Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Д. Қонаев атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Спатаева Фарида Асқарқызының қысқа мерзімді жоспары

Химия пәні   8-сынып
Сабақтың  тақырыбы Атом-молекулалық ілім
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық (Александер 2001,2008),                      Химия 8-сынып оқулығы Н.Нұрахметов, «Химия мектепте» журнал №2, Оқыту әдістемесі К.М.Жексембина
Жалпы мақсаттары   Атом-молекулалық ілімнің ережелеріне тоқтала отырып,оның  дұрыстығына көз  жеткізу. Химиялық  элемент атомдарының  жай және күрделі зат түзуге қатысуы, заттың  көп түрлілігінің  бір дәлелдемесі екенін  түсіну.  Табиғаттағы заттардың  көп  түрлілігін  нақты мысалдар келтіру  арқылы дәлелдеу. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, өз бетінше жұмыс жүргізе білуге үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын молайту, талдау жұмыстарына  белсене  қатысуына ықпал ету. Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі Ø  Атом-молекулалық ілімнің  негізгі қағидаларын біледі;

Ø  Физикалық ,химиялық  құбылыстарды  ажыратады;

Ø  Табиғаттағы заттардың  көп  түрлілігін  нақты мысалдар келтіру  арқылы дәлелдейді;

Ø  Өз бетімен АКТ-мен ақпарат ала біледі;

Ø  Тақырыпты жақсы түсінуге үйрету, өз табысына сенімділік қалыптастыру;

 

Түйінді  идеялар Атом-молекулалық ілім-атомдар мен молекулалар  жайындағы білімнің  жиынтығы.Ол барлық жаратылыстану ғылымдарына ортақ.Физикалық және химиялық құбылыстың көбісі атом- молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі.
Қажетті құрал-жабдықтар ·        Интерактивті тақта, постер, оқулық, слайдтар, электронды оқулық, карточка

  • Темір ұнтақтары, күкірт, қант,су, стакан, спиртшам
 

Жеке, жұптық, топпен жұмыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

1.Ой-қозғау

Зат массасының сақталу заңын қалай түсінесіңдер?

Неге реагенттер мен өнімдердің массалары бірдей болады әрі өзгермейді?

М.В. Ломоносов тәжірибесінің мәнін қалай түсінесіңдер?

Ағаш жанған соң аздаған ғана күл қалады. Неге ағаштың массасы күлдің массасына тең емес? Қалған өнімдер қайда кетті?

Темірдің тат басқан кездегі массасы бастапқы күйдегі массасынан артық па әлде кем бе? Осы құбылыстың химиялық мәнін түсіндіріңдер?

Химиялық реакция кезінде атомдардың саны өзгермей сақталады. Ал атомдардың өздері өзгере ме?

2. «Парольді анықтау»

 І топ: N, Ne, O, AI, Ne, Cr, Ne, Ne, Ag.                (Менделеев)

ІІ топ: Li, Ne, Ar, Ne, Li, Fe, Cu, Li, Al.                (Резерфорд)

ІІІ топ: Zn, Ne, Li, K, Cu, Al, C, Mg, Mn, Ne         (Период жүйе)

3 6 7 8 10 12 13 18 19 24 25 26 29 30 47
Р Ж М Н Е Ү Д З И Л Й Ф О П в

 

3. Мағынаны ашу:

Заттар, атом, молекула дегеніміз не?
«Атом» грекше «бөлінбейтін» деген сөз.
Атом – заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.
Жай заттар және күрделі заттар дегеніміз не?

Кез келген күрделі заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі –оның молекуласы.
Молекулалардың қозғалысы (электрондық оқулық бейне көрініс) Денені құрайтын бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады. Шыны ыдысқа ашық көгілдір түсті мыс тотияйынының ерітіндісін құйып, оның үстіне таза суды жайлап құйып қоялық. Бірнеше күннен кейін сұйықтықтардың арасындағы шекара жойылады да ыдыста бір түсті ерітінді түзіледі. Бұл жағдай сұйықтықтардың молекулалары үздіксіз қозғалыста болады деп айтуға болатындығын білдіреді. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларымен өзара кірігуі диффузия деп аталады. Газдағы диффузия, араластыру. (бейне көрініс)
Химия пәні мұғалімі: Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің өмірінде жүретін үрдістерде дифузияның үлкен маңызы бар. Мысалы:дифузияның арқасында оттегі өкпеден адамның қанына , ал қаннан теріге өтеді.
Оқулықпен жұмыс. (атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары)

4.Атом- молекулалық  ілімнің  негізгі  қағидалары.

Әр топ әртүрлі тапсырмалар орындайды

1-топ.

Атом- молекулалық  ілімнің  негізгі  қағидаларын   талдау.

Атомдар мен молекулаларды постерге топтастырып қорғау                (Н2, СаО, NO2, H2O,  O3, S,  H2S …)

2-топ. Оқушылардың атом-молекулалық ілімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы дайындап келген хабарламалары слайдпен ұсынылады.

Темір ұнтақтары мен күкірт арасындағы реакцияны    тәжірибе арқылы жасап, түсіндіру.

3-топ.  Рольдік ойындар

(Темірдің оттек пен күкірт және хлормен қосылысында бос күйінде және қосылыс түріндегі өзгерістерді айту)                                                                                                     4-топ.Физикалық, химиялық құбылыстарды салыстыру.

Тәжірибе жасау:

Ø  Қант қыздыру

Ø  Судың буға айналуы

Ø  Судың лайлануы

5.«Кім жылдам» ойыны. «Атом» және «молекула» сөздерін қажетті  септікте пайдаланып, төмендегі сөйлемдерді аяқтау.                                                                                              Қатты қыздырғанда  су…сутек пен оттек…ыдырайды.                     Ауаның құрамында  азот және оттек …. бар.                            Адам мен жануарлар тыныс алғанда  оттек…пайдаланады.                                                                         Су … құрамында  оттек және  сутек …кіреді.

6. “ Менің мекен жайым қандай?”

Кесте бойынша сол элементке сипаттама беріңіз.

І топ: Темір         ІІ топ: Мыс     ІІІ топ: Кремний     IV-топ Алтын

1.Химиялық таңбасы, аталуы

2. Атом құрамы, құрылысы

7. Сәйкесін тап

  • Жаңбыр жауды                                     Молекула
  • Жел соқты
  • Сынап буланды                                      Атом
  • Көмір тұтанды
  • Темір таттанды
Бағалау
Мен көп білдім Мен көп білген

жоқпын

Мен аз білдім
     

 

ü  Атом-молекулалық ілімнің  негізгі қағидаларын біледі. 3

ü  Физикалық, химиялық  құбылыстарды  ажыратады. 3

ü  Табиғаттағы заттардың  көп  түрлілігін  нақты мысалдар келтіру  арқылы дәлелдейді.  3

ü  Атом-молекулалық ілімнің  негізін қалаған ғалымдардың еңбектерін біледі.   3

ü  Молекуланың атомдарға дейін ыдырауын дәлелдейді. 3

ü  Молекулалар мен атомдар үздіксіз қозғалысынта болатынын айтады.  3

Ұпай сандарын бағаға ауытыру:

 

90%-100% — 16–  18 ұпай – баға  «5»

 

60%-80% -13– 15 ұпай – баға «4»

 

20%-50% — 11 – 12 ұпай – баға  «3»

 

10%және одан төмен –3 ұпай және одан аз– баға  «2»

 

Рефлексия (Рефлексикалық карточканы әрбір оқушыға дайындап қою керек )

Саған сабақ ұнады ма?

— Сабақта не ұнамады  ?

-Сабақтың қай кезеңі қызық болды деп ойлайсың  ?

 Орындауға арналған тапсырмалар  П.16 оқу 3-5 жаттығулар 45-бет
Үйге берілген жұмыс п.16 оқу  44-бет  8-жаттығу 46 бет

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың көрнекіліктері

             

 

                         

                                                                        

 

 

 

 

 

Оқушыларды топқа бөлу

Оқулықпен жұмыс

                        

Жұптық жұмыс

 

                

Постермен жұмыс

 

 

Рольдік ойындар

 

Зертханалық жұмыстар

 

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

АКТ-мен жұмыс

 

 

Өткізген сабаққа рефлексия

 

Сабақ өткізуші: Химия пәнінің мұғалімі Спатаева Фарида Асқарқызы

 

Сыныбы: 8 «Ә»   Пәні: Химия

 

Сабақтың тақырыбы: Атом-молекулалық ілім

 

Сабақтың мақсаты: Атом-молекулалық ілімнің ережелеріне тоқтала отырып,оның  дұрыстығына көз  жеткізу. Химиялық  элемент атомдарының  жай және күрделі зат түзуге қатысуы, заттың  көп түрлілігінің  бір дәлелдемесі екенін  түсіну.  Табиғаттағы заттардың  көп  түрлілігін  нақты мысалдар келтіру  арқылы дәлелдеу. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, өз бетінше жұмыс жүргізе білуге үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын молайту, талдау жұмыстарына  белсене  қатысуына ықпал ету. Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайтуды  көздедім.

Қазіргі таңда оқу үдерісінде модульдік технологиялар кең өріс алуда. Оқушыларға білім беру үдерісінде жаңа технологиялардың қолданылуы тиімді болды. Жаңа технологияларды пайдалану мұғалімнің көп дайындығын, ізденісін қажет етті.

«Атом-молекулалық ілім» тақырыбы бойынша атом-молекулалық ілімнің ережелеріне тоқтала отырып, оның дұрыстығына көз жеткізу, оқушыларды жиынтыққа, реттілікке тәрбиеле, өз бетінше зерттеу,талдау жұмыстарына белсене қатысу мақсатында сабақ өткіздім. Психологиялық ахуалды ерекше өткізу мақсатында конфет ішіне химиялық таңбалар жазып, қағаздан жасалған үйшіктің ішіне салып, тараттым.Оқушылар химиялық таңбаларды алып, «Фосфор, фтор, күкірт, калий» — деп аталатын топтарға бөлінді.Топтағы микроклимат ондағы әрбір тұлғаның көңіл-күйін,  топпен қанағаттанушылығын, қолайлылығын анықтап ғана қоймай сыныптың психологиялық атмосферасы сыныптағы нақтылы құндылықтарды көрсетеді және моральдік сана және мінез-құлықтың түрін анықтауға көмектесті.

Шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне сәттілік тіледі.

 

Осылайша, сынып ұжымының өзара қарым- қатынастары ұзақ мерзімді әрі кең мәні бар, балалардың этикалық және моральдік дамуына ықпал ететін іс-әрекеттер жасадым.

Бірінші модуль білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Бұл тақырып мұғалімдерге тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым-қатынаста өзіндік тәсілді ойлауға және шығаруға көмегі зор екен. Біз оқытудың диалогтік әдісін енгізу арқылы тиімді жұмыс жасау жолдарын таптық. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру — бұл педагогиканың басты тәсілі.

Мерсер әңгімелесуді оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі деп қараған.Ол әңгімелесудің үш түрін көрсетеді: әңгіме-дебат, топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме. (Мұғалімге арнылған нұсқаулық, 39-бет)

Мен осының ішінде диалог жүргізу мен топтық әңгіме түрін өзімнің тәжірибемде пайдаландым.

Флейвеллдің (1976) «Қалай оқу керектігін үйрету» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында үй тапсырмасын ой-қозғау арқылы пысықтауда әр топ бір-біріне сұрақтар қойып талқылады. Неге реагенттер мен өнімдердің массалары бірдей болады, әрі өзгермейді? М.В.Ломоносов тәжірибесінің мәнін қалай түсінесіңдер? Зат массасының сақталу заңын қалай түсінесіңдер? деген, сұрақтарды оқушылар бір-біріне қойып ,талқылауда бір-бірін бірден ауызша бағалады. 2-топ үй тапсырмасына толық дайындалмағандықтан сұрақтарға толық жауап бере алмай қанағаттанарлық деген бағаға ие болды. Қалған 3 топ «4» деген баға алды.2-топ келесі сабақта үй жұмысына көбірек дайындалу керектігін түсінді. Әңгімелесу әдісі – жалпы балалардың жеке жан-жақты, ойлау жүйесі дамыған түлғаны танытуда ерекше көрініс танытты. Диалогтік оқытуды қолдана отырып, өзімнің оқушыларға және оқушылардың бір-біріне қойылған сұрақтары арқылы оқытуды толық бақылауға мүмкіндік алдым. Сонымен қатар ынтымақтастық қағидаты оқушылардың мұғалім берген білімге сенім артуының орнына жауапкершілік сезімін, өзара қолдау көрсету сынды қасиеттерді дамытуға бағытталған өз қызығушылықтарына сай әр түрлі шараларды өздері таңдай алуына негізделгені айқындалды.

АКТ-пайдалану арқылы интербелсенді тақтадан атомдар мен молекулалардың қозғалысын көру арқылы тақырыптың мақсаты ашылды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жетілдіруге мүмкіндік беріп, сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып тұрды. Атомдар мен молекулалар тақырыбын 7-сыныптан физика пәнінен өткендіктен бұл тақырыпың мазмұнын түсіну үшін көп қиындық әкелген жоқ. Өйткені балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытуда пән аралық байланыс арқылы көзбен көретін визуалды айғақтар негізінде оқушылардың сыни ойлауы жүзеге асты.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін жүзеге асыру мақсатында Александердің (2008) «Диалог негізінде оқыту» әдісі арқылы барлық топ оқулықтан атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын оқып, топ бойынша талдады. С.Харт, А.Диксоның (2004) Шектеу қойылмаған оқу» теориясына жүгіне отырып, оқушы Рахымбергенова Назеркенің «Атомдар бөлінбейді» деген тұжырымдаманы дәлелдеуі, оның өзіне деген құзіреттілік сенімін байқадым. Әсіресе Айдос өзін еркін сезініп, өз ойын айтуға оқулықты пайдалана отырып тапсырма жауаптарын іздеп жұмыс жасады. Оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс істеуіне ықпал ету үшін сөйлеу және ойлау қабілетін дамыту мақсатында келешекте қызықты тапсырмалар беру керектігін түсіндім.

Егер әр сабақта балалар ынтымақтастық атмосферасында жұмыс жасаса нәтижесінде жасампаз, ойшыл жеке тұлға ретінде өзін-өзі және өзгелерді оң бағалайтытына көз жеткіздім. Өзім оқытудың диалогтік әдісін енгізу арқылы тиімді жұмыс жасау жолдарын таптым.

Диалогтік оқыту арқылы мен төмендегілерден қолдау таптым:

-Сабақ беруде де, оқытуда да тілдің басты рөл екендігін түсінуден;

-Сауалнаманы және топтық жұмысты пайдалануды қоса алғанда, жеке басты оқытуды дамытуға ықпал ететін педагогикалық нысан ретінде әңгімелесуді қалай тиімді пайдалану керектігін ұғыну туралы өз идеясын білдіруден;

-Сыныптағы диалогтік тәсілдерді бағалаудан;

-Диалогтік тәсілдер оқытуды жетілдіруге қалай ықпал ететінін түсінуден;

-Диалогтік оқытуды дамыта отырып, сыни тұрғыдан ойлауға жетелейміз.

-Қойылатын сұрақтар жеңілден  күрделіге ауысып отыруы тиіс.

-Сұрақтар қойылған соң оқушыларға ойлануға мүмкіндік берілуі керек.

-Жауап берген оқушының жауабын, пікірін, көзқарасын жоққа шығармай, құнды деп есептеуіміз керек.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлауда оқушыларды өз бетімен білім алуға, жұмыс істеуіне жұмылдырған пайдалы деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлауы үшін тұлға дамуы керек. Сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға өз-өзіне сұрақтар қоя алуы керек және оның жауабын таба алуы керек деп ойлаймын.

Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігімізбен күш қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып,адамдарға әсер етуге болады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды және стратегиялық тұрғыдан ойлауды жетілдіре аламыз. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 88-бет)

Оқытуды басқару мен көшбасшылыққа кіретін іс-әрекеттер  сабақ барысында көрінді. Атап айтатын болсам 2-топтан атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын оқып, талдау барысында Жазира  өз топ мүшелеріндегі әр оқушының пікірін тыңдап, бір шешімге келуін бағыттап отырғанын байқадым. Осы модульдің сабақтарымда тиімді қолдануы нәтижесінде оқушылар бір-бірімнен бірлесіп жұмыс істеуге, өзгелерге көмек бере алатынын, әрқашан жауапкершілікті сезінетініне көз жеткіздім.

Сыни тұрғыдан ойлауды,әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен орта мектептің жоғары сыныптары  мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады.

Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша 1-топ берілген формулаларды атомдар мен молекулаларды жеке-жеке топтастырды. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушының ішкі жан дүниесі әсерленіп сыртқа шығады. Кей оқушы өз ойын ашық, еркін жеткізуге дағдыланды. Сыни тұрғыдан ойлау оқушының таным қабілетін, білім дәрежесін, өмірге деген қөзқарасын көрсетті.

 

Постермен жұмысты қорғау.

Тапсырманы түсіндіруге 2-топтан Гүлзада мен Сабира шықты, бірақ түсіндіру барысында өз ойларын толық жеткізе алмай, әр топтан бір-бір оқушы шығып,толықтырулар енгізіп көмектесті. Тіпті мысалдар келтіру арқылы Гауһар атом мен молекулаға нақты анықтама беріп, өз ойымен бөлісті.

Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірлерді құрметтеуге бар ынтасымен оқуға берілді. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасымен жұмыс істегенде баланың танымдық белсенділігі артты, өз бетінше білім  алды, шығармашылығы да дамыды.

Әрине, бағдарламаның  нәтижесі бар:

  • Ой-пікірлерін ашық, еркін айтты немесе жақсы қасиеттерін үйренді;
  • Оқу-білім естерінде сақталды;
  • Сабақ барысында оқушы өзі талдады, бір-біріне талап, өтініш тілектерін білдірді;

Сыни ойлау деген- әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алды. 2-топ «Оқуды үйретудің» танымдық қабілет арқылы «Заттарды тек молекулаларға немесе атомдарға дейін бөлуге болатынын» түсіндіре келе, темір ұнтақтары мен күкірт арасындағы реакцияны тәжірибе арқылы көрсеткенде Азамат пен Надираның табысқа жету ұмтылыстарын байқадым.

Тимурдың сөзі: Темір ұнтақтары мен күкірт арасындағы реакцияны

ұнтақталған темір қара-сұр түсті магнитке тартылатын қатты зат, ал күкірт сары түсті ұнтақ. Енді осы ұнтақтарды араластырып алып магнитті жақындатсак, темір магнитке тартылады да күкірт қалып қояды, яғни қоспаның құраушылары өз қасиеттерін сақтайтынын көреміз. Енді дәл осындай қоспаны көрлен табақшаға салып кыздырып, қоспа түсін өзгертіп, қара түсті біртекті массаға айналады. Мұндағы темір магнитке тартылмайды, яғни қыздыру нәтижесінде темір мен күкірт өзара әрекеттесіп жаңа затка айналғанын кереміз. Реакцияға қатысқан темір ұнтактары мен күкірт бірдей атомдардан құралған жай заттар болса, реакция нәтижесінде алынған темірдің күкіртпен қосылысы күрделі зат, ол әр түрлі атомдардан тұрады,- деп жауап берді.

 

Оқушылардың тәжірибе жасағаны

 

Оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне негізделген тапсырмаларды орындады. Балалар тапсырманы орындау барысында бір-бірімен ақпарат алмасып, сұрақ қойып жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салу арқылы орындады.

Күнделікті сабақта сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланғанда, балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, білімдері шыңдалып отырғандары н байқадым. Сөйлеу мәдениеттері арта түсті, ой – өрістері дами бастады, өзіндік пікірлері қалыптаса бастап, белгілі бір идея келетіндеріне көз жеткіздім. Әр оқушының айтқан идеялары құнды деп есептелінді. Өзімнің іс-тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау модулі өте тиімді болды. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәсілі бойынша 3-топ рольдік ойындар арқылы темірдің косылыстарын өзара келісімділік арқылы  оттек, темір рольдеріне бөлініп,нәтижесінде ынтымақтастық атмосферасында жұмыс жасап, достық қарым-қытынастары нығая түскенін байқадым.

 

Рөлдік ойындар.

Назеркенің сөзі: (Темірдің рөлінде) мен алма құрамында өте көппін, адам организмінде қанның құрамында кездесемін. Менің құрамым азайса, адам анемия деген ауруға шалдығады.

Айгүлдің сөзі:  (Оттектің рөлінде) темір менімен дос боласың ба?

Назеркенің сөзі: Егерде мен сенімен дос болсам  темір татқа айналым кетем ғой

Арманның сөзі: (Күкірттің рөлінде) онда сен бізбен дос болшы

Егер мен сендермен қосылыссам мені тотықтырып жібересіңдер ғой

Назеркенің сөзі: (Темірдің рөлінде) жақсы барлықтарыңмен мен дос болғым келеді.

4-топ физикалық, химиялық құбылыстарды Аяулым мен Назерке қызығушылықпен тәжірибе жасағаны мені қуантты. Физикалық, химиялық құбылыстарды салыстыру.

Жазираның сөзі: Мен сіздерге кәзір химиялық құбылысты көрсетейін. Темір қасықшаға аздап қант салып, спиртшамда қыздырамыз. Байқап тұрғандай ақ қант еріп, қоңырланып одан кейін қара түске айналып, газға айналды да соңында қара түсті дақ қалды.

Сабинаның сөзі: Физикалық құбылыс  кезінде атомдар мен молекулалар өзгермей сақталады. Оның дәлелі ретінде судың буға айналуынан байқап көрегу болады.

Білім беру үдерісінде оқушылардың бір-бірімен белсене ынтымақтастықта араласуы белгілі бір нәтижеге жеткізетініне көз жеткіздім.

2-оқушы. Мен сіздерге физикалық құбылыстарды көрсетейін.

Стакан ішіндегі құмның үстіне су құятын болсақ немесе бор үгінділерін салатын болсақ бұл физикалық құбылысқа жатады. Сонымен қатар судың газға айналуы қатты күйге айналуы да физ.құбылысқа жатады.

Оқушылар физикалық құбылыста атомдар мен молекулалар өзгермейді, ал химиялық құбылыста олар өзгереді деген қорытынды жасады.

4-топқа Сәуленің қызығушылық танытып «Судың лайлануы қандай құбылысқа жатады?»- деген сұрағына Назерке бірден зертханалық жұмыс арқылы көрсетіп, қойған сұрағына жауап берді. Стакандағы суға борды,құмды салып, оның физикалық қасиетке жататынын тәжірибе арқылы дәлелдеуінен, оқушылардың нақты, дәлелді сөйлеу дағдылары қалыптаса бастағанын байқадым. Сондықтан оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін жүзеге асыру мақсатында «Кім жылдам» ойыны арқылы топпен жарыс өткізгенде «Атом» және «молекула» сөздерін қажетті септікте пайдаланып,оқушылар қызығушылықпен орындап, интербелсенді тақтаға өз жауаптарын жазып, өз ойларын дәлелдеуге тырысты.

 

 

Берілген сұрақтардың жауабын жазды

Интербелсенді тақтаға  қаламымен жазып, өшіру көп уақытты алды. Сондықтан бұндай тапсырманы келесі сабақта ауызша орындатып, уақытты үнемдеуді ұйғардым. Осы тапсырмада оқушылардың ойлау деңгейлерінің әртүрлі екендігі көрінді. Атап айтсақ Жұлдыз бен Альбина «Қатты қыздырғанда  су қандай атомдарға ыдырайды» деген сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берді. Осы сәтте Азаматта қол көтеріп ынталанды, бірақ жауабы қате болғанына қарамастан бірінші болып қол көтергеніне оны мадақтап едім келесі сұрақтың жауабын оқулықты пайдалана отырып ізденіп,талпынғаны мені таң қалдырды. Айдана мен Айкүміс өз  ойын ашық, еркін жеткізуге дағдылана бастағанын байқадым. Сыни тұрғыдан ойлау оқушының таным қабілетін, білім дәрежесін, өмірге деген қөзқарасын өзгертетінін көрсетті.

Формативті бағалау немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау деп аталады,себебі ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу және көптеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады. (Нұсқаулық 56-бет)

Александердің тұжырымдамасы бойынша өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар негізінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін әр сабақта қолдандым.

Әр топ басшыларына бағалау бойынша сөз берілді.

Әрбір оқушылар «Мен көп білдім?» жеке парақшасын толтырып, топ басшысына өткізіп, топбасшылары бағалау парақшасына оқушылардың жинаған ұпайларын қосып бағалады.

 

Мен көп білдім Мен көп білген жоқпын Мен аз білдім
15 4 5

 

Оқушылардың бір-бірін дұрыс бағалауға дағдылана бастағаны байқалды.

Нәтижесінде 24-оқушының 15-білдім, 4-білген жоқпын, 5-аз білдім деген қорытынды жасалынды. Келесі сабақта тапсырмаларды өзгеше әрі қызықты құрастырып келуді ұйғардым.

Әр оқушыға рефлексикалық карточканы дайындап, тараттым. Көбісі сабақтың жақсы өткенін, осындай сабақтың жиі болғанын қалайтынын жазып, өз ойларын білдірді.

Сабақ соңында үйге тақырыптың соңындағы жаттығуларды орындауға тапсырмалар бердім.

Сабақтың тиімді жағы:

  • Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті; Оқушылар тәжірибелер жасау арқылы нақты мәлімет алды;
  • Атомдар мен молекулалардың қозғалысын көріп, талдау жүргізді;
  • Оқушылар бір-бірімен тікелей байланыста болып, ортақ тапсырманы шешуде өз беттерімен, танымдық өзара әрекетте белсенді түрде жұмыс істеуінде маңызы зор болды;

Осы сабағымды қорытындалай келе,  сабақта курс барысында үйренген жеті модульдың барлығыда айқын көрініс тапты деген ойға келдім. Әр модуль сабақтың тиімді өтуіне өз үлесін қосты.