Қызылорда облысы Шиелі ауданы «№148 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі Дүкенбаева Ақылай Ерғалиқызы
Тақырыбы Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары
мақсаты Мұғалімдерге кәсіби  рефлексия  мен  оның маңызы жайлы мәліметтер алуға және кәсіби рефлексия жасаудағы проблемаларды анықтауға одан шығу жолдарын талдауға жағдай жасау.
Нәтиже 1.Мұғалімдер кәсіби рефлексияның маңызын және рефлексия жасаудағы проблемаларды талдап, шешу жолын анықтайды.                                             2.Рефлексияның мәнін түсінеді.                                     3.Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген  біліммен  салыстырылып,  өзіндік түсінік пайда болады.
Ресурстар        Мұғалімге арналған нұсқаулық ,интернет, флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.
Түйінді идея

 

        Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудың маңызын ұғындыру, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Коучинг сессияның өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері Уақыты Коучтың  әрекеті, мақсаты коучингке қатысушылардың іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
Амандасу

 

2 мин

 

Коуч коучингке қатысушылармен амандасады    
Сергіту сәті.

 

6 мин

 

«Сіз кереметсіз» деген сөз тіркесі секілді коучингке қатысушылар бір-біріне баға береді. Мұғалімнің  құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру

 

Бір-біріне жақсы пікір айту Жақсы психологиялық ахуал орнайды
Топқа бөлу

 

2 мин

 

 «Менің жетістігім» деген жазуы бар парақша, «5» жазуы бар парақша, таудың, жолдың , айнаның суреті арқылы топқа бөледі Қатысушылар топқа бөлінеді Топ құрылады
Ой шақыру

 

10  мин

 

Сабақ тақырыбын ашу үшін бейнебаян көрсетіледі. Коуч  соның мазмұны төңірегінде және топқа бөлінген парақша төңірегінде пікіралмасуға бағыттайды

-Бұл тапсырманың  мазмұнынан не байқадыңыздар?
— Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?

Бейнебаян мазмұнын талдайды. Қолдарындағы топқа бөлінген суреттер мен «Менің жетістігім» деген жазуы бар парақша, «5» жазуы бар парақшалармен байланыстырып өзі туралы айтып шығады, яғни өз қызметі жайлы шолу жасайды Қатысушыларды рефлексияға қатысты ой туындайды
Мағынаны ашу

Топтық жұмыс

8 мин

 

Төмендегі сұрақтар төңірегінде пікіралмасады.                                    1.Рефлексия дегеніміз не?
2.Рефлексияның мақсаты не?
3.Рефлексияның қандай түрлерін білесіздер?
                                           Топтар бірін- бірі тыңдап,  түйінді идеяны табады (кластер жасау)                                             «Егер  сіз  педагог еңбегі  мұғалімге қуаныш  сыйлағанын  қаласаңыз, күнделікті  сабақ  өткізу-жалықтырған, бір  тектес  міндетке  айналмас  үшін, әр мұғалімді зерттеушінің бақытты  жолына  жетелеңіз».          В.А.Сухомлинский  (1918 –1970)
Кластер жасау арқылы  сұрақтардың  жауабын іздейді, қорғайды Рефлексия туралы түсінік жинақталады
Жаңа тақырып

Теориялық материал

 

15 мин

 

Топтарға мәліметтерді  беру. Әр топ өздеріне берілген мәлімет бойынша постер  қорғайды

1-топ  — Рефлексиялы  ойлану  деген не?                                                      2-топ  Кәсіби дамудағы рефлексия                     3-топ Рефлексия критерилері                               4-топ Рефлексиялық тәжірибе

 

Жаңа  мәліметтермен жұмыс жасайды. Түйінді идеяны анықтайды

 

 

 

Рефлексия  туралы қосымша ақпарат алады

 

 

Қорыту кезеңі

 

15 мин Рефлексияның маңызы оны жүргізудегі проблемалар және шешімін табу мақсатында тапсырма береді

1-топ –Рефлексияның маңызы     

2-топ — Рефлексия жасай алатындар және жасай алмайтындар                                     3-топ –оны жүргізудегі проблемалар          4-топ – проблеманы шешу жолдары

 

Проблемаларды анықтап, оны шешу жолдарын көрсетіп, талдайды Рефлексия жасаудың маңызын, кедергіден шығу жолдарын түсінеді
Кері байланыс жұргізу 5 мин «Оқуды тоқтатқан кез келген адам-20-да болса да, 80-де болса да -бірден қартаяды. Оқуды жалғастырған адам  жас  болып  қала  береді. Өмірдег  іүлкен  міндет–өз ақылыңды  жас  қалпында  сақтау.»

Генри Форд 1863 -1947

Таңдау» әдісі бойынша кері байланыс жүргізеді (біреуінің астын сызады)
1. Мен сабақты қызықты немесе қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта көп нәрсені үйрендім немесе үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият немесе зейінсіз  тыңдадым.
4. Мен топтық жүмысқа  жиі немесе сирек  қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын немесе риза емеспін.

Қатысушылар карточка бойынша өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен пікірін білдіреді Сабаққа және өзінің бүгінгі жұмысына деген көзқарас анықталады