Білім негізі-балабақшада

 

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен сналы тәрбие бері әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.

Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгітәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақшалар бүгінде үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалыптасып отыр. Осы ауқымды мақсаттарды орындау барысында талантты да, талапты педагог Қармақшы аудандық білім бөлімінің  білім беруді дамыту секторының бас маманы  Мария Бегаліқызы Төрешова 36 жылдан астам уақыттан бері ұлағатты ұстаздық жолында тынымсыз еңбек етіп келеді. Өзінің қажырлы еңбегі мен қабілетінің арқасында небір биік белестерді бағындыра білді. Ізденімпаз маман облыс әкімшілігінің, аудандық мәслихатының алғыс хаттарымен және Облыстық білім жетілдіру институтының, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында бүгінгі таңда 22 мектептегі шағын орталықта 5-6 жастағы мектепалды даярлық тобында 294 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қазір ауданда балабақшасыз елді мекен жоқ, яғни аудандағы 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту 1873 баланы құрап отыр.

Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үмір күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Осы мақсатта аудандағы мектепке дейінгі мекемелерде 238 педагог қызметкерлер болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір қасиеттердің мән- маңызын тусінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриоттық азаматтар буынын тәрбиелеуде. Олардың  110-і жоғары білімді, 22-і аяқталмаған жоғары , 107-ы аранулы орта білімді, 22-і аяқталмаған жоғары, 107-і арнаулы орта білімді мамандар. Бұл мекемелердің қызметкерлері балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру ісін баланың психо-физиологиялық даму дәрежесіне, білім деңгейіне қарай ұйымдастыру, олардың ой, дене еңбегіне белсенділігін арттыр, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, адамгершілік, эстетикалық талғамын қалыптастыру, тәрбие мәселесінде әр баланың жан-жақты жетілуіне аса көңіл бөліп отырса, аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған «Шығармашыл» әдістемелік тобыжаңашыл педагогтардың идечсы және жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу бағытында жұмыс жасауда. Топтың мақсаты мен міндеті: мектеп жасына дейінгі балаларға тәлімді тәрбие мен білім беру ісін жақсарту, педагогтар шеберлігін арттыру. Білім мен дағдына жан-жақты меңгерген, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын педагог даярлау. Осы мақстата атқарылатын жұмыс түрлері:

  1. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді насихаттау;
  2. Жаңа технология әдістерін оқу қызметтеріне қолдану;
  3. Жас мамандарағ көмек көрсету;
  4. Қонақжай пікірлесу алаңы, әдістемелік дөңгелек үстел;
  5. Озат тәжірибені баспасөз беттеріне ұсыну.

Күтілетін нәтиже: кәсіби сауатты, шығармашылық белсенділігі жоғары, қоғам таалбына сай өзін көрсете білетін, білім мен дағдыны жан-жақты меңгерегн педагог мамандар санын арттыру.барлық мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі үйірмелер жұмыс жүргізуде. «Шебер қолдар», «Ке,билейік, үйренейік», «Әзіл-сықақ» үйірме лерінің жұмыстары жақсы нәтижелер беруде. Осы үйірмелерідің жұмыс барысында балалар қолөнерге баулынып, өздігінен жұмыс істеуге дағдылануда. Ұлттық салт-дәстүр, қолөнер туралы білім берілуде. Би өнерінен қолдың, аяқтың қалыпты жағдайларына арналған жаттығулар орындалып, би түрлері үйретілуде.   Балабақшада балалармен   ұйымдастырылған ұлттық оркестрлер осындай игі істердің дәлелі болып отыр. Нәтижесінде ауданда өтілетін «Айгөлек» байқауында балабақша бүлдіршіндері көпшіліктің ризашылығына бөленуде.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, педагогикалық кадрларға қойылатын талаптар  мен баланың дамуының жүйелі бағалауды қамтамасыз етеді. Осы стандарт аясында тәрбиешілерге күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасын жүргізу, баланы бақылау индикаторын жасауды меңгерту мақсатында ауданда бірнеше рет көшпелі кеңестер өткізіліп, тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға арналған «Балапан» бағдарламаса аясында ауданда жеке балабақшалар мен шағын орталықтар ашылып, жаңа типтегі ғимараттар салу жөнінде ұсыныстар беріліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасаған қоғам ертеңге еңбек сіңіреді. Ола йболса, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа, еңбек сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана абланы дұрыс баулығаның! Ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей. Ертеңімізді бүгін ойлап, бүгінгіні уақытында жасайық деген қағидамен аудандағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагог- қызметкерлеріне жас ұрпақты жан-жақты етіп тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті екенін біле отырып, алдағы уақытта абыроймен орындау жолында өз күш –жігерлерін, іскерліктерін, аянбай еңбек етуге аудандық білім бөлімінің тарапынан үнемі қамқорлық жасалуда.