Атырау облысы, Атырау қаласы

Қ.Сәтбаев атындағы №19 орта мектептің

химия пәні мұғалімі

Сағындық Света Ерсайнқызы

Сабақ тақырыбы:  Химиялық реакцияға өршіткінің әсері.Катализ.

Мақсаты:

білімдік: катализ және өршіткілер туралы түсінік беру;гомогенді  және  гетерогенді жүйелердегі катализ құбылысының мәнін ашу; катализдің адсорбциялық теориясы туралы көзқарас туғызу.

дамытушылық: тірі ағзаларда және өнеркәсіптік  химиялық  процестердегі өршіткілер мен басытқылар туралы ақпарат жинау;

тәрбиелік: ақпарат бөлісуге,пікірін жеткзе білуге және өзге ойларды тыңдай білуге баулу.

Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ әдісі:  сұрақ — жауап,өз бетімен жұмыс,топтық жұмыс,тест жүргізу

Технология: АКТ,интернет қоры

Көрнекілігі: бейнетәжірибе,су,ашытқы,қант,сынауықтар,слайдтар

 

Сабақтың жүрісі:

 

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу,сабаққа ықыластарын  аудару

Үй тапсырмасын сұрау және білімді толықтыруды « Миға шабуыл» әдісімен жүзеге асыру:

Оқулық 110-бет С деңгейі  2- жаттығу

Оқулық 110-бет С деңгейі  3-жаттығу

ХР жылдамдығы деген не?

Жылдамдықтың формуласы?

Гомогенді реакция,оның формуласы?

Гетерогенді реакция,оның формуласы?

Жылдамдыққа әсер ететін факторлар?

Гульберг- Вааге формуласы?

Вант -Гофф формуласы?

Температуралық коэффицент?

ХР жылдамдығының өлшем бірлігі?

Натрий мен цезийдің қайсысы сумен шапшаң әрекеттеседі?

Лимиттеуші саты деген не?

Жылдамдыққа әсер ететін бесінші фактор атаңдар.

 

Жаңа білімді меңгерту бөлімі:

Бейнероликтен көрсетілім:  « Вулкан» тәжірибесі

( NH4)2Cr2O7    =   Cr2O3  +   N2  +  4H2O

Ең арзан катализатор  — хром  (III) оксиді

Жаңа сабақтың тақырыбы: Химиялық  реакцияға  өршіткінің әсері.Катализ.

 

Жаңа тақырып бойынша оқулықпен жұмыс: Глосарий құрыңдар

Өршіткі( катализатор)-  ХР жылдамдығын тездететін,бірақ реакция нәтижесінде өздері жұмсалмай қалатын заттар.

Каталитикалық реакция- өршіткі қатысында жүретін реакциялар.

Катализ — өршіткі қатысуымен реакция жылдамдығының өсу құбылысы.

Тежегіш (ингибитор)- реакция жылдамдығын баяулататын заттар.

Адсорбция — газ тектес немесе еріген заттардың басқа қатты заттардың бетінде топтасуы.

Адсорбент — бетінде адсорбция жүретін қатты заттар.
Тәжірибелік бөлім:

А.Бейнекөрсетілімдер: Сутегі пероксидінің айрылуы

Аммиакты тотықтыру

Бұл тәжірибелерде қандай катализаторлар қолданылды?

 

Б.Қамырдың ашу реакциясын жасау: сынауыққа аз ғана жылы су құйып ,ашытқы,қант және ұн араластырып біраз уақытқа қойып,бақылау жүргізіңдер.

 

Топтық ізденіс бөлімі:

1-топ      Катализ түрлері

2-топ      Гомогенді катализ механизмі

3- топ     Гетерогенді катализ механизмі

 

Катализ түрлері:  Гомогенді

Гетерогенді

Биологиялық

Автокатализ

Оң және теріс катализ

 

Гомогенді катализ механизмі аралық қосылыстар  теория арқылы түсіндіріледі.Ол үш сатыдан тұрады:

Реакцияласушы заттардың дифуззиясы  А +  В = АВ

Катализатор бетіне адсорбциялануы,химиялық әрекеттесуі

А + К =  АК

Реакция өнімдерінің десорбциясы  АК + В =АВ +К

 

Гетерогенді катализ механизмі  адсорбциялық теория арқылы түсіндіріледі. Өршіткілердің бетіндегі  белсенді орталықтарда әрекеттесуші заттар адсорбцияланады да,әрекеттесуші заттардың концентрациялары артады.Сөйтіп молекулалар арасындағы соқтығысу саны артады ,яғни реакция жылдамдығы артады.Өршіткінің әсерінен адсорбцияланған молекулалардың атомдары арасындағы химиялық байланыс әлсірейді,әрекеттесу қабілеті өседі.Мұндай жағдайда ХР төменгі температурада жүре береді.

 

Бейнекөрсетілім: Катализ механизмі: Құмырсқа қышқылының гидролизі

 

Білімді бекіту бөлімі

 

А. Өз тәжірибемізді қорытындылау:

Химиялық реакция жүрді ме?

ХР белгісі қайсы ?

Қай зат катализатор?

Катализдің қай түріне жатады?

Әдетте биокатализаторды қалай атайды?

Биокатализге мысал келтіріңдер

Б.Гетерогенді  катализ  саласындағы   ірі  ғалым   ҚазССР ҒА-ның академигі,химия ғылымдарының докторы  Д.В.Сокольский еңбегі

 

В.Есеп шығару: 4157 нұсқа   19 есеп

45 кг   глюкоза сүт қышқылды ашығанда  40   кг сүт қышқылы түзілді.Теориямен салыстырғанда  реакция  өнімінің  шығымы

А)74%         В)88,9%           С)59%             Д)42,6%      Е)69%

 

Г.Өз біліміңді тексер: Тест

 

Үйге тапсырма:§3.9 (35)  1-7 жат. Д.В.Сокольский туралы хабарлама