізе алмайды. Яғни олар жаттанды оқыған, пәндік деңгейдің тапсырмаларына қиналып жатты. Олар СТО-ды тек технология ретінде ғана қарастырады. Сабақтарындағы пайдаланып жүрген әдістерін тізбектеп айтып жатты. Мұғалімдерге ой тастау мақсатында мен ортаға түрткі тастадым.
— Әріптестер, тақтадағы сұрақтарды тағы бір рет қарап шығыңыздаршы «әдіс-тәсіл, немесе технология» деген сөздер бар ма? Мұғалімдер сұраққа мән беріп қайта қарай бастады.
Мен келесі тапсырмаға көшіп кеттім.
Әр топқа бірдей сурет берілді. Сол суреттен кім көп форма табады.
Тапсырма бойынша мұғалімдер топтасып жұмыс жасады. Бірнеше форманы жарысып айтып жатты. Бірінің тапқырлығына бірі таңырқап, пікірлерін айтып жатты. Жұмыс қызу, тартымды шықты. Жауаптарын қабылдап болғаннан кейінгі сұрағым төмендегідей болды:

— Әріптестер, сіздердің қарапайым бір ғана суреттің жан-жақты қырынан қарап, алуан түрлі формаларын ойлап табуларыңызға қандай әрекет көмектескенін білуге болады ма?
— Ойлау көмектесті, сыни тұрғысынан ойлау көмектесті- деп жауап берді. Жауапты алғанда өзімнің берген түрткімнің ұтымды шыққанына қатты қуандым. Менің күткен жауабым да осы еді.
Осы жерде мен сыни тұрыдан ойлауға біршама бағыттау мақсатында слайд арқылы түсініктеме бердім.
Енді сол ойлаудың деңгейлерін (Блумның ойлау деңгейлері) түсіндіру мақсатында Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін ортаға тастадым. Осы мәтін бойынша сұрақтар дайындауды ұсындым. Мұғалімдердің берген сұрақтарының шамасы төмендегідей болды: Әке мен бала әңгімесінің авторы кім? Әңгіменің мазмұны не туралы?, әңгіменің негізгі идеясы қандай?, шығарманың тәрбиелік мәні қандай?т.б
Осы тұста мен Блумның ойлау деңгейлерінің сұрақтарының үлгісін тақтаға шығарып, мұғалімдерге өздері қойған сұрақтардың қай деңгейде екендігін анықтаттым. Мұғалімдер қойылған сұрақтарды саралай келе, өздерінің талдау деңгейінен аса алмай отырғандығын байқады. Бұл жерде мұғалімдер өздерінің бүгінгі таңға дейінгі, өздерінің беріп жүрген білімдерінің деңгейін көрді. Бағалау деңгейі жайлы көзқарастыры алуан түрлі болды, бірі бағалауды оқушының өзіне берген бағасы десе, енді бірі мұғалім тарапынан берген сыныптағы оқушылардың бағасы деген ойларын айтты.
Олардың бұндай пікірде болуы заңды, біріншіден олар Блумның деңгейлерімен таныс емес, екіншіден қойылған талап пәндік деңгейден асқан емес.
Осы жерде мен тақырыпқа сай мынадай сұрақ бердім:
1 Әке орнында болғандағы сіздің әрекетіңіз.
2 Әке баласының іс-әрекетіне мән бермеген жағдайда не болуы мүмкін?
Мұғалімдер барлығы өз ойларын ортаға салып, сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып толық жауап берді. Мұғалімдер өздері алған білімнің не үшін қажеттілігін, өздері үшін құндылығын айқындады. Мұғалімдер ойланып қалды. Бағалау деңгейіндегі түрткінің жетегінде өздерінің терең ойға беріліп, әрекеттің екінші қырынан қарап, сыни ойланып жатқандығын аңғармай да қалды.
Осы тұста мен өздерін осынша сыни ойландырған, сан түрлі ойларға түрткі болған құдіретті сұрақтың , «бағалау» деңгейінің сұрағы екендігін айттым.
Мұғалімдермен бірлесе отырып осы сұрақтарды Блумның ойлау деңгейлеріне қарай сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану, және пайымдау нәтижесінде алынған ақпарытты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтау да қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен ол әрекетке негіз түрткі болуы да мүмкін екендігін түсіндіріп өттім. (МАН 42 бет)
Тапсырмалар терең ойлануды қажет етті. Осы тұста мен мұғалімдерді біршама демалдыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырдым. Сергіту сәтінде мұғалімдер демалып, көңіл-күйлері көтеріліп қалды.
Сыни тұрғыдан ойлау үшін берген соңғы тапсырма «Бір шиді қозғалтып, шешімін тап» логикалық есеп бердім.
Осы тапсырмаға мұғалімдер қызыға қатысты. Топ болып жарысап шешімін тапты. Сабақтың соңында мұғалімдерге коучингіден кейінгі бағалау парағын ұсындым.
Сабақ соңында бағалау парағын талдай келе мен өзімнің тәлім алушым Алтынгүл берген бағалауы мен жай тарих пәнінің мұғалімі Абдульмановтың бағалау парағын салыстармалы түрде ұсынғым келіп отыр. Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?- деген сұраққа екеуі де «ия» деп жауап беріп отыр. Түсініктемені беруде олардың пікірінде үндестік байқалып жатты. Айгерім «сабақтың мақсаты ашық, айқын»- деп көрсетсе, Жұлдыз «оқушыларды жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дамыта оқыту»-деп жазған. Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?- деген сауалға Айгерім «Оқушыларды пәндік деңгейде ойланудан құзіреттілік деңгейде ойланып қалыптастыру бүгінгі заман талабы»-деп жазған. Тәлім алушымның бұл бағалауынан оның өзін-өзі реттеп, өзіндік мақсатын заманның талабымен ұштастырып отырғандығы мені қуантты. Ал Жұлдыздың жауабы: «Сын тұрғысынан ойлау, сыни тұрғыдан баланың құзіреттілігін, баланың көшбасшылығын дамытады»- деп жазған. Белгілі бір деңгейде бұл мұғалім де мақсаттың өз қажеттілігіне сәйкес екенін ашық көрсеткен. Яғни екі ұстаздың ойлауында біршама үндестік бар. Бүгінгі оқытудағы қажеттілікті айқын байқап отыр.
Осы коучингті жүргізу барысындағы сәтті тұстары: мұғалімдер Блумның ойлау деңгейлері бойынша біршама түсінік алды. Сын тұрғысынан ойлау технологисы мен сыни тұрғыдан ойлаудың ара жігін түсіне бастады. Сыни тұрғыдан ойлана білетін, өз білгенін өмірде тиімді пайдалана білетін құзырлы оқушы дайындау заман талабы екенін түсінді.
Сәтсіз тұстары: Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойландыратын құзыреттілік деңгейдегі сұрақтар ойластыруда қиналады.Технология жайлы түсініктері қалыптасып қалған, өзгеруі үшін тағы да коучинг өткізу керек екені байқалды.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2014жыл
2. Блум 1956

Коучинг жоспары. Сыни тұрғыдан ойлау
Апта Күні
Коучинг тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау
Сілтеме: Нұсқаулық, суреттер, ғаламтор материалдары.
Мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлаудың технологиядан айырмашылығын ұғындыра отырып, тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту
Міндеттер: 1.Топқа бөлу
2.Түрткі тапсырмалар мен сұрақтар беру.
3. Берілген сұрақтарды Блумның ойлау деңгейлеріне қарай құрғызу.
4. Логикалық есептер беру.
5. Кері байланыс
Оқыту нәтижесі: 1. Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен сыни тұрғыдан ойлаудың ара жігін ажырата біледі.
2.Берілген тапсырмаларға сыни тұрғыдан ойлану қажеттілігін түсінеді.
3. Блумның ойлау деңгейлерінің құрылымымен танысады
Негізгі идеялар: Әр адам өз бойындағы сыни ойлау қабілетін жетілдіреді, кәсіби білім, біліктері өседі.
Тренинг өткізу Психологиялық ахуал , «Сағат тілмен достық» 2 минут
Топқа бөлу Түрлі түсті стикер арқылы топқа бөлінеді. 2 минут
Тапсырмалардың түрлері: Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.( суреттен түрлі форма шығару, топтастыру, пікірлесу, ой бөлісу, кері байланыс) Уақыт
Ой қозғау
1 тапсырма Осы суретті түрлі формаға салуда, сыни ойлауды қалай түсінесіңдер? (Әр топ өз ойын ортаға салады) 5 минут
2 тапсырма Блумның ойлау деңгейлерін түсіндіру мақсатында Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі ортаға тасталады. Осы мәтін бойынша сұрақтар дайындау ұсынылады. 10 мин
3 тапсырма Блумның ойлау деңгейлеріне қойылатын сұрақтар үлгісі бойынша өз сұрақтарының деңгейін анықтау. 5 мин
4 тапсырма Сыни тұрғыдан ойлау мен Блум таксономиясының бір-бірімен байланысы. Слайд 3 мин
Қорытынды рефлексия Логикалық есептер шығару 3 минут
Кері байланыс «Коучингіден кейінгі бағалау парағы» 2 минут