Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Мағжан Жұмабаев атындағы,

№137 жалпы білім беретін мектеп

Нүркеева Сәуле Құсманқызы 

 

Коучинг жоспары

 

                    Мерзімі                                                              Уақыты

 

Сілтеме Жоспар
Сабақ атауы

Коучинг

·        Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту технологиясының сабақтағы тиімділігі
Жалпы мақсаттар ·         Оқыту мен оқудағы СТО –ны дамыту жөніндегі ақпарат алады, СТО дамыту әдістерімен танысады, сабақ үрдісінде қолдануды  жоспарлайды.
Оқыту нәтижелері Ø Cын тұрғысынан ойлауға үйретуді меңгереді;

Ø Cын тұрғыдан ойлау технологиясын білім беру үрдісіне енгізеді;

Ø Cын тұрғысынан ойлау әдістемесін оқу жоспарына  тиімді енгізеді;

Ø Cын тұрғысынан ойлау технологиясын пайлана отырып оқушылардың қызығушылығын  арттырады;

Ø Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдылары қалыптасады.

 

Негізгі идеялар ·         Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің — пәрменді тәсілдердің бірі.

·        Оқу, сөйлеу, жазу және тыңдау сияқты қарым-қатынас, оқыту мен оқудың басты элементтерінің  негізін қалайды.

·        Айқын болып көрінуі мүмкін идеяларды біздің тексеруімізге және қайта тексеруімізге қарай бір көзқарасты өзгерту ниетін туғызады.

·        Бізге факті мен пікір арасындағы айырмашылықты анықтауға, орынды сұрақ қоюға, толық қадағалау жасап, болжамдарды табуға және олардың терминдерін айқындауға  және салмақты логикалық дәлелдер негізінде пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді.

 

Тапсырма 1. 2. 3 .4

 

 
Дереккөздер «Білім берудегі сын      тұрғысынан ойлау» атты слайд,  Нұсқаулық,

 

 

 

1-сабақ (90 мин.)

Тақырыбы:

 Психологиялық жағымды ахуал тудыру:  «Жүректен жүрекке» стратегиясы (5 мин.)

Шарты: мұғалімдер шеңбер бойы тұрады, сағат тілі бойынша бір-біріне ізгі тілек білдіреді.

Топқа бөлу. Қоржыннан қатысушылар асықтар алады:

Қызыл асық- «Алшы» тобы

Сары асық- «Шік» тобы

Көк асық «Бүк» тобы

Жасыл асық «Тәйке» тобына бөлініп орындарына жайғасады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы  туралы не білесің?-деп коуч қатысушыларға үш омартаны ұсынады қатысушылар сол омарталарға араны апарып жабыстырады, ол арқылы коуч қатысушылардың СТО туралы білетін ақпараттарына өздеріне рефлексия жасатады.

1-омарта – естуім бар

2-омарта- білемін

3-омарта- өте жақсы білемін

                  Естуім  бар                       Білемін                        Өте жақсы білемін

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма. «INSERT-түртіп алу»  әдісімен жұмыс жасату үшін Қожа Ахмет Иассауи туралы ақпарат ұсынылады.

1-қадам.Қатысушыларға кесте ұсынылады, қатысушылар кестенің әр бөлігімен танысады,

«v»

 Бұрыннан

білемін

«-»

Мен ойлағандай

емес

«+»

Жаңа

ақпарат

«?»

Тереңірек білгім

 келеді

 

 

 

     

қолдарына қарандаш алып ақпаратпен жұмыс жасайды, жұмыс барысында кесте бөліктеріндегі шартты белгілермен ақпаратты белгілеп отырады.

2-қабам.Қатысушылар ақпаратпен танысып болған соң кестенің әр бағанасын толтырады, сол кестелердің әр бағанасының мазмұнын бірлесе айтып шығады.

3-қадам. Коуч қатысушылардан  бұл әдіс туралы сұрап оның тиімді тұстары туралы айтып кетеді.

 

2- тапсырма. Коуч қатысушыларға «РАФТ» әдісін ұсынады. Бұл әдісті орындау үшін жоғарыда жұмыс жасаған тақырыпты негізге алуға ұсыныс жасайды.

Рөл, Аудитория, Форматты өздері таңдайды. Соңынан өздері дайындаған ақпаратты АВТОР орындығында оқу ұсынылады.

Рөл

(жазушының рөлі)

Аудитория

(жазудың обьектісі кімге?)

Формат

(жазудың түрі)

Тақырып

(қандай тақырып)

       

 

 

3-тапсырма.  Қатысушыларға «Бес жолды өлең» әдісі ұсынылады, ол үшін қатысушылар Қожа Ахмет Иассауиға қатысты зат есім таңдап алады.

1-қадам әдістің орындалу барысы түсіндіріледі,  ол үшін төмендегі  сызба ұсынылады.                                     Бес жолды өлең

1 зат есім

2 сын есім

3  етістік

4 сөзден тұратын фраза немесе сөйлем

синоним

_______________

______________      _______________

____________      ________________      _______________

___________   ____________   _____________   ___________

________________

4-тапсырма. «Терминдер арқылы болжау» әдісімен жұмыс жасалады, әдістің кейбір ерекшеліктері туралы айтылады.

1-қадам. Бұл әдісті орындау үшін төмендегідей 3 бөлікке бөлінген 3 бөлімнен тұратын кестелер  ұсынылады:

                                                                                                                          І  бөлім

                               Не болады  деп ойлайсыз? Оған қандай  дәлеліңіз бар ? Не болды?
 

 

   

                                                                                                                          ІІ  бөлім

                               Не болады  деп ойлайсыз? Оған қандай  дәлеліңіз бар ? Не болды?
 

 

   

                                                                                                                          ІІІ бөлім

                               Не болады  деп ойлайсыз? Оған қандай  дәлеліңіз бар ? Не болды?
 

 

   

2-қадам. Әдіспен жұмыс жасаудың жолын ұсыну үшін алдын-ала таңдалып алынған тақырыпқа сәйкес суреттер ұсынылады: олар

 

 

     Ферма               радио                 кісен                     машинадағы қыз          ит

 

3-қадам. Қоуч мәтінді оқымас бұрын, мәтіндердің әр бөліктерінде болжау жасатып, кестені толтырта отырып «Ванессаның бір күні» атты мәтінімен жұмыс жасатады.

5-тапсырма. «Даралық пен ұқсастық» әдісі ұсынылады.

1-қадам. Қатысушылар кабинетте ілініп тұрған «арыстан», «жылқы», «аю», «қоян» суреттеріне назар аударады, сол жануарлардың қайсысы өздеріне ұнайды сол жануарлардың қасына барып тұрады, өздері неліктен бұл жануарды таңдағандарын айтып, ой бөліседі.

2-қадам. Қатысушыларға әдістің сызбасы ұсынылады, қатысушылар 4 жануарды да жазып шығады, әрқайсысының жеке қасиеттерін жазады және ортақ қасиеттерін жазып шығады.

                                               «ДАРАЛЫҚ, ҰҚСАСТЫҚ»

   Өзіндік  ерекшелік

 

ортақ
Өзіндік  ерекшелік

 

Өзіндік  ерекшелік

 

Өзіндік  ерекшелік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия 1.Өздерін бағалау үшін «Бағалау қоржыны» ұсынылады. Қатысушылар өздерін қоржынға асық жабысту арқылы бағалайды. 3 қоржын бағалау төмендегідей жүзеге асырылады.   

Егер барлығы сізге түсінікті болса – 3 қоржын;

Егер қиындықтар кездессе -2-қоржын

Егер ештеңе түсініксіз болса –1-қоржын

 

 

2 .«Қосу-алу-қызықты» стратегиясы  (парақша т/у —  +, -, қызықты)