Пән: Дүниетану Бөлм (дағды) Еліміздің табиғаты
Ортақ тақырып: Климат және ауа райы

Сабақ: Ауа-райының адамға жəне оның іс- əрекетіне əсері

Павлодар облысы, Ертіс ауданы

Иса Байзақов ЖОББМ

 

 

Мұғалімнің аты-жөн: Қозыбаева Алмагүл Слямбековна

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 1.2.2.1 Ауа-райының адамға жəне оның іс- əрекетіне əсерін анықтау
Бағалау критерийлер Ауа-райының адамға жəне оның іс- əрекетіне əсерін анықтайды
Дискрипторлар Сызбадан өздеріне керек сөзді нүктемен белгілейді. Әр топ өздеріне тиісті шартты түрде берілген ауа райының астын сызады.
Ауа райының әртүрлерін көрсете отыра өз картиналарын салады
Ауа райы тақырыбы бойынша жұмбақтар шешеді
 
Тілдік мақсат Оқушылар: Оқушылардың қолынан келеді: Кеңістіктегі дүниені, қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттау.
Түйінді сөздер мен тіркестер: ауа райы

 

Пәндік лексика мен терминдер: Ауа райы түрлері: ыстық, салқын,  ылғалды және т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетінтіл стилі:
Талқылауға арналған сұрақтар: Осындағы ауа райы қандай?
Ишара: қызылтүс-түсінбедім, сары түс-көмек керек, жасыл түс-тамаша
Жазу:  ыстык
Бұған дейінгі меңгерілген білім Жылы, салқын, жел, жаңбыр, найзағай, боран
Жоспар  
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері( төменгі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)  

Ресурстар

Басы

 

 

Психологиялык ахуал

Сөзұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Түсі бар көрінбейді
Біртұтас бөлінбейді
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан желінбейтін.(ауа)
2. Адам өміріне қажетті бір жағдай?(су)
3. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін не дейді? (бұлақ)
4. Құрамында минералды тұздар бар су? (минералды)
5. Каспий теңізінің суы қандай?(ащы)
6. Минералды бұлақтар маңына не салынады? (шипажай)
7. Каспий теңізіне қай өзен құяды?(Жайық)
— Ерекше тор көзден қандай сөз көріп тұрсыңдар?
— Ауа райы.

 
Ортасы

 

 

 

Мағынаны тану

Тәжірибе жасау:
— Мұрныңды қысып, демалмай тұр. Қанша уақыт шыдай аласыңдар, ішіңнен сана. (тәжірибе жасалды)
— Біз сыныпта тақтаны, партаны, терезені көреміз. Ал, ауаны көре алмаймыз. Ендеше біз доппен, шармен тәжірибе жасалық. (тәжірибе жасалады)
— Шарды үрлеп, бүйірінен қысу — бұл ауаның сығылуы.
— Допты еденге ұру, қайтара ыршуы — бұл серпілуі.
— Шырағдан жағып оны банкамен жабу — ауа тұншығады, жануды қолдауы.
— Стаканға су құйып, бірер минут қойсақ, оны қабырғасынан бүршіктер пайда болғанын көреміз, бұл ауа.
— Не байқадыңдар?(Шарды ауамен толтырдық. Доп серпілді, сығылады, кішірейеді.)
— Сонда серпіп тұрған не?(Ауа)

-Ауаның түсі қандай? түссіз, мөлдір. —Сені қоршап, бүкіл тіршілікке жағдай жасайтын не? ауа.
-Ауаның қасиеті. Серпіледі, сығылады
-Ауадай қажет дегенді қалай түсінесің?
— Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс?

-Ауа — райы деген не? Қалай ойлайсын?

-Ауа — райын бақылау үшін не қажет?

-Ауа райын неге бақылайды?

-Ауа — райының қандай құбылыстарын білеміз?

 

Сурет бойынша әңгімелейді

 

 

 

Сергіту сәті. 

Күркіреді күн-күн.

Терезелер шың-шың

Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек-шелек көп-көп

Жон арқаңды тос-тос

Күнбағыс тез өс-өс

Сурет бойынша жыл мезгілдері жайлы әңгімелейді

 

Түсті стикерлер арқылы оқушылырды екі топқа бөлу.

1-топ. Қыс – көк қарындаш

Көктем – жасыл қарындаш

2-топ. Жаз – қызыл қарындаш

Күз – сары қарындаш

 
Әр топ өзінің қарындашымен сызбадан өздеріне керек сөзді нүктемен белгілейді. Әр топ өздеріне тиісті шартты түрде берілген ауа райының астын сызады.

Топ мүшелері ауа райының әртүрлерін көрсете отыра өз картиналарын салады

ауа райының әртүрлерін көрсете отыра өз картиналарын салады жасыру

Ауа райы тақырыбы бойынша жұмбақтар жасыру

 

 

 

 

 

 

Шар

 

 

Стакан

Су

Доп

Шырақ

Банка

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсті стикерлер

Түсті карандаштар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сызба

Соңы

 

 

 

Сыныптан сұраймын: біз бүгін ауа райы туралы не білдік? Олардың жауаптарын қорытындылаймыз.

 

 
Кері байланыс

 

 

Өзін-өзі бағалау

 

Қалыптастырушы бағалау

Смайликтер

 

 

Бағалау ағашы

 

Бас бармақ, қолпаштау