Атырау облысы, Атырау қаласы

Қ.Сәтбаев атындағы №19 орта мектептің

химия пәні мұғалімі

Сағындық Света Ерсайнқызы

 

Сабақ тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар

Мақсаты:

білімдік:ХР жылдамдығы мен  оның негізгі сатылары туралы түсініктерді қалыптастыру;Жылдамдыққа әсер ететін факторларды білу және оның әсерін  түсіндіре білу.

дамытушылық: гомогенді және гетерогенді жүйедегі жылдамдық, лимиттеуші саты туралы ұғым қалыптастыру;

тәрбиелік: зерттеушілік ,байқағыштық және өзара пікір алмасу дағдыларын жетілдіру:

 

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ әдісі: сұрақ- жауап,АКТ, тәжірибелер,ой қорыту,есеп шығару

Сабақ көрнекілігі;бейне көрсетілім,натрий түйіршігі,су,мырыш түйіршігі,тұз және сірке қышқылы

 

1.Қызығушылықты ояту:

А. Мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуі

Б. Мырыштың сірке қышқылымен әрекеттесуі

Реакциялардың жүру белгілерін атаңдар

Жүру уақытының айырмасы бар ма?

Қайсысы жылдам  жүрді?

Жылдамдық деген не?

Механикалық қозғалыстың жылдамдығын қалай анықтайды?

Жылдамдықтың өлшем бірлігі?

 

2.Жаңа білімді меңгерту:

А. Химиялық реакция жылдамдығы туралы түсінік

Б.Гомогенді реакция жылдамдығы

В.Гетерогенді реакция жылдамдығы

Г.Жылдамдық арқылы жүргізілетін есептеулер

 

3.АКТ арқылы дамыту жұмысы

Бейнекөрсетілім: Жылдамдыққа әсер ететін факторлар

ХР- ға әсер ететін факторлардың тірек сызбасын құрыңдар

 

ХР

 

Бейнекөрсетілімді естеріңе түсіре отырып,әрбір факторды талдаңдар

 

Әрекеттесуші заттар табиғаты

Мына реакциялардың қайсысы шапшаң жүреді:

Na + H2O =

K +   H2O =

 

Әрекеттесуші заттардың концентрациясы

Ас үйдегі газды пайдалану тәжірибемізден

Әрекеттесуші массалар заңы (Гульдберг-Вааге, 1874ж)

А  +  В   =  С  + Д

υ = k * Ca * Cb

Температураның әсері  (Вант- Гофф):температура әрбір 10°- қа көтерілген сайын жылдамдық  2-4 есе артады.

 

Катализатор  (оқушылар анықтамасын айтады)

 

3.Бекіту жұмысы

 

Оқулықпен жұмыс.  96-бет 1-4 жат. (ауызша)

97-бет  13 жат. (тақтада)

 

4.Үйге тапсырма:§3.8 (34),8-12 жат

Қосымша тапсырма (М.В.Усманова):111-бет  2,3-жат.

 

 

 

.