Кубекова Анар Нагимоллиевна            мұғалім портфолиосы                                    В 1

6 топ                                                               ІІ деңгей

Алматы қаласы                                            02.05.2014 ж

 

В1

Дарынды, жас талантты жастар- бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады.Оқушының бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру-ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет.

Мен 1-коучингімнің тақырыбын: «Талантты және дарынды оқушыларды анықтаудың тиімді жолдары » деп алдым.

Мақсатым: Талантты және дарынды балаларды анықтаудың тиімді жолдарын түрлі тәсілдер арқылы түсіндіру.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша тәжірибесінде қолдануға бағыттау.

Күтілетін  нәтиже:

—         Мұғалімдер талантты және дарынды балаларға тән қабілеттерді анықтап , оларды оқытудың тиімді жолдарын жинақтайды және тәжірибеде жүзеге асырады.

 

Новенький ОЖББ мектебінде әріптестерімді ІІ деңгей   бағдарламасымен таныстырдым, мәнін, маңызын, соның ішінде негізгі идеясы жеті модульге тоқталдым және коучинг деген не екенін айтып, слайдпен көрсеттім.

 

Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Ал жаңа технологияларды пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеруі  оқушыларды анықтаудың тиімді жолдарын таңдады.  Қазіргі кезде  мектептің  шешімін таппаған өзекті мәселесі болатын. Оқушылардың талантын ашу, сөйлеу тілін дамытудағы кемшіліктер, дәстүрлі сабақтың заман талабына сай еместігі әр ұстазды толғандыратын.  Осы мәселелердің шешу жолдарын  қарастырдым.

Мектебіміз орыс-қазақ тілінде оқылатын аралас мектеп болғандықтан,  орысша –қазақша тілді 9 мұғаліммен жұмыс жасадым. Олардың ішінде  Сұлтанғалиева Б.К.  Шушанова.А.бастауыш сынып мұғалімдері, Утарова.А.К. (тарих пәні)  Ипатова.А.Б. Имашева.А.А. (қазақ тілі пәні) Абдахманова.Г.Г. (орыс тілі) Есенова.Т.(физика) Аронова.Ж.А.(дене тәрбиесі)  Ильина.Т.В   мектеп психологы және  жоғарғы сынып мұғалімдері  қатысты.

Бірінші коучингті өткізбестен бұрын талантты және дарынды оқушыларды анықтаудың  жолдарын біледі,  өзгерістерді  өз тәжірибелеріне қолданады деген болжам жасадым.

Коучингтегі жұмысымның тартымды, жағымды атмосферада  өтуі ортадағы жылы қарым-қатынасқа байланысты болды.

Коучингтің тақырыбы, мақсаты, міндеті және де керекті дереккөздер слайд арқылы көрсетілді.

Конфеттер арқылы үш топқа бөлініп,  жақсы қарым –қатынаста жұмыстану бағытында шаттық шеңберінде  жаңа күнге сәттілік тілеуден басталды.

Тапсырма түрлері:

Алдымен  «Дойбыдан әлем чемпионы, Шаймерден Азкен» бейнефильм көрсетіп, ашық сұрақтар тараттым.

1.     Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңыздар?

2.     Екі бейнежазбаның айырмашылығы неде?

3.     Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?

сұрақтартар берілді. 1-топ спортты дамыту деп айтса,2-топ  балалардың ойлау ,есте сақтау қабілетін дамыту,3-топ балалардың жас ерекшеліктеріне қарсы дарындықты дамыту деп әр топ  сұрақ жауап бере  отырып тақырыпты ашты.  ДЖ.Ренцуллидің дарындылық моделі, дарынды, талантты оқушылардың қырлары   туралы (слайд бойынша) түсінік  бердім. Сонымен қатар әріптестеріме мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан Дарынды  және талантты  балаларды анықтайтын сенімді өлшемдерін түсініп  оқуға мүмкіндік беріп , талдау жасаттым.

Дарынды талантты балаларды анықтайтын  сенімді өлшемдерім (Фриман 1998)

—         Олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты  біліп қана қоймай, оны  пайдалана алады.

—         Олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;  ;

—         Олар  жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;

—         Олар ақпаратты  толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

—         Олар    оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

—         Басқаларға  қарағанда олардың  тәртібі жақсы;

—         Қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойындар мен  тапсырмаларға ұмтылады;

—         Ерте жастан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;

—         Олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.(МАН 54 б)

1-топ  Дарынды және талантты балаларды анықтаудың тиімді жолдары.2-топ Дарынды және талантты балалардың  қабілетін дамытуда жүргізілетін жұмыс түрлері.3-топ Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізуде мұғалімнің білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптар тақырыбына постер қорғап өз ойларын ортаға салды.  Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс мұғалімдер арасында өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу проблемаларды шешу дағдыларын  дамытуға мүмкіндік берді. Мұғалімдер талантты мен дарынды балаларды ажырата білуді үйренді.Себебі осыған дейін мұғалімдер жақсы оқитын балаларды дарынды балалар деп түсініп келді.

…. Кері байланыста : «Екі жұлдыз, бір тілек» мұғалімдерге стикерлер таратып бердім,олар алған әсерлерімен тілек жазды.Тарих пәнінің мұғалімі :Утарова Ажар Керейқызы  сіздің өткізген коучинг өте жақсы өзім  дарынды мен талантты баланы ажырата білдім деп жазды. Бастауыш сынып мұғалімі: Багдагул Кеңесқызы сіздің коучингтан алған әсеріміз өте жақсы,сізге сәттілік тілеймін деп жазды. Коучинг барысында  мұғалімдердің сыни ойлауы менің көңілімнен шықты. Мұғалімдер дарынды және талантты балалардың айырмашылығын айқындады.Шағын топта жұмыс істету арқылы дарынды және талантты балаларды анықтауға бағыт алды.

Коучингтің сәтті өткен жақтары: топқа бөліну ,ынтымақтастықта жұмыс істеу, постер қорғау. Өйткені мұғалімдер қызығушылықпен белсене қатысып отырды.

Сәтсіз шыққан жері деп әлі де талантты мен дарынды  туралы айтылған мәліметтер аз, бұл коучинг тақырыбын әлі де жетілдіріп өткізу қажет екендігіне тоқталғым келеді.

Мұндай өзгерістерді коучингке қатысқан мұғалімдер тәжірибелерінде тиімді пайдаланды.  Тарих пәнінің мұғалімі Утарова.А.К. 5-шы сыныпқа тарих сабақтарында  пайдаланды. Тәлім алушым қазақ тілі пәні мұғалімі Имашева Айгуль өз сабақтарында қолданды.

Менің  негізгі мақсатым  талантты және дарынды балалармен  жұмысты мұғалімдерге тиімді пайдалану жолдарын көрсету, түсіндіру, іс –тәжірбиелеріне енгізу болатын. Оны коучингке   қатысқан мұғалімдер өздерінің сабақтарында дарынды мен талантты балалармен жұмыс көрсете бастады. Бұл дегеніміз, менің қозғаған тақырыбымның қажеттілікті өтей алуынан деп білемін.Коучинг барысында  мұғалімдер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақ қойып, өз пікірлерін  іркілмей ортаға салып отырды. Кері байланыс жасап, коучингті бағалау үшін сауалнама жаздыру арқылы болашаққа жоспар жасадым

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                наурыз
Тақырыбы

 

Талантты және дарынды оқушыларды анықтаудың

тиімді жолдары

 

Жалпы мақсаты      Талантты және дарынды балаларды анықтаудың тиімді жолдарын түрлі тәсілдер арқылы түсіндіру. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша тәжірибе алмасу және өз тәжірибесінде қолдануға бағыттау.
Оқу нәтижесі Мұғалімдер талантты және дарынды балаларға тән қабілеттерді анықтап,оларды  оқытудың тиімді жолдарын жинақтайды және тәжірибеде жүзеге асырады.
    Уақыт
Эпигаф

 

Әр бала-зерттелмеген құпия,

Әр бала-болашақ данышпан.

 
Топқа бөлу

 

 Стикердің түстерін таңдау арқылы бөлу 5 мин.
Сергіту сәті  «Әуенді тап» 7 мин
 Ой қозғау.

Бейнефильмнен алған   әсерлерімен бөлісу

1.«Дойбыдан әлем чемпионы»

2. «Шаймерден Азкен»

— Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңыздар?
— Екі бейнежазбаның  айырмашылығы неде?
— Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?

15 мин
Тақырып жайлы түсінік қалыптастыру (слайд бойынша) «Дарындылық», «таланттылық» ұғымы, Дж.Ренцуллидің дарындылық моделі, дарынды, талантты оқушының қырлары. 15 мин
 Проблеманы шешу жолдарын анықтау тапсырмасы.

Постер қорғау.

 

1-топ.Дарынды және талантты балаларды  анықтаудың тиімді жолдары.

2-топ. Дарынды және талантты балалардың қабілетін дамытуда жүргізілетін жұмыс түрлері.

3-топ. Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізуде мұғалімнің білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптар.

20 мин
Бірлескен жұмыс 1.Ақпаратты қабылдау
2. Мюнстенберг әдістемесі

3. Шығармашылық қабілетті шыңдау

10 мин
Рефлексия  Бейнефильм «Дарынды балалар»

 

3 мин
Кері байланыс

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» 5 мин
  «Тілек» слайд 3 мин

 

В 2

 

№2  коучингімнің тақырыбы: « Инклюзивті білім беру »

Мақсатым: Инклюзивтілік ұғымының мәнін ашу. Мұғалімдерді инклюзивті тәсілдің маңыздылығы жайында ой қозғауға шақыру. Бұл үрдістегі мұғалімнің ролі.

Міндеттерім:

Ø Мұғалім инклюзивті білім берудің мәнін ашу.

Ø Инклюзивті білім беруге оң көзқараспен қарау,

Ø Инклюзивті білім берудегі мәселелерді шеше білуі тиіс.

Новенький  ОЖББМ   аралас орыс -қазақ тілінде оқытатын типті мектеп болып саналады.

Ұстаздардың  әр модуль бойынша мағлұматтар алғысы келгені өте қуантты, дегенмен де басым бөлігі   «Инклюзивті оқыту» тақырыбын таңдады.  Екінші коучигтің   тақырыбын  «Инклюзивті оқыту» деп алдым.

Бұл коучингқа мектептегі 9 әр түрлі жастағы,  түрлі санатты, жоғары, орта, бастауыш сынып, орыс сынып   мұғалімдері қатысты.

Осы тақырыпты таңдауымның маңызы: біріншіден мектеп мұғалімдерінің сұранысы болса, екіншіден биыл бірінші сыныпқа  мүмкіндігі шектеулі бір  бала келді .Мұғалімдер көбіне сабақта өздері  сөйлеп, көп түсіндіреді, оқушылардың ашылуына мүмкіндік бермейді. Ал қазіргі талап басқа, оқытудың сындарлы тәсілі. Керісінше оқушылар белсенділіктерін танытып, ұстаз тек бағыт беруші, бақылаушы болу керек.

Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіреді. Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.

 

Коучинг-сессияны жанға жайлы психологиялық ахуал туғызумен бастадым, мұғалімдерді түстер арқылы үш топқа бөлдім.

 

«Инклюзивті оқыту» деп   әріптестеріме  жетелеуші сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашқан болатынбыз. Өз іс –тәжірибелерінде инклюзивті оқыту туралы  жалпы түсініктің бар екенін атады.

Бірінші «Самый сильный человек в мире» видеоны көрсеттім. Содан кейін сұрақтар бердім.

-Видео тамашалағаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

-Қазақстан мектептерінде инклюзивті білім беру мүмкіндігі қандай деп ойлайсыз? Әр топ өз ойларын ортаға салды.1-топ былай жауап жазыпты: «Қазақстанда инклюзивті білім  беру дұрыс деп есептеймін.Әр адамның өз қабілеті бар.Видео тамашалағаннан кейін байқағаным шетелде мүгедек балаларға өте күшті жағдай жасайтыны.Сол сияқты бізде де адам құндылығы басты назарда тұруы қажет».

Барлық мұғалім ойланып,көңілдері түсіп қалды.  Белсенділік танытып, тапсырманы жақсы орындады.Инклюзивті оқыту туралы , инклюзивті білімнің сегіз қағидаты туралы теориялық материалдармен таныстырдым.Содан кейін әр топқа тапсырма бердім.

1-топ.Жалпы білім беру мектебінде мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытудағы мәселелерді анықтаңыз.

2-топ. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту үрдісінің шешу жолдарын құрастыру.

3-топ. Сыныпта мүмкіншілігі шектеулі балаларды ескере отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

Топтарды аралап, тапсырманы қалай түсінгенін, қандай деңгейде орындап жатқанын бақыладым.Маған олардың белсенділігі, шынайы атқарған жұмыстары ұнады.  Мұғалімдер постер жасауда шеберлік танытты, сосын «Инклюзивті білім беру» видеофильмді көрсеттім.Топқа «Инклюзивті оқытуға бағытталған болашақ мектептің» моделін жасау деген тапсырма бердім.Әр топ өз ойларын ортаға салды.  Ондай мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық жағдайы жасалуы керек (қоларба,дәрігер,тамақ) .Сосын «Притча про кувшин с трещинкой» презентацияны тамашалады. « Мінсіз адам болмайды, әр адамның да кемшілігі болады.  Әр адамның бойында жақсы қасиеттер болады» деп өз ойларын ортаға салды.

Сөзімнің  айғағы сабақ соңындағы әріптестерімнің кері байланысынан туындайды. Әріптестеріме 2 түсті стикерлер таратып, сабақ барысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді ортаға салуын сұрадым. Олар сабақтың сәтті тұстарын ғана жазып, алдағы уақытта бұл жұмыстардың  іс-тәжірибелерінен көрініс табатынын, алдағы уақытта сабақта қолданып, өз жұмыстарына өзгеріс енгізетінін айтты. Мұның өзі менің жұмысымның жемісі, нәтижесі деп білемін.

 

Кездескен қиыншылықтар мен сәтті тұстары :

Коуч-сессиямның соңғы «Ой толғау» кезеңінде әріптестеріме

Бүгінгі сессиямызда біз үнемі қандай жұмыс атқардық? –деп сұрағанда әрқайсысына ой салғаны, жұмыстары үшін тиімді екендіктеріне, қызығушылық танытқандарын көрсетті.

Ал әріптестерімнің белсенді қатысып, бағыттай отырып берген мағлұматтарды жақсы меңгеруі мені  тіпті шабыттандырды, қанат  бітірді деуге болады. Бірінші рет өзімді коуч ретінде сезіндім.

Кездескен қиыншылықтар:

—         Алдын –ала тақырып негізінде бақылаудың жүргізілмеуінен, кейбір шешімін күткен мәселерді шешу қиындық туғызды. Мәнмәтін толық қамтылмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

апта  Күні №1сабақ
  Коучинг тақырыбы: Инклюзивті білім беру.
  Мақсаты: Инклюзивтілік ұғымының мәнін ашу. Мұғалімдерді инклюзивті тәсілдің маңыздылығы  жайында ой қозғауға шақыру.

Бұл үрдістегі мұғалімнің рөлі.

  Оқытудың нәтижелері: Мұғалім:

— инклюзивті білім берудің мәнін ашу;

-инклюзивті білім беруге оң көзқараспен қарау;

— инклюзивті білім берудегі мәселелерді шеше білуі тиіс.

  Жұмыс барысы: Сергіту сәті:    «Мен қандай адаммын?»                                                         5мин

Түстер бойынша топтарға бөліну                                                                       4мин

Видео: «Самый сильный человек в мире- Nick Vujicic                                5мин

Талқылау. Сұрақтар:                                                                                        3 мин

-Видео  тамашалағаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

-Қазақстан мектептерінде инклюзивті білім беру мүмкіндігі қандай деп ойлайсыз?

Қорытынды талдау.                                                                                                 2мин

  Негізгі (бастапқы)  идея: Презентация. Power Point. «Инклюзивтілік»                                                      2мин
  тапсырмалар: Тапсырмалардың түсініктемесі Берілген тапсырманы орындауда қолданылатын тәсілдер
  1-тапсырма:

1топ. Жалпы білім беру мектебінде мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытудағы мәселелерді анықтаңыз.

2топ. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту үрдісінің шешу жолдарын құрастыру

3топ. Сыныпта мүмкіншілігі шектеулі балаларды ескере отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру

                                                     3мин

Топтық талқылау

 

 

Топтардың сөйлеуі                   6мин (әр топқа- 2мин)

  Видеофильм: «Инклюзивті білім беру»

Талқылау.

Сергіту сәті

Видеофильм тамашалау         5 мин

5 мин

жаттығулар                               5 мин

   2-тапсырма: «Инклюзивті оқытуға бағытталған болашақ мектептің» моделін жасау Топтық жұмыс. Постер жасау.    10мин

Постерлерді қорғау                       9мин

  Презентация Power Point

«Притча про кувшин с трещинкой»

Рефлексия

Презентацияны тамашалау.         3 мин.

 

Тілектер ағашы. Жапырақтар түріндегі стикерлер.       2 мин

  Ресурстар: Видео: «Самый сильный человек в мире- Nick Vujicic

Презентация. Power Point. «Инклюзивтілік»

Видеофильм: «Инклюзивті білім беру»

Презентация Power Point «Притча про кувшин с трещинкой»

Постерлар, фломастер, түрлі түсті қағаздар.