Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің география пәні мұғалімі   Исмагулова Айгул Рахметкалиқызы

9 «б» сынып оқушысы  Жылтыхаева Асемжан

Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Аудандағы ескі ғимараттарды сәулет өнері арқылы әсемдеу жолдары»

  Аннотация        

Дизайн  қызметінің ерекшелігі — әсем әрі  көркем  жасалаған  тұтыну  заттары  мен  бұйымдардың  қоршаған  ортаға  лайық  үйлесімін  жүзеге  асырып,  ұдайы олардың  жаңа үлгілерін ойлап табу.  Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше, үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады.  Атырау облысындағы  өлкетану мұражайының сырты  келбеті  жаңа  заманауи тұрғыда салынғандығына байланысты өзіміздің  Құрманғазы ауданымыздағы ескі ғимараттарды сәулет өнерін әсемдеу арқылы жаңа үлгіде құрастыруды көздедік. Мысалы, осы өнер туындысына Құрманғазы аудандық мұражайды алдық. Қазіргі таңда мұражайдың аталуы «Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Құрманғазы аудандық бөлімшесі» бөлімше бұл ғимарат 80 жылдары салынған ондай ескі ғимараттардың бірі болуына байланысты, біз ол ғимараттың сәл өзгертуді енгіздік. Себебі ол ауданымыздың орталық бөлігінде орналасқандықтан оның сыртқы келбетін сәл ішкі проектін  жаңа заманауи тұрғыда өзгертуді жөн көрдік. Ауданның орталық бөлігінде орналасқан кеңістіктегі бейнесімен қоршаған ортаға ерекше сән беріп тұрған архитектуралық құрылыс. Құрылыстағы басқа формалармен қатар төбеде орналасқан күмбез архитектуралық бөліктердің басқа түрінен өзгеше. Ғимараттың жеке бөліктері қарапайым геометриялық формалардық жиынтығына ұқсас, сондай-ақ олардың кеңістіктегі көлемдік композицялық орналасумен өзара байланысы көрініс байлығын арттыра түседі.Осы көрсетілген талдау үлгілерімен  сәулет өнері үлгісінде салынған құрылыстардың формаларының жасалуы, күрделі формалардың бірнеше жеке формалардың жиынтығынан тұратындығы. Сәулет өнеріне қатысты күмбез, мұнара, фасад, симметрия сөздерінің мағынасынан түсінуге жәрдемдесті. Құрылыстың бөліктері мен күмбезі өрнекті керамикалық плиталармен қапталады.  Сәулет өнерінде әр түрлі форманың пайда болуы сол кездегі өндірістің дамуы мен құрылыс материалдарының шығуына байланысты еді. Қазіргі кезде құрылыста темірбетон қолданылуына орай архитектураның сипаты өзгеріп, әр алуан формалары қолдануда. Құрылыс негізінен төрт бұрыш пен жарты шар формаларының жиынтығын тұрады. Сәулет өнерінің бұл туындысы кеңістіктегі көлемді формалар композициясының үйлесімді орналасу үлгісін көрсетеді. Архитектура деген тек ғимараттар мен  құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының  өмір  сүру  тіршілігіне  қажет  кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру.

Кіріспе  бөлім

Қазіргі кездің ерекшеліктерінің бірі тарихи-мәдени тамырымызды білуге жоғары қызығушылық таныту болып табылады. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтсақ: «Тарих,бейнелеу сабақтары бізге өткенімізді бағалау үшін ғана емес, болашаққа нық қадам басуда сенімді бағдар жасау үшін де қажет». Сонымен осы негізімізді дамыту бүгініміздің ерекшелігін анықтады және отандық мәдениетіміздің болашақ жағдайының келешегін қалайды. Қазіргі мәселелердің бір бөлігі соңғы кезде архитектураның дамуындағы басты фактор болып табылатын өткен мен қазіргінің арасындағы тығыз қарым-қатынастың белгілі деңгейдегі сабақтастығының бұзылуымен тікелей байланысты болады, яғни «…тарихи даму жалпы уақыт бойынша соңғы үлгі алдындағы пішімдерді өзіне алып келетін саты ретінде қарастыратынына сүйенеді…». Сондықтан архитектураның қалыптасуы мен дамуының қажетті жағдайы, біздің ойымызша, жаңа, өткенді жоққа шығаратын феноменді ойлап табу әрекеті емес, мұраны өңдеу арқасында сабақтастықты қамтамасыз етуде болады.

Күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін  шынайы шеберлік пен терең білім қажет болды. Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар-адамдар жаратқан сиынатын ғибадатханалар бой көтерді, сонымен қатар стадиондар, театрлар,кітапхана, мұражайлар салына бастады. Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды-  «сәулетші» деп, ал олардың туындыларын сәулет деп аталады. Сәулет өнері дизайнмен тығыз байланысты, оның тек ішкі бейнесін емес, сыртқы бейнесі де әсемдеудің әр түрлі жолдары арқылы ескі ғимараттардың  сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен қалпына келтіру жолдары болып табылады. Сәулет өнерін кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып,адамға қажетті заттар ыңғайлы, үйлесімді және әдемі етіп жобалау заман талабына сай жасау деген сөз. Бүгінгі күннің сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты.  [ 1]

                        Негізгі бөлімі.

1.1 Сәулет өнерінің шығу тарихы.

Сәулет өнері —ертедегі адамдар алғашқында үнгірлерде тұрған. Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды. Баспаналар бір-біріне өте ұқсас еді. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен кейінірек саз балшықтан тұрғызылды. Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді.  Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзінің ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін  шынайы шеберлік пен терең білім қажет болды. Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар-адамдар жаратқан сиынатын ғибадатханалар бой көтерді, сонымен қатар стадиондар, театрлар,кітапхана, мұражайлар салына бастады. Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды-  «сәулетші» деп, ал олардың туындыларын сәулет деп аталады.Сәулет  өнері  адамдардың  өмірімен  мен  қызыметіне  қажетті, материалдық  тұрғыдан  ұйымдасқан  орта  құрайтын  үйлер  мен құрылыстар,  сондай — ақ кешендер,  қоғамның  эстетикалық  көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері  мәдениет саласын  құрайды, немесе құрылысты  жобалау, оған  көркемдік  бейне  өнеріде жатады.  Қай елге, қалаға барсақ та, тіпті ауылдада біз  ғажайып  әдемі сұлулығымен  көз тартатын  ғимараттар, сарайлар,  мешіттер,  тұрғын  үйлер, өнеркәсіптік  кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі  қалай  аталатынын  біле  бермейміз.  Бұндай сұлулық сырын  бойына  сіңірген  өнер  туындысын — «сәулет өнері»  немесе « архитектура » дейді, грек  тілінен  аударғанда «аға  құрылысшы» деген мағына береді.  Немесе  «архитектура»  латынша  «archіtectura»,  ал грекше «аrchіtekton»,  яғни  «құрылысшы» деген  мағынаны білдіреді.  Архитектура деген тек ғимараттар мен  құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының  өмір  сүру  тіршілігіне  қажет  кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру.  Жеке ғимараттардан  ансамбль  құру мәселесі,  қаланың қайталанбас кескін-келбетін жасауға тырысуға  ескі  құрылыс пен жаңа  құрылыстың  үйлесімді шешімін табу асқан шеберлікті  қажет етеді. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау,  салу, оған  көркемдік бейне беру өнері.  Архитектура  туындылары  адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар:  әр түрлі  қажеттіліктерді  атқаруға  арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық   ғимараттар,  өнеркәсіптік  кешендер. Сәулет өнері -техниканың, ғылымның  және өнердің  тоғысқан жері. Рим архитекторы  Витрувийдің  айтуынша «Сәулетті  шығармаларда бұлжытпай орындалатын үш қасиет болуы керек» деген.Олар:
а)беріктік-инженерлік  есеп

ә)қолайлылық-тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік — талант — талғамға байланысты.

Сәулет өнері мен  дизайнер — суретшілердің  жұмысында басты қағидалары ұқсас.  Дизайнер – суретші  заттың  пішінін  ойластырады,  әсерлі сызықтар мен түс реңктерін іздестіреді. Заттың түсі де оның қандай қажеттілікке арналғандығына қарап таңдалады. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезеңде  үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген.  Ғасырдан — ғасырға мұра болып келген сәулет  өнері  туындылары  архитектуралы ескерткіштер қатарына жатады.  Сәндік қолданбалы өнер кейінгі орта ғасырдағы  қазақ  халқының құрылыс, сәулет өнерінде айқын орын  алғандығын байқауға болады. Мәселен, кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы немесе тұскиіздер  мен текеметтегі оюлар  қолданбалы  өнердің  дамығандығын көрсетеді. [2 ], [ 7]

1.2. Дизайн –әсемдеу жолдары.

Бейнелеу өнердегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі – «дизайн».  Бейнелеу өнерінің бұл түрі үнемі даму үстінде. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. «Дизайн» —  ағылшынша  «design» —  жоба,  жобалау,  сызу  жоспар, сурет. Дизайн дегеніміз – кез келген бұйымның  жаңа үлгісін  жан-жақты салыстырып, адамға қажетті заттар ыңғайлы,  үйлесімді және әдемі етіп жобалау заман талабына сай жасау деген сөз. Осы  орайда  ұлттың өзіндік қолтаңбасы  бар  көркем  бұйымдар  жасаудың   жаңа  үлгісін  табу өнеріміздің  озық  үлгісіне  айналмақ.  Көркемсурет  және  сәулет өнерінің өнеркәсіп  бұйымдарының  ең  үздік  үлгілерін  жасау  және  заттық  ортаны үйлестіру  шараларын  қамтитын  бағытының  атауы.  Дизайн  қызметінің ерекшелігі — әсем әрі  көркем  жасалаған  тұтыну  заттары  мен  бұйымдардың  қоршаған  ортаға  лайық  үйлесімін  жүзеге  асырып,  ұдайы олардың  жаңа үлгілерін ойлап табу.  «Дизайн » атауы  немесе Дизайнның ең  алғашқы  түрі  1928  жылы  АҚШ-та  пайда  болды.  Мұнда бірнеше  дизайндық  фирмалар  құрылды.  Сол  кезден  бастап  дизайн  жаңа қызметтің  түріне  айналды.   Дизайнның  терминдік   атауы   жаңа болғанымен   оның  негізгі  ерте  замандарда-ақ  қалыптасқан.  Мысалы,  қазақ  қолөнер  бұйымдарының  қайталанбас  түрлері  этнодизайндық   үлгіде  жасалған (қобыз,  домбыра,  сандық,  ожау,  торсық,  қару-жарақтар,  сәндік әшекейлі бұйымдар,т.б).  Дизайн  өнері  заттар мен  нысандардың эстетикалық және тұтынушылық  сапасын олардың  тікелей  қолданысына  арналған  тиімді  құрылысымен,   дайындалу  технологиясымен  байланыстарын  көпеген  әдістерге  жүгінеді.  Безендіру өнерінде де  Дизайнның  әдіс-тәсілдері  мен  тәжірибесі  кең  қолданылады.  Қоғамдық — мәдени  өмірде  дизайнның  қолданылмайтын  орны  сирек.  Ал  бүгінде  ХХ-  ғасырда  жаңа  тұрмыстық  жағдайға байланысты  дизайн өнеріне  жаңалықтар  кіргізу  мәселесі  қарастырылады.  Әлемдік  мәдениет  қатарына  қосылу  үшін  дизайнды  жаңа  тұрғыдан  қарастыру  көзделіп отыр.  Дизайн  өнері  орындалу  тәсіліне  және  қолданылу  саласына байланысты  көптеген  түрлерге  бөлінеді:  Өндірістік  дизайн,  қоршаған орта дизайны,графикалық дизайн,                т.б.  Сондықтан  дизайн  жасаушы  суретші  не сәулетші  ғана  емес, социолог, психолог, инженер  болуы  шарт. Дизайн өнері  заман  талабына  орай  үнемі  өзгеріп,  дамып  отырады.  Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше, үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады.  Бұл да жетістік болып табылады.  Дегенмен  бүгін біз өз еліміздің, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ  дизайн  үлгісінің  әдіс-тәсілдерін  іздеуге  жаңа ықпал жасауымыз керек.  Әсіресе  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  сән-салтанатты тұрмысының  құрылымдық  ерекшелігі  әдемі  болуы  тиіс.  Дизайнды оқып үйренудің  өзіндік  үйлестіру  заңдылықтары  бар. Атап айтқанда:  статика,  ритм,  контраст,  динамика,  симметрия, метр, асиметрия, июанс, контраст,т.б   [3 ]

  1.3. Ғимараттарды сақтау және қалпына кетіру жолары.

Қазақстан Республикасының  Тарихи –мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы заңының  негізгі ұғымдары:

1.Қала құрылысы  мен сәулет ескерткіштері-сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, ормадар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары,сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты.

  1. тарих және мәдени ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары-тарих тарих және мәдени ескерткіштеріндегі жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік,ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының  барлық түрлері.

7-тарау.Тарихи және мәдениет ескерткіштерін пайдалану тәртібінің

34-бап. Тарихи және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын басшылыққа алу жолдары.

1.Ғылыми зерттеу- тарих және мәдениет ескерткішін сақтау жөнінде жобалау-сметалық құжаттама жасау және қажетті жұмыстар жүргізу мақсатында оның сапасын және сақталу деңгейін зерделеуге, бағалауға бағытталған іс-шаралар кешені.

2.Реставрациялау- тарих және мәдениет ескерткішін құндылығы жоқ және ескерткіштің келбетін бұзатын қабаттардан тазарту жолымен оның тарихи,сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын, ғылыми негізделген деректер арқылы ғимараттың, ансамбльдің, кешеннің жоғалған элементтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені.

3.Қайтадан жасау- жеткілікті ғылыми деректері мен тарих  және мәдениет ескерткішінің айрықша тарихи, ғылыми,көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы болған кезде жоғалған тарих және мәдени ескерткішін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені.

4.Жөндеу — тарих және мәдени ескерткішінің техникалық жай-күйін оның келбетін өзгертпей, кезеңдік жұмыстар жүргізу жолымен  күтіп-ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені.

5.Бейімдеу- тарих және мәдени ескерткішінің тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұсқан келтірмей, оның қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.

Тарих және мәдени ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарының негіздемелері:

1.Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары-уәкілетті органның бақылауымен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары облыстардың ,жергілікті атқарушы органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.

  1. Тарих және мәдени ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары бюджет қаражаты, инвестициялар тарту есебінен, сондай-ақ тарих және мәдени ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
  2. Тарих және мәдени ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады.

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау,қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы  М.Кипиев жолдаспен кездескендегі тұжырым жоғарыда айтылған заңдар, баптарды назарда ұстауды көздеді. [ 6]

Өз туған өлкеміздің заман талабына сай ескі ғимараттарды жаңарту немесе қалпына келтіру шараларымен айналысып жүрген  ауданымыздағы сәулет және қала құрылыс бөлімінен қысқаша мағұлмат алайық.

Атырау облысындағы  өлкетану мұражайының сырты  келбеті  жаңа  заманауи тұрғыда салынғандығына байланысты өзіміздің  Құрманғазы ауданымыздағы ескі ғимараттарды сәулет өнерін әсемдеу арқылы жаңа үлгіде құрастыруды көздедік. Мысалы, осы өнер туындысына Құрманғазы аудандық мұражайды алдық. Негізі 1963 жылы Ломоносов мектебінң жанынан қаланды. Ол кезде қоғамдық негізде жұмыс істеді. Қоғамдық мұражайдың жетекшісі болып жергілікті өлкетанушы З.Бектенов қызмет жасады. 1979жылы аудандық мұражай болып ашылды. 1982 жылдан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімшесі 5 жарым мыңнан астам жәдігер бар. Олар алғашқы қауымдық құрылысынан күні бүгінге дейінгі аралықты қамтиды. Мұражайда  қазақтың зергелік,қолөнер бұйымдарының үлгілері, көне ақша, тас және қола дәуіріндегі бұйымдар. Құрманғазы, Дина, Мақаш т.б. тұлғалар жөнінде құнды деректер жинақталған. Қазіргі таңда мұражайдың аталуы «Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Құрманғазы аудандық бөлімшесі» бөлімше  меңгерушісі Талғат Жумалиевпен кездесе отырып бұл ғимарат 80 жылдары салынған ондай ескі ғимараттар қатарына жатқызылмайтынын айтқандығына байланысты біз ол ғимараттың сәл өзгертуді енгізетіндігімізді айтқанбыз. Себебі ол ауданымыздың орталық бөлігінде орналасқандықтан оның сыртқы келбетін сәл ішкі проектін  жаңа заманауи тұрғыда өзгертуді жөн көрдік.

Сәулет өнерінде әр түрлі форманың пайда болуы сол кездегі өндірістің дамуы мен құрылыс материалдарыныц шығуына байланысты еді. Қазіргі кезде құрылыста темірбетон қолданылуына орай архитектураның сипаты өзгеріп, әр алуан формалары қолдануда. Құрылыс негізінен төрт бұрыш пен жарты шар формаларының жиынтығын тұрады. Сәулет өнерінің бұл туындысы кеңістіктегі көлемді формалар композициясының үйлесімді орналасу үлгісін көрсетеді. Ауданның орталық бөлігінде орналасқан кеңістіктегі бейнесімен қоршаған ортаға ерекше сән беріп тұрған архитектуралық құрылыс. Құрылыстағы басқа формалармен қатар төбеде орналасқан күмбез архитектуралық бөліктердің басқа түрінен өзгеше. Ғимараттың жеке бөліктері қарапайым геометриялық формалардық жиынтығына ұқсас, сондай-ақ олардың кеңістіктегі көлемдік композицнялық орналасумен өзара байланысы көрініс байлығын арттыра түседі.Осы көрсетілген талдау үлгілерімен  сәулет өнері үлгісінде салынған құрылыстардың формаларының жасалуы, күрделі формалардың бірнеше жеке формалардың жиынтығынан тұратындығы. Сәулет өнеріне қатысты күмбез, мұнара, фасад, симметрия сөздерінің мағынасынан түсінуге жәрдемдесті. Құрылыстың бөліктері мен күмбезі өрнекті керамикалық плиталармен қапталады. Сәулет өнер туындысы күмбез, минарет, арқа сияқты конпознциялық көлемді элементтердің жүйесінен тұрадыНәтижесінде көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиені ұштастыра берудің ұтымды жолдары айқындалды. Бұл құрылыстың эскизін сызып макет құрастырылды.  Құрылыстың  ішкі  проектсі

1гардероб

2 – 1 – зал

3 – 2 – зал

4 – 3 – зал

5 – баспалдақ

Ал ғимараттың бұрынғы бейнесіне сәл өзгертулер енгізілді жаңа бейнесінен құрастырдым,  сонымен бірге кез-келген адам өзі проектіні салып,эскиз жасай алады дегім келеді ешбір маманға сүйенбей-ақ.

Қорытынды

Сәулет өнері мен әсемдеудің көркемдік ерекшеліктерін оқушыларға талдап түсіндіру, құрылыстың салынуы туралы мәліметтер беру, өлкенің кешегі және бүгінгі өмірін салыстыру баланың, таным қабілетін дамытуға ықпал етеді.     Құрманғазы ауданымызда қазіргі таңда сәулет өнері мен дизайнның сан алуан түрлерін пайдаланып ескі ғимараттарды жаңарту немесе қалпына келтіру жұмыстары  жүргізілуде. Ескі ғимараттың бірі «Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Құрманғазы аудандық бөлімшесі». Ол ғимаратқа  сәл өзгертуді енгіздік. Себебі ол ауданымыздың орталық бөлігінде орналасқандықтан оның сыртқы келбетін сәл ішкі проектін  жаңа заманауи тұрғыда өзгертуді жөн көрдік. Құрылыс негізінен төрт бұрыш пен жарты шар формаларының жиынтығын тұрады. Сәулет өнерінің бұл туындысы кеңістіктегі көлемді формалар композициясының үйлесімді орналасу үлгісін көрсетеді. Ауданның орталық бөлігінде орналасқан кеңістіктегі бейнесімен қоршаған ортаға ерекше сән беріп тұрған архитектуралық құрылыс. Құрылыстағы басқа формалармен қатар төбеде орналасқан күмбез архитектуралық бөліктердің басқа түрінен өзгеше.                   Архитектуралық құрылыстардың әсем болуы қажеттігінен, құрылыстың жаңа конструкциялары мен формаларының түрлері, интерьерлер мен экстерьлер көріністерін сәндік көркем безендірудің тәсілдері қоланылды. Көркемдеу элементтері халық өнері туындыларымен синтездік байланыста дамыды. Сәулет өнерінде әр түрлі форманың пайда болуы сол кездегі өндірістің дамуы мен құрылыс материалдарыныц шығуына байланысты еді. Қазіргі кезде құрылыста темірбетон қолданылуына орай архитектураның сипаты өзгеріп, әр алуан формалары пайда болуда. Қорыта келе оқушыларға  көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің бір жолы оларды туған өлкедегі өнер және сәулет өнері туындыларымен таныстыру Аудан  көлемінде танымдық, тәрбиелік маңызы бар сәулет өнерінің ертеден сақталған тарихи халықтық мұралары аз емес, оларды жаңартып қалпына келтіру біздің міндетіміз.

 Пайдаланылған   әдебиеттер

  1. Қазақстан архитектурасы – Архитектура Казахстана. – Алматы:  «Өнер» баспасы, 2012жыл.  102 -105.беттер.
  2. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев –Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы 1998 жыл  І том 457-462, 688-689, 534беттер.
  3. 3. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев –Алматы «Қазақ  энциклопедиясы» Бас редакциясы 1998 жыл ІІІ том 232 бет.
  4. 4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы «Аруна Ltd»       ЖШС   2005 жыл.74бет .
  5. Құрманғазы ауданы. Шешіре. «Арыс» баспасы. Алматы  2008 жылы бас редактор: А. Ғұмаров  42-43,45-46 беттер.
  6. «Тарих және  мәдениет  ескерткіштері  мен  тарихи — мәдени  мұра обьектілерін  қорғау  туралы   заңнамалар  жинағы»  Атырау-2014жыл.

8-10, 22-23беттер.

  1. Орта ғасырдағы Қазақстан  тарихы:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  7-сыныбына  арналған  оқулық,  авторы  Жолдасбаев.С \Алматы; Атамұра, 2003жыл 79-80,136-140 беттер.