ШҚО СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ «№38ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Асқарова Динара Токташовна

8 «А» сынып оқушысы

Көкен Мөлдір

АТА САЛТЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

 

Ғылыми жоба

Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен  сабақтастығы.

Имандылық,инабаттылық, ізеттілік қасиеттері

Кіріспе:

  Қай заман болсын   адамзат алдында тұратын басты міндет-адал, білімді, еңбек сүйгіші ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт- дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлері жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп- білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отырған мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүр бар.Салт- дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсен, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз,

Халық педаогикасының тұрмыстық ережесі болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрптардың тәрбиелік мәні ерекше.

Білімсізден жаман жоқ,

Туған соң адам боп.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп-дегендей қазақтың салт-дәстүрлерін бірнеше топқа

бөліп қарауға болады.

Отбасы дәстүрлері

Отау көтеру Еңбек дәстүрі

Қазақтың салт-дәстүрлері Тәрбие дәстүр

Ислам тағылымы Қаза ғұрыптары Наурыз дәстүрі

Отау көтеру дәстүрлері: Қыз көші,беташар,шаңырақ көтеру.

Тәрбие дәстүрлері: Бесікке салу, алтыбақан.

Отбасы,тұрмыс дәстүрлері: Дастарханға бата,бәйге, отпен аластау.

Еңбек дәстүрі: Аңшылық,Сонар.

Ислам тағылымы: Құрбан шалу

Қаза ғұрыптары: Дұға оқу,жоқтау.

Халық  тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлері ырымдар жасайды.

Шілдехана: — Сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түркірінде бұл рәсім әр қалай өтеді.  Сол күні баланы шілде суына шомылдырып сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден серпаланып өзінің шілде терін тығаруы тиіс.

  Қырқынан шығару:- Бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнпғы алынатын, бесікке салу рәсімі орындалатын.40 күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімде қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс.Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

  Есімін атау: (ат қою) – Бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.Қазақ аттарының көптігі басқа хлықтардан ерекшелігі. Қыз  балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою « көз тимесін» , « тіл тимесін» деген ойымен қойылады. Ат тандалғаннан кейін баланың құшағына 3 қайтара айтылады.

Бесікке салу:Бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шомылады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «Ит көйлегі» беріледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойнына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны « тыштырма» деп атайды. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой қиясына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балаларда жаттап алу керек.

Тұсау кесер:— Бір жасқа толып еркін жүре бастаған бол бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтедіБөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын»  деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізіледі.

Тұсау кесер жырлары айтылады:

Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадамынды бас,балам…..

Әнекей, ақ бесік

Әлдейіме бақ бесік.

Шүмегінді салайын .

Сылдырмағын тоғайын

Жібек көрпе жабайын,

Бауық барқыт пүліштей ,

Балдақтарың күмістей ,

Жабдығыңмен сыйлысын ,

Жатса бөпенжайлысын .

Көсем сенен өседі .

Жайлы болсын төсегі.

Баланы атқа мінгізу салты— Баланың буыны бекіп,4-6 жасқа келгенде ат үстіне өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қыйыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.

Балаға ер- тұрмандарын сыйлап ( жандорба, тоқым, жүген, ноқта) атқа мінгізіп той жасайды.

Қорытынды:

Көкен Мөлдір

  « Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс- әрекетпен тәрбиелеген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт- бағдарды белгілеп, қоныс- суды дәл табуға үйреткен.

      Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, он бес- жиырма жасында  енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған.

      Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз,бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру-әке міндеті болып есептелген. « Қыз өссе-елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі,киіне білуі оның ішкі мәдениетімен,тәрбиелік деңгеймен байланысты.

        Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы басынан төзімділікке,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеген.

       Қазақ халқының салт дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да,салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр ,әдет-ғұрыппен өте тығыз байланысты.

ЖАҚСЫ ДӘСТҮР ЖАЙЫНДА
МҰҒАЛІМ: Асқарова Динара Токташовна
Ғ. Мустафин …Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап
бола алмайды. Балаға деген махаббатқа теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.

Бұл қасиет әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңген ұлы сипат, мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан ұлы дәстүр.

Осы белгілі жайды қайта-қайта айтудан, жастардың құлағына құя беруден жалықпаймыз. Өйткені, кәрілер кетеді, жастар қалады. Кәрілердің ағымды қылық, өнегелі істерін, жақсы дәстүрлерін жастар дамыта отырып, өзінен
кейінгілерге табыс етуін арман етеміз.

Көктемдегі жердей құлпыра өсіп келе жатқан жас ұрпақты көргенде кеудеңе сыймайды. Ал, солардың ішінде сөлекет бірдеңе көргенде аяғыңа шөгір қадалғандай боласың. Жақсы мекен салудан, қала салудан жақсы салт, дәстүр жасау қиынырақ. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.

Дәстүр жайында мұнша шұқшия сөз етуімізде үлкен мән бар. Өйткені, оны халық жасаған, оны бұзушыны ешқашан сүймеген, аямаған халық.

Біз кейде ата-анасынан безген жас жайында есітеміз.
Бір кезде түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген, ыстық-суыққа, талай қиындыққа шыдап келіп, сені қатарға қосқан ата-ана бұл кезде дәрменсіз, сонда да тілегі сен. Осындай ата-ананы ұмытқан жас рақымсыздың рақымсызы деп кім айтпас…

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол беру, кимелеп баса-көктеп өтпеу, үйіне келе қалса, атын байлап, есік ашып, төрге шақырып, жақсы қабақпен аттандырып салу, меймандос, жолдас-жораға қайырымды болу
сияқты салт-дәстүрлердің бірде-бірі ескірген жоқ. Бұлар өмір бойы ескірмейтін, адамнан адам іштей әр кез дәметіп тұратын табиғи құлық-мінездер. Бұл мінездерді қорлау алдымен өзін-өзі қорлау, сыйлау — алдымен өзін-өзі сыйлау.

Сыйласу, қайырымдылық әрқилы. Біреулер ісім түседі-ау, немесе қарымтасы қайтады-ау деген адамын сыйлайды.
Ашып айтқанда, бұның аты — сауда.

Біреулер сыйласуды, қайырымдылықты адамшылық борышым деп істейді. Міне, бұл — ең қымбат қасиет. Жастар осы қымбатқа ұмтылу керек… Бұл кезде білім шарабын сіміріп жүрген жастар көп, басына білім жинау, өнер адамшылық үлгілерін жасау жастарымыздың салтына енген шақ. Алайда, күшала жеген иттей қисаңдап келе жатқан біреу оқта-текте кездесіп қалады. Аузынан сасық иіс аңқиды, сөзі іріп-шіріп түсіп жатады. Бұл бишара білім шарабының орнына есіру шарабын сімірген, ата-анасының маңдай терін сатып ішкен, өзі қазір адамның қоры, сөйте тұра зормын деп кеуде қағады.

Біз жастарымыздың азаматтық сипаты келісті болуын, дос сүйініп, дұшпан күйінердей болуын тілейміз. Есте болсын, адамшылық әрбір ұлы сипат шың тәрізді. Шыңды шың еткен төбе-шоқылар болса, ұлы сипат та ұсақ
сипаттардан құрылып ұлылыққа жетеді. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір адам аттаған емес. Әрбір жас — ол дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.

• Адам өз ұрпағының кандай болғанын калайды?

• Неліктен жастарға көп көңіл бөлінеді?

ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС

Тренинг «Үнсіз түсінісу»

Ырым жақсы ниеттен, ақ тілектен туады, алдан жақсылық күтіп айту орынды. Ырымдардың қай-қайсында болсын түсіністік, сыйластық, ізгілік иірімдерін көруге, тануға болады.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей мысал келтіретін болсақ:

Ақты (сүтті) төкпеу, дастарқаннан ауыз тигізу.

Үйге кіріп келе жатқан бала құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келеді деп қуанған.

Қырқынан шықпаған сәбиі бар үй түнде күл төкпейді.

Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізген.

Балаға асықтың етін мүжітпеген. «Алты жыл аш болсаң да асық етін мүжіме»-деген бар.

«Жыланға да ақ құйып шыңарады» — деген мәтел бар

Аққуды атпайды, киесі соғады деп қорқады.

Түнде үй сыпырмайды, тырнаұ алмайды.

Қазақ сейсенбі күні жолға шықпайды.

Садақа киім бурсе, түймесін қиып алады.

Жиенді ұрса қолымыз қалтырайды деген ырым бар.

Кітаптағыны (оқушы оқиды)

ТҮЙІНДЕМЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМДАРЫ

С. Кенжеахметов

• Бала бас ұстамайды.

• Нанның қиқымын жесе — бай боласың дейді.

• Шөбересінің алақанына су қүйып ішкен қарт жұмаққа барады.

• Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.

• Жолаушыға «қайда барасың» демейді, «жол болсын» дейді.

• Үйге кешке немесе түнде келген адам «кеш жарық»деп кіреді.

• Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды.

• Аспаннан ағып түскен жүлдызды көргенде қазақтар «менің жұлдызым жоғары» дейді.

• Жақын адамдарға пышақ, ит сыйламайды.

• Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды.

• Адам басы кемиді деп бөтен адамға бас киім бермейді немесе айырбастамайды.

• Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.

• Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.

• Бас киімді теріс қаратып киген жаман істің белгісі.

• Ақты (сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді.

• Жұма күні кір жуса, әруақтар ренжиді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

Ата салты мен дәстүрін білу, оны ұстану біздің ұлттық ерекшелігімізді көрсететін басты құндылықтарымыз.

Тапсырма

«Әр елдің салты басқа болса да» адамның дүниеге келуі, дүниеден өтуі, үйленуі, бала өсіру, қонақ күту, ұлттық мерекелер өткізу және т.б. салттарға байланысты дәстүрлі орындалады.

Салт-дәстүр халқымыздың бай қазынасы дегендей, дүниеге адамның келуі, үйленуі, шаруашылыққа байланысты қолданылатын салттар, ойын-сауық
өткізіп ұйымдастыру дәстүрі, қонақ күту, ұлттық мереке, айт-той өткізу, т.б. түрлерге байланысты ерекше мән беріп, халқымыздың ой-санасындағы ұстанымы, танымы, мінез-құлқы, дарқан көңілі, бай салт-дәстүрлерге қысұаша мазмұндама жасаңыздар.

(бейне таспалар)

Әңгімелесу

Ата салтын сақтау не үшін қажет. Бұл әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне байланысты, ұлттық құрылымына сай сан ғасырлар бойы
қолданылып, дәстүрге айланған ғұрыптарының жиынтығы.
Адам атауына ие болғандар аты, жөні, ұлты, туған жері, тілі, діні, алтсанасы, тарихы, Отаны арқылы бағаланып анықталады. Әрине Отан адамды анықтаудағы басты көрсеткіштің бірі. Сондықтан салт-дәстүрдің адам тұлғасын анықтауда шешуші рөл атқаратыны ақиқат. Қазақ халқының салтын танып білудің басқа елдердегідей өзіндік ырым, нанымы, тыйымы бар.

Тыйым сөздердің өзі баланы тәрбиелеуге зор үлесін осады. Мысалы:

Үлкендердің жолын кеспе.

Кісі мініне күлме.

Малды, ыдысты, тамақты теппе.

Үй айнала жүгірме.

Босағаны керме, құшақтама.

Табалдырықты баспа, отырма.

Шашыңды жайма.

Бетіңді баспа.

Тізеңді құшақтама.

Өтірік жылама.

Үйде ысқырма.

Ата-анаңа қарсы келме.

Жақсы ниетпен жасалатын түрлі ғұрыптың дәстүрлер негізі ізгілікке, жарқын үмітке, алдан туатын жақсылыққа негізделеді. Жосық, жорамал жасаудың өзі адамға жақсылық тілеумен байланысты.

Салт-дәстүрдің дамуы, жаңғыруы, қолданыстан шығып қалуы халық жойылып бітпей мүмкін емес, оның дамуы, өзгеруі қоғамдық сана мен танымға байланысты.
Мұғалім:
Екіншіден, бүкіл әлемдік жаһандану нәтижесінде ұлттық сипаттың сақталуы алдында айтылғандай тілге, салтқа, дәстүрге, т.б. үлттық құндылықтарды қорғап қалуымызға байланысты екендігін айту, осы мәселеге егжейтегжейлі пікірлесу ұйымдастыру жөн. Кеңестік кезеңде салт дәстүрімізге, тілімізге қатты нұқсан келген елміз, сондықтан жаһандану дәуірінде «ұлттық қасиеттерді сақтау — ұлттық борышым» деген пікірлесуді сынып етекшісімен
бірлесіп өткізудің артықтығы жоқ.

• Ата салтын сақтау не үшін қажет?

• Қазақтың ырым-тыйымдары нені уағыздайды?

• Салт-дәстүрлердің қолданыстан шығып қалуы мүмкін бе? Неліктен?

Дәйексөз

Дәйексөзге халық мақалы берілген. Оның мәнін оқушыларға талдатуда жоғарыдағылар оқушы зердесіне толық жеткен жағдайда шәкірттеріңізге қиындық тумайды.

Халқын сүйген — халқының салтын сүйеді.

http://kzbydocs.com/docs/537/index-28337-1.html