Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, №94 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

 

Давранбекова Гүлчехра Гүлтораевна

 

МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУ

 

Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті — білім мазмұны мен сапасын арттыру,білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Енді еліміз егемендік алып дамыған, прогресшіл елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде

қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Сол себепті білім беруді мектептен

бастап, оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз абзал. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек.Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс- әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді. Әр адам өзінің атқарған жұмысының нәтижесін көргісі келетіні шындық, ал оқушылар үшін білімдерін бағалау, еңбектерін бағалау олар үшін ең маңызды.

Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушыны ынталандыратын құрал, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің

белсенді қатысушысы бола алады. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін.

Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Оқушыларды бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау.

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім берудегі 7 модульмен, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Оқушылар болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму

мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс- әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін

қолданады. Енді өзімнің сабақтарымда қолданып жүрген бағалау

әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтсем, тарих сабақтарында оқушыларды бағалаудың мынадай түрлерін қолданып келемін.

  1. Формативті бағалау әдістері.

Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Формативті бағалаудың ерекшеліктері — оқушының күнделікті білім сапасы; білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу; «5» балдық бағалау жүйесінің

жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою;

оқушының бағалаудан алған эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау дағдылары.

Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.

Формативті бағалау әдістерін бірнеше шартты қатарлар мен түрге жіктеуге болады.

  1. «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез- келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.
  • Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары

бағытталады)

  • Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
  • Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

Көрсетілген белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын қадағалаймын.

(1) Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрайды.

(2) Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.

(3) Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» сонны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс.

Оқушылардың жауаптарының қорытындыларына қарай өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беремін. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, тағы бір шағым тексеру жұмысын жүргіземін.

Бұл жұмыс оқушылардың тақырыпты түсіну барысындағы өзгерістерді байқау үшін арналған.  

Бағдаршам әдісі. Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар тарата отырып, оқушылардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұраймын.

  • Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді.
  • — Не түсіндіңіз?
  • Сары және қызыл карточка көтергендер: — Сіздерге не түсініксіз?

Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.  Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынамын.

Бұл тәсіл оқушыны ойлануға, шапшаң қимылдауға, оқулықтан алған білімін жүйелей алуға және сабақты өмірмен байланыстыруға үйретеді.

Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс) Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:

Бала қашанда мақтау сүйетіні белгілі. Сондықтан сабақта мадақтар айту, жарайсың, тамаша, керемет деген сөздіктер балаға қанат бітіреді. Осыған орай оқушылардың берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуге болады. Мадақ сөздер айта отырып, оқушыға жаттығуды орындағандағы жіберген қателерін ақырын ескертемін. Мұндай әдісті қолданғанда оқушылар жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жетуі үшін алға ұмтыла бастайды.

Қате түсінікті тексеру

Үй тапсырмасын қалай меңгергендігін байқау үшін оқушыларға қандайда бір

ұстанымның (идея) талдауларының қате болжамдарын немесе әдеттегі қате түсініктерді әдейі беремін. Мысалы А.Иманов Ұлы Отан соғысының батыры.Ұлы Отан соғысында монғолдар қатыгездік көрсетті. Сонан соң оқушылардың менің жазбаммен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, өздерінің көзқарастарын айтуларын сұраймын. Бұл әдіс оқушыны

нақтылыққа, сенімділікке жетелейді.

Оқушылармен жеке әңгімелесу. Сыныпта мотивациясы төмен, жоғары оқушылар бар, олардың қабылдау қабілеттері түрліше болады. Сондықтан жеке әңгімелесуоқушы деңгейі мен түсініктерін байқау үшін жүргізіледі.

Бүгінгі күндегі сабақтарымыз топық түрінде өтеді

 

Сыныптағы сапалық жиынтық бағалау келесі мәселелерді қарастырады:

Критериалды бағалаудың міндеттері:

— Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

— Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

— Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

— Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

— Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

— Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

— Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге.

Практикалық маңызы:

— Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;

— Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;

— Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;

— Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады.

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

— Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

— Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

— Сабақ берудің сапасын арттыруға;

— Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

— Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

— Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге.

Оқушылар үшін:

— Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

— Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

— Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

— Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Біз, мұғалімдер ұжымы, бағалаудағы әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, оқушыларды нақты, әділ бағалауымыз керек. Ізденімпаз мұғалімдерден білім алған әрбір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса, Тәуелсіз еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, биік

шыңдарды бағындыратынына сенімдіміз. Дж. Роттердің «өзін-өзі реттеу, өзіндік баға білім алушылардың ой өрісін байытуға мүмкіндік береді…» деген пікірін бір сәт естен шығармағанымыз жөн.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде. С.Мирсеитова,

Қарағанды, 2011ж.

  1. Ғаламтор беттері.