Қызылорда облысы Шиелі ауданы «№241 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі Дүкенбаева Ғайни Ерғалиқызы
Тақырыбы: Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Мақсаты: Мұғалімдер 21 ғасырда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасайды.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер өз сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәсілдерін әзірлейді.
Түйінді идеялар: Сын тұрғыснан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар оләрекет жасауға негіз, түрткі болуы мүмкін.
  Сабақ барысы:
2-сабақ.

 

10минут

 

 

 

 

 

 

 

 

15минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15минут

 

 

 

 

10минут

 

 

 

 

 

 

 

15минут

\

 

 

 

 

 

5 минут

«Жағымды сөздер» жаттығуы

Мақсаты: Өзін — өзі одан әрі ашу, өзін — өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез — келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез келгенін тыңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

 

Жұптық жұмыс.

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауы үшін сұрақтар қандай болу керек?

 

Айқындық. Сіз мұны басқа сөздермен айта аласыз ба?  
Нақтылық.Бұл тұжырымның растығын қалай тексере аламыз?  
Тереңдік.Қандай фактор бұл мәселені қиындатады?

 

 
Байланыстылық.Бұл бізге мәселені шешуге қатысы қандай?

 

 
Әділдік.Сіз бұл мәселеге шын мәнінде қызығушылық танытасыз ба?

 

 

Жұпта талқыланады. Қосымша жазбаларды толтырады.

 

Топтық жұмыс. «Мозаика» әдісі

Мақсаты: тақырыпты тиімді оқу, оқытуды бағалау.

І топ: «Уақыт шеңбері» әдісі

ІІ топ: «Кемпірқосақ» әдісі

ІІІ топ: «Ыстық орындық» әдісі

ІҮ топ: «Ақылдың алты қалпағы» әдісі

Ү топ: «Сұрақтар шеңбері» әдісі

Түйінді идея: Бұл әдіс арқылы мұғалімдер СТО әдістерінің түрлерімен таныса отырып, тиімділігін біледі.

Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

 

 

Таныстырылым.  СТО. Әдістер мен тәсілдер. Сыни ойлау. Сын тұрғысынан ойлау.

 

 

●Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу.

«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы

Нұсқау:  Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

 

 

Қорыту.Тақырыптық жаттығу. «Карусель» әдісі

Мұғалімдер екі шеңбер жасайды. Ішкі шеңбер орнында тұрып, сыртқы шеңбер тақырып бойынша білгенін айтады, сыртқы шеңбер 30 сек ауысып отырады.

 

Түйінді идея: Оқытудағы сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі туралы ой қорытады.

 

● Күн бойынша рефлексия « + — ?»