Мекен-жайы:  Алматы қаласы,  Бостандық ауданы,  №40 ЖББМ

География  пәнің  мұғалімі :  Тобықпаева  Айжан   Макемгалиевна

Сынып  7

Тақырыбы:    СОЛТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ

ІІІ  — деңгейлі сертификатталған мұғалім

 

Сабақтың тақырыбы Солтүстік Американың ішкі сулары
Сілтеме: Жоспар. География оқулығы. Қосымша мәліметтер, 7 сынып атласы, ғаламтор желісінен қосымша мәліметтер.
Сабақтың

мақсаттары:

 

·         Оқушыларға Солтүстік Американың ішкі сулары   жайлы толық түсінік беру.

·         Оқушыларда материктің өзендері, көлдері, сарқырамалары   жайлы білімдері қалыптасады.

·         Топта және жұпта жұмыс оқулықпен, картамен  жасай отырып,Солтүстік Американың жер бедерінінің өзендерінің бағытына әсері  жайлы білімдерін  дамытады.

·         Бір-бірлерін тыңдауға, ұжымшылдыққа  тәрбиеленеді.

Оқыту нәтижесі Ø  Миссисипи, Маккензи,Ниагара, Ұлы көлдер біледі, картадан көрсете алады, ерекшелігін түсінеді.

 

Түйінді идеясы Ø  Өзендері, көлдері, сарқырмалары.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дүние жүзінің  физикалық картасы,   интерактивті тақта, слайдтар, бейнефильмдер, Атлас 7-сынып , флипчарттар, кесте, тапсырмалар.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

1-әрекет.

·         Сәлемдесу,  түгендеу, балалардың назарын сабаққа аудару;

·         Сыныпта жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру:

 

2-әрекет.Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті ойын

Интерактивті ойын «Сиқырлы ұяшықтар»

1.Солтүстік Американың ең ұзын тауы

2. Солтүстік Американың ең биік шыңы

3.Ара тістес жоталар

4.Мұздықтармен өңделген тау жыныстары

5.Темірге бай түбек

6.Солтүстік Америкаға оңтүстік-шығысынан сұғына еніп жатқан шығанағы

7.Атлант мұхиты жағалауындағы палеозойлық аласа тау

8.Майя тілінен аударғанда «дауыл құдайы» деген мағынаны білдіреді

9.Материктің ең биік және ең төмен нүктесінің биіктік айырмасы

10. Кордильер мен Аппалач тауларының салыстырмалы биіктігі

11. Америка дүние бөлігі ашылған жыл

12.Материктің ең ыстық жері

3-әрекет.  Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ шешу.

Ұзыннан ұзақ көлбеген

Жанға сусын шөлдеген.

Өзен

Дөп-дөңгелек шарайна

Алайда сынбас ол айна.

Көл

Күні –түні шапқылап

Ойнақтайды ақ лақ

Бұлақ

4-әрекет.Сыныпты сурет қиындыларымен топқа бөлу.

«Миссисипи», «Маккензи», «Колумбия», «Ұлы көлдер»  атауларымен топқа  бөлінеді, әркім өз тобына келіп отырады.

·         5-әрекет.

Жаңа сабақ. «Мағынаны тану»

«Әдеби үйірме» стратегиясы.

Топтарға тапсырма. Мағынаны ажырату» Топтарға мәтінді бөліп беру.

А)Оқушылар баяндап беруші, зерттеуші, сұрақтарды құрасытырушы,сілтемелер табушы,бейнелеуші-сүретші, дәнекерші болып рөлдерге  бөлініп, берілген тақырыпшалардың мағынасын ашып, жаңа ақпаратпен танысады. Әр топтан түскен ойларды флипчартқа түсіреді Кескін картаға шеткі нүктелерді, теңіз, мұхит, бұғаз,шығанақ, арал, пайдалы қазбаларды түсіреді. Кесте арқылы өз тақырыптарының мағынасын ашып, жаңа мәліметтерді қиыстыра топтайды.  (Тыңдау, баяндау, толықтыру, суретін салу)

Ә)  Әр оқушы жеке, жұппен, топпен ортақ пікірге келу. Берілген тақырыпты топ ішінен тілші қорғайды.

(флипчарттар, түрлі-түсті бояулар)

Шарты: топтарға оқулықтағы тақырыпшаларды бөліп беру арқылы бірін-бірі оқыту.

1-топ. §32,129-130 беттіндегі оқулықтың мәтінін және қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,Атлант мұхитының  өзендеріне сипаттама беріңдер.

А.Атлант мұхиты алабының өзендерін картадан табыңдар.

Б.Ерекшеліктерін анықтаңдар.

В.Постерге түсіріңдер

2-топ. §32,130 беттегі оқулықтың мәтіні және қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,Солтүстік Мұзды  мұхитының   сипатттама беріңдер.

А.Солтүстік Мұзды мұхитының алабының өзендерін картадан табыңдар.

Б.Ерекшеліктерін анықтаңдар.

В.Постерге түсіріңдер

3-топ. §32,130 беттегі оқулықтың мәтінін және қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,Тынық мұхитының  алабының өзендерін атаңдар.

Өзендердің басты ерекшеліктерін сипатттаңдар.

А.Тынық мұхитының алабының өзендерін картадан табыңдар.

Б.Ерекшеліктерін анықтаңдар.

В.Постерге түсіріңдер

4-топ. §32,130-131 беттегі  оқулықтың мәтіні және қосымша мәліметтерді пайдалана отырып Солтүстік Американың көлдеріне сипатттама беріңдер.

А.Көлдерін постерге түсіріңдер.

Ә.Көлдің маңызын анықтаңдар.

6-әрекет.Сергіту сәті. «Қара жорға биі»

7-әрекет.Презентация қорғау. Солтүстік Американың ішкі сулары.Дарынды оқушы

8-әрекет.Карточкамен  жұмыс

Топтық жұмыс

 

1-топқа тапсырма.

1.Көп нүктенің орнына қой

Үндістер тілінен аударғанда «су атасы» деген мағынаны білдіретін…. өзені

2.Онтарио мен Гуронның ортасында орналасқан

A. Мичиган;      B.Ниагара;     C.Эри;     D. Жоғарғы ;     E. Теннеси

3. Сәйкестігін тап

Өзендер                          сағасы

1.Миссисипи                 А.Солтүстік Мұзды мұхит

2.Колорадо                     B.Гудзон шығанағы

3.Маккензи                    C.Мексика щығанағы

D.Кариб теңізі

E.Жерорта теңізі

H.Калифорния шығанағы

Кілті:1-топ

1.Миссисипи;    2.Ниагара сарқырамасы;     3.1-С; 2-Н; 3-А

2-топқа тапсырма

1.Ұлы көлдердің ішіндегі ең ірісі____________

2.Ниагара сарқырамасы орналасқан көлдер арасы

А.Верхнее,Мичиган;      B.Мичиган,Гурон;     C.Эри,Онтарио;

D.Виннипег, Атабаска ;     E. Үлкен Аюлы, Үлкен Еріксіздер

3.Сәйкестігін тап

Өзендер                          үндіс тілінен аудармасы

1.Маккензи                  А.«тұнбалы өзен»

2. Миссисипи               B «гүрілдеуік су»

3.Миссури                   C. «ара»

D. «су атасы»

E. «дауыл құдайы»

H. «үлкен өзен»

Кілті:2-топ

1.Жоғарғы;    2.2-С;            3.1-Н; 2-D; 3-А

3-топқа тапсырма

1.Ниагара сарқырамасының биіктігі ________ м

2.20 дан астам су электр станциялары орналасқан өзен

A. Мичиган;      B.Ниагара;     C.Эри;     D. Жоғарғы ;     E. Теннеси

3.Сәйкестігін тап

     Өзендер                       ерекшелігі

1. Миссисипи              А.қыста түбіне дейін қатады

2. Маккензи B.Ұлы көлдерді байланыстырады

3.  КоларадоC.лайлы өзен

D.ұзындығы 6420 км

E.Үлкен Коньон орналасқан

H. дүние жүзіндегі ең суы мол

Кілті: 3-топ

1.54 м;    2.Е;   3.1-D 2-A 3-E

4-топқа тапсырма

1.Үндістер тілінен аударғанда «гүрілдеуік су» деген мағынаны білдіреді

A. Мичиган;      B.Ниагара;     C.Эри;     D. Жоғарғы ;     E. Теннеси

2. Мұздық көл

A. Жоғарғы;      B.Мичиган;     C.Эри; D. Гурон ;     E. Атабаска

3.Сәйкестігін тап

    Өзендер                          бастауы

1.Миссисипи                   А.Үлкен Еріксіздер көлі

2.Колорадо                     B.Гудзон шығанағы

3.Маккензи                     C.Орталық жазық

D.Кариб теңізі

E.Жерорта теңізі

H.Сеңгір таулар

Кілті: 4-топ

1.В;                 2.Е;            3. 1-С;2-Н; 3-А

9-әрекет. «Ой-толғаныс»

«Аквариум» стратегиясы

Оқушылар бір топтың қасына келіп, тақырып бойынша өз сұрақтарын қойып шығады.

10-әрекет. Критериалды бағалау

Сабақ кезеңдері, ұпай көлемдері. Үй тапсырмасын тексеру Топтық жұмыс Постер қорғау Карточкамен жұмыс Қорытынды
«Сиқырлы ұяшық» номенклатура
Дескрипторлар Сұраққа толық жауап берді

 

3 бал

Ерекшелігін , картадағы орнын дұрыс атап , көрсетті

3 бал

Топтық жұмысқа

белсене араласты

3 бал

Ойын толық жеткізе алды

3 бал

Барлығы дұрыс

3 бал

 

13-15 бал — «5»

9-12- бал- «4»

5-8  бал –-«3»

0-4 бал-«2»

 

Сұраққа жауап берді, бірақ толық емес

2 бал

Картадан көрсетті, ерекшелігін атады

2 бал

 

Топтық жұмысқа араласты, бірақ мәліметтері толық емес

2 бал

Ойын жеткізді, бірақ ақпараттары толық емес болы

2 бал

1-2 қате жіберді

2 бал

Жауабында

Қате жіберді

1 бал

 

 

 

 

Картадан көрсетті, ерекшеліктерін атай алмады.

1 бал

Топтық жұмысқа араласты, бірақ қателер жіберді

1бал.

Ойы шашыраңқы

1 бал

3-4 қате

1 бал

Дұрыс жауап бермеді.

0 бал

Мүлде көрсете алмады.

0 бал

Мүлдем араласпады

0 бал

Қорғай алмады

0 бал

4-5 қате

0 бал

Фамилиясы,

аты-жөні

 

 

 

 

       
             
             
             

10-әрекет.Рефлексия

 

Үйге тапсырма:1.§ 32  оқу, мазмұндау.

Кескін картаға өзен, көлдерді түсіру.Жоспар бойынша бір өзенге сипаттама беру.