№19 ЖОМ мектеп оқушысы Тугелбай Әлия
Тәуелсіз елдегі тәуелсіз ұстаздарыма алғысым шексіз …
Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еңселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, Ұлы Әуезов тілімен айтсақ «Алғашқы артқы жасқа жақсы тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» дегендей алдыңғы толқын аға буын өкілдері ұстаздарымыз туралы айта кеткім келді. Біздің ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдеді. Абайдың 150 жылдығын “ЮНЕСКО” шеңберінде тойлады. “Біріккен Ұлттар Ұйымы” шеңберінде 2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында 24 мемлекет басшысын біріктіріп, кеңес өткізді. “Шанхай ынтымақтастық ұйымын” құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Алдымызда, 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме “ЭКСПО-2017”. Осының бәрін бағалауымыз керек. Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыздың тәуелсіздігіне 25 жылдығы
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау! Сол тәуелсіз,тыныш елімізде біздің де жақсы білім алуымызға еңбек етіп, жағдай жасап Ө.Жәнібеков атындағы №19 мектепті басқарып отырған басшысы Шокибасов Айдарбек және алғысымды сіздер арқылы жеткізсем деп едім.
Ұстаздықтың басы – тәрбиеде. Оған өзімнің мұғалімімқазақ тілі Малахан Гүлзада мен ерекше жақсы көретін Тұрдалиева Ділбар,Тәңірбергенова Сәуле және ерекше атап өтер ағайым Сияев Бақтыбек жетекшім Бектаева Райхан ұстаздарымның сабаққа деген қызығушылығымды арттыруы себеп болды. Алдымен оқушыны өзіне сабақ беру тəсілімен, көркем мінезімен тарта біліп, білімі мен біліктілігін айқара аша оқытатындығы ерекше тəнті қылады. Соларға қарап, шын мәнісінде мұғалім-зор тұлға екеніне көзім жетті. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін. Мұғалім – әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Сіздерге мың алғыс!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, мен де өзіміздің білім ордамызда жас ұрпақтың жан-жақты білім алуына өз үлесімді қосудамын. Бүгінгі таңда мен шыжығы қатар жүреді. Ұстаздар оқушыларға білім беріп қана қоймайды, алдымен олардың тəрбиесіне көп көңіл бөледі. Сол себепті, педагогикалық еңбегінің əр күнін, əр сағатын сапалы
білім мен саналы тəрбие беруге арнаймын. Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы көңіл-күйлі əрі мазмұнды болу керек. Ф.М. Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», — дейді. Л.Н. Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», — дейді. Осындай небір ұлағатты, қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Тәуелсіз еліміздің тәуелсіз де ізденімпаз, парасатты ұстаздарыма тағы да бас ие Сіздерге мың алғыс!- дегім келеді.