Кәсіби бағдарлану ерте жастық шақтың жетекші құралы ретінде

 

Алишева Меруерт Руслановна,

Қарасай ауданы,Бекболат ауылы

1 Май орта мектекбінің

Педагог-психологі

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсатын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай «Болашақ өркениеті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан , қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру керек.»

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім  берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай,білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын өзгеруде. Өйткені келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.

Кәсіптік бағдар деген не? – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қойылатын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда ,халық шаруашылығы, оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың  түсінігін еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру. Кәсіби бағдар беру- жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлеміне, олардың мазмұны мен, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттері мен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау,үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

-оқушылардың бойында ішкі психологиялық- әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу.

— түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу.

— кәсіпті өз бетінше , саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып таңдауға тәрбиелеу.

Республикамыздың Конституциясында еліміздің азаматына еңбек етуге құқық берілген, оның ішінде біліміне,қабілетіне,кәсіптік даярлығына сәйкес, 24- бап бойынша «Әркімнің еңбек ету бостандығына , қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар». Бұл құқық толығымен жүзеге асырылуы үшін еңбек барлық азаматтардың қажеттілігіне айналуы тиіс.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің жан-жақты және күрделі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін әрбір мұғалім, сынып жетекші өзінің күнделікті педагогикалық іс-әрекеттерінде еңбек тәрбиесінің негізгі қағидаларын берік меңгеріп және оны басшылыққа алуды талап етіп отыр.(10,103 б)

Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар : қабілеттілік, қызығушылық,бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар,идеясы, сенімі т. б.

Адамның қабілеттілігі қоршаған ортаға,әрбір адамның өзін-өзі шындауына , адамның әлеуметтік  бейімделген қызметі деп қарау керек. Сол себепті де, К.К. Платонов «Қабілеттілік – ол жеке адамның қасиеті, бірақ оның белгілі бір қызметке қатынасына қарай анықталады»-деп айтқан.

Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілінің игерудегі тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.

Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы, адамның абстракты ойлау жүйесі күшті дамыған болған мен, практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе теорияны өте жақсы білгенмен, ұйымдастырушылық қабілеті нашар болуы мүмкін. Сондықтан баланы оқытудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастырып,дамытып жетілдіру қажет.

Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелерінің көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай мамандыққа икемі қабілеті бар екендігін анықтауға болады. Атап, айтсақ , темпераментті зерттеуге арналған Айзнек, Стреляу тестері, Басса-Даркин, Шмишек т.б.

Әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.

Тұлғаның қабілеті, икемділігімен бірге қоғамның осы мамандарға қажеттілігін ашуды қарастырған жөн.  Осы екі жақты сұранысқа жауап бере алмай, кей мамандықтар сұранысқа ие бола алмайды. Кейбір мамандықтар сұраныстары артық болуы айқындалып отыр.

Оқушыларды мамандыққа бейімділіктерін айқындауда төмендегі принциптерді ескерген жөн:

Белсенділік принципі – мамандықты таңдағанда оқушының рөлі. Оны дамыту арқылы, әдебиет , теледидар арқылы үйірмеге қатысу барысында, икемділігі мен қабілетінің жүзеге асуы.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйесінің мақсаты оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру. Қазіргі кәсіби бағдар беру жұмыстары көбінесе психологиялық ағарту. Ол – кәсіби ақпарат беру, кәсіби жарнама, кәсіби жариядан тұрады. Негізгі сипаты – кәсіби диагностика оқушының мамандыққа деген қызығушылығын,икемділігін анкета, тест арқылы анықтау.

Жалпы мамандық таңдау қиындығының шешімін француз психологі А.Леон диагностикалық және тәрбиелік тәсіл деп атады. Бірінші , диагностика – оқушының икемділігін анықтауға келеді. Психолог кеңесші арнайы әдістер көмегімен адамның қабілетін және оқуға деген талаптарын салыстыру жолымен олардың сол мамандыққа сай немесе сай еместігі жөнінде қортындыға келеді. А. Леон бұндай әдісті механикалық деп санайды.

Екінші тәсіл, тәрбиелік – еңбекқорлыққа, еңбексүйгіштікке бағытталған. Негізі мәні әртүрлі қызмет түрлерін игеру процесіндегі тұлға дамуын зерттеу.

Осы орайда ерте жастық шақтың жетекші құрылысы ретінде оқушының кәсіби бағыттылығын ұйымдастыруда мектеп психологі мынадай тақырыптарды меңгеру арқылы шешімін таба алады:

  • Оқушының психологиялық даму ерекшелігі, пәнге деген қызығушылығын анықтау.
  • Тілдік қоры, мәдени сөйлеуі.
  • Өздігінен ізденісі
  • Тәрбие жұмыстарында оқушының белсенділігі.

Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда психолог оқушылардың көмегімен зерттеу жұмысын жүргізеді:

  • Сауалнама
  • Тест , психологиялық, пәндік.
  • Кесім алу,срез
  • Бақылау, байқау жұмыстары.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысына әрбір ата-ана балаларын өздерінің мамандықтарымен таныстырулары керек. Мамандықты игеру үшін білімнің қажеттілігін айтулары тиіс. Тәрбие жұмысының мұндай түрі ата-ананың еңбек іс-әрекетіне балалардың  ынтасын, қызығушылықтарын көтереді. Әкесінің немесе анасының мамандығын таңдауға шешім қабылдайды. Отбасылық кәсіптік бағдар беру жұмысын жақсартады. Оқушылардың дұрыс кәсіптік бағдар алуы, оқушыларға қоятын талаптардың жүйелілігіне байланысты.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Макаренко А.С. Выбор профессий, «Педагогика» 1984.
  2. Скатин М.Н , Костяшин Э.Г. Трудовое обучение, воспитание и профессиональная орентация школьников, «Просвещение» 1984.