Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбішбаева Майра Сәрсенбайқызы

Коучинг жоспары

Мерзімі 15.04.2016 жыл, сағат 13:00-13:45

1 Коучинг тақырыбы Оқыту мен оқу үдерісінде оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру

2 Мақсаты Мұғалімдер оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту тәсілдерін үйренеді.

3 Негізгі идеясы: Оқыту тәжірибесінде өзгеріс енгізудің қажеттігін қалыптастыру.

4 Күтілетін нәтиже * Мұғалімдер оқушыларға қалай өзін-өзі бағалау қажеттігін түсіндіре алады; * Өзін-өзі бағалау тәсілдерін үйренеді; * Оқушылар оқу деңгейін арттыра алады; * Мұғалімдер оқушылардыңөзін-өзі бағалаудың тиімділігін саралай алады.

5 Ресурстар Презентация, маркер, стикер, флипчарт, постер, бейнежазба.

Коучингтің

кезеңдері Уақыт Коуч іс-әрекеті Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

1 Сәлемдесу 2 минут Коуч барлығымен амандасып, қатысушылар шеңбер жасап, жылылық атмосфера құру. Психологиялық сергіту «Жапондық менеджер». Қатысушылар шеңбер жасап орындайды. Танымдық мақсат – 2 секундта орындалады. Әлеуметтік – бірлесіп жұмылдырылады. Эмоциялық – көңіл күйі көтеріледі.

2 Топтарға бөлу 1 минут Қиынды қағаздар арқылы топтарға бөлу. «Топ ережесін» дайындауды ұсыну. «3», «4», «5» бағалар арқылы топтарға бөлініп отырады.

3 Сабақтың мақсат, міндеті 2 минут Коучинг тақырыбы, мақсаты, міндеті таныстырылым. Қатысушылар сабақ мақсаты мен міндеттерінен ақпарат алады.

4 Ой шақыру 10 минут «Миға шабуыл» әдісі 1. Бүгінгі сабақтан не күтесіздер? 2. Өзін-өзі бағалау дегеніміз не? 3. Сіздің сабағыңызда неше оқушы өзін-өзі бағалай алады? Қатысушылар топ ішінде берілген сұрақты талдап, өз ойларымен бөліседі.

5 Теория-лық материал 10 минут 25 минут Топтық жұмыс. Үлестірмелі материалдар бойынша талдау, талқылау. 1. Мұғалімдер баға өлшемдерін талдайды. 2. Қатысушылар өз пәндері бойынша баға өлшемдерін критерий арқылы өзін-өзі бағалайды.

6 Топтық жұмыс 10 минут Әр топ аққала суретін салады. Топтарды постерлерін қорғауға шақыру. Топтар өз постерлерін қорғайды. Әр топқа 5 минут уақыт беріледі.

7 Жинақтау 5 мин Бейнежазба көрсетілімі. Бейнежазбаны тамашалайды.

8 Рефлексия 5 мин 20 Рефлексия парағын таратып береді. Мұғалімдер рефлексия парағын толтырады.