Әбдіхалықова Ләззат Алтынбекқызы

Қарасақал Ерімбет атындағы №96 мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 3-базалық

деңгейлік курс бағдарламасы бойынша сертификатталған.                                                          

Қазалы ауданы, Қызылорда облысы.                                                          

 

Сабақ жоспары.

Сыныбы:  6–сынып.

Пәні: Қазақ әдебиеті сабағы.

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабековтың «Дермене» повесіндегі әңгіме құрылысы.

          Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың ақыл-парасаты, ойлау, сезім қабілеттері кемелденеді;
  • Оқушылар алдына мақсат қояды және жетуге ұмтылады;
  • Оқушылар өзін-өзі тануды және бағалай білуді меңгереді;

Сабақтың күтілетін нәтижесі:

Дулат Исабековтің шығармасын оқыта отырып оқушыларды ойын дұрыс және сауатты жеткізуге баулып, шығармашылықпен жұмыс істей білуіне жол ашады. Оқушыларға БҮҮ әдістерін пайдалану жобасы бойынша жүргізілген сабақтар арқылы сенімділікпен жұмыс атқарады, бір–бірлерінің пікірлерін бағалайды, өз мүмкіндіктерімен тұжырым жасауға, ойларын еркін айтуға, бір сөзбен айтқанда, бар ынтасымен оқуға беріледі. Есте сақтау мен дағды-машықты жетілдіру қабілеттерін шыңдайды. Сабақты оқушы өзі талдайды, мұғалім тек бағыттаушы қызметінде көрінеді.

           Сабақтың  түрі: Дәстүрлі сабақ.

           Сабақтың типы: Іскерлік және дағдыны қалыптастыру және жетілдіру. Жаңа тақырыпты пысықтау және меңгерту.

           Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • Жазу және оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
  • Сатылай кешенді талдау.
  • РАФТ стратегиясы.
  • АКТ.
  • Топтық жұмыс.
  • Постер қорғату.

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:

  • Бейнекамера, ғаламтор желісі, интерактивті тақта т.б.
  • Рефлекция парағы.
  • Плакаттар мен суреттер.
  • Қима қағаздар мен кестелер.

            Сабақ барысы:                                   

Сабақтың кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Мақсаты
Кіріспе

5 мин

1. Шаттық шеңбері.

Өтілген тақырыптың мағынасын жеткізе отырып оқушының жан дүниесін қозғау.

2. Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым,

Білімге үлес қостым.

Бүгінгі атқан күніміз,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Бестік баға болсын.

3. Әр топ бүгінгі сабаққа тілек айтады. «Өзіңді тани біл» деген Сократ. «Өз мінін білген, кісіге төрелік етеді» дейді халық даналығы.

(Бір-бірімізге тілек тілеу).

 

Оқушылар мұғаліммен жылы амандасып,  пәнмен байланыс орнығады.

 

Оқушылар мұғаліммен бірге қосылып айтады.

 

 

Ынтымақтастық

атмосферасын қалыптастыру.

 

 

Шығармашылық қабілетін дамыту

Тұсау кесер

10 мин

Жұмыс парағына күн ретімен

сабақ тақырыбы жазылады.

Интертақтаны қолданып

Д.Исабековтің өмір жолымен

толығырақ танысады.

 

Оқушылар Д.Исабеков туралы өз пікірлерін айтады, оқулықтан тыс мәліметтер келтіреді,  өздерінің білетіндерін ортаға салады. Интерактивті оқыту-оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын оқыту.

Танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы.

Негізгі бөлім

20 мин

Әңгімені бөлімге бөліп, әр топқа 5 мин оқытамын, топқа талдатамын.

Әр топ бір-біріне түрткі сынама сұрақ қояды?.

Тақырып ашу.

Постер қорғау. I топқа

Көрініс көрсету. II топқа

Сурет салу. III топқа

РАФТ стратегиясы.

I топ.

Роль-Тоқсанбай

Аудитория-Омаш

Форма-Хат

Тақырып:

«Адалдықтың ақ жібі»

II топ.

Роль- Омаш

Аудитория-Халық

Форма- Үндеу.

Тақырып:

«Адамгершілік-асыл қазына»

III топ.

Екі топта пікірлерін айтады

Ата үміті атты шығармаға сатылай кешенді талдау жасау.

  • Авторы
  • Кейіпкері
  • Оқиға желісі немен аяқталды?
  • Омашқа мінездеме бер
  • Өзіңнің әңгімеден түйген ойың?
Әңгіме құрылысына ат қою.

1 топ.  Дермене ору.

2 топ.  Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

3 топ. Үзілген үміт.

Топпен жеке жауап беру

 

 

 

Берілген тақырып бойынша оқушылар ой толғауларын айтып жазады

 

 

 

 

Оқушыларды ізденуге жетелейді.

 

 

 

 

 

Тақырыптың мазмұнын ашып, түсіну.

 

 

 

Оқушылар талдау жасайды.

 

Екі жұлдыз бір ұсыныс.

 

Топтардың өзара бағалауы.  Бағалау парағы  арқылы критерийлер бойынша

оқушылар өздерін

бағалайды.

***

Критерийлер оқушылардың білімін

ғана емес, сол білімді

берілген тапсырманы орындауға қаншалықты қолдана білетінін бағалауға көмектеседі. Түйінді және пәндік

құзіреттіліктерін анықтауға мүмкіндік

береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім.

10 мин

 Рефлексия.

–Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?

//Сабақ маған не берді?.

–Бүгінгі сабақ қандай деңгейде өтті?

//Сабақта не үйрендім?.

–Сабақтың қай бөлігі ұнады? //Несімен ұнады немесе ұнамады?.

Рефлексия парағын жинау.

 

 Рефлекция сабақтың қортындысын жасау кезеңі немесе сәті ретінде жүргізіледі.

Оқушыға өткізілген жұмысқа баға беруіне, салыстыруға, ой толғау жасауына ықпал етсе, ал мұғалімге кері байланыс жүргізіп, оқушының жұмысына мониторинг жасауға мүмкіндік береді.

Мұғалім оқушыларға әңгіменің қалай әсер еткенін немесе оқиға желісі бойынша оларда қандай ойлар туындағанын біледі.

 

 

Үйге тапсырма. Дермене хикаятын толық оқу. «Адалдық пен шыншылдық» (Эссе жазу).

 
SAM_0449SAM_0446SAM_0459

 

 

 

Сабақ өтуге пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ әдебиеті оқулығы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. //Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Астана.
  2. Д.Исабеков. «Дермене» повесі.
  3. «Сындарлы оқыту теориясы: Оқушылардың бойында XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру» Облыстық ғылыми-практикалық конференция.//«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ. Қызылорда.–2012.–17 қазан.–252б.
  4. Н.Ә.Назарбаев. «Нұрлы жол–болашаққа бастар жол» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы.//Ақмешіт апталығы. Қызылорда––15 қараша.–4б.
  5. Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық: Үшінші (негізгі) деңгей. 3-басылым. //«Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ. Астана.–2012.