Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы

 «Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайының

«Айгөлек» ерсектер тобының тәрбиешісі

Жамиева Алтынай Оразқызы

 

 

 

 

 

Білім беру саласы:«Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қол  еңбегі

Тақырыбы: «Бәйтерек»

Мақсаты:Балаларды дәнді дақылдармен желімді ұқыпты пайдалана  отырып, қағаздан қиылған Бәйтерек бейнесін безендірту арқылы берілген тапсырманы

тиянақты орындай білуге,өз еңбектерінің нәтижесіне жете білуге

дағдыландыру.

Дамытушылығы:Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып,шығармашылық

белсенділіктерін жетілдіру.

Тәрбиелігі:Балалардың бойынаөз Отанына,туған елі мен жеріне деген құрмет,

сүйіспеншілік сезімдерін сіңіре отырып,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Методикалық әдіс-тәсілдер:Шаттық шеңбер,тақпақ,сұрақ-жауап,ой қозғау,миға

шабуыл, жеке жұмыс,сергіту,көрмені шарлау,бағалау .

Пайдаланатын көрнекіліктер: Астана қаласының әсем ғимараттары мен

Тәуелсіздік белгісі «Астана-Бәйтерек»монументінің суреттері,үнтаспа тыңдату, суретті слайд.

Қажетті құралдар:Қағаздан қиылған «Бәйтерек»,ақ қағаз,дәнді-дақылдар

(күріш,қарақұмық,тары) желім,дымқыл шүберек.

 

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Себеп туғызушылық кезең Балаларға  жылулық шеңбері арқылы,жылы лебіз сөздерін айтқызу

Қуанайық шаттанайық алақай,

Аспанда күн жарқырайды балақай.

Атқан таң мен үлкенге сәлем берейік

Бақыт тілеп,баршамызға осындай.

 

Балаларды орындарына отырғызу.

 

Балалар жылулық шеңберінде тұрып,өлең жолдары арқылы жылы лебіз сөздерін айтады.

 

Ұйымдастырушы-

лық ізденіс кезеңі

Елорда туралы тақпақ айту.

Жаса,жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған.

Асқақтай бер Астанам,

Берекеге бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.

Балалардан қай қала жөнінде айтқанымды сұрап,Астана қаласының әсем ғимараттары Ақорда,Хан Шатыр ірі ойын-сауық және сауда саттық орталығы,«Думан» ойын- сауық кешені,мұражайлар,демалыс орындарын слайд арқылы көрсетіп,әңгіме өткізіп, түсіндіремін.

Бейне таспа арқылы Астана қаласына барып келген топ тәрбиеленушісі Сафиянурдың  анасымен екеуінің әңгімесін тыңдату.

Астана қаласының ең көрікті жері «Астана-Бәйтерек» монументі жөнінде түсіндіру.

«Астана-Бәйтерек» монументі елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны қала халқымен жан-жақтан келген қонақтардың барлығы Бәйтеректі тамашалауға барады.

Бәйтерек металдан,әйнек пен бетон- нан жасалған,3 бөліктен тұрады. Бәйтеректің ең жоғары төбесіне,биік жапырақтарды паналап өмір мен үміт әкелетін,қасиетті құс Самұрық алтын жұмыртқа -күн салу үшін өмір ағашы бәйтерекке ұмтылған бейнесі келтірілген.

Бәйтеректің әр бөлігі келген қонақтар дың аралап тамашалауы үшін түрлі  акварумдар,сурет көрмелерімен безендірілген,ең жоғары бөлігінде

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  аялы алақанының ізі басылған,кітап бейнесі қойылған.Астананың әсемдігін Бәйтеректің ең жоғары бөлігінде тұрып тамашалап, көруге болады.Бәйтеректің биіктігі 97 м,Астана қаласындағы барлық ғимараттардан биік екен.

Балалар біз бүгінгі қол еңбегі оқу іс-әрекетінде,қағаздан қиылған Бәйтеректі желімді ұқыпты пайдалана отырып,түрлі дәнді- дақылдармен безендіріп,оны ақ қағазға жапсыруымыз керек.

Балаларға жасалу жолын көрсетіп түсіндіремін.

Сергіту жаттығуы:

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

 

Балалардың жұмыстарын қарап, жеке көмекті қажет ететін балаларға түсіндіру.

 

 

Балалар елордасы Астана қаласы екендігі жөнінде айтады.

 

 

 

Суреттерін Астана қаласының әсем ғимараттарынайтып, сұраққа-жауап береді

 

 

 

 

Үнтаспадан Сафиянур мен анасы Жанардың әңгімесін тыңдаған балалар өздерінің қызығушылықтарын көрсетіп, өз ойларын айтады.

 

 

Балалар Бәйтерек жөнінде алған түсініктеріне байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.

— Бәйтерекке қандай құрылыс заттары пайдаланылған?

— Бәйтерек неше бөлектен тұрады? т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қағаздан қиылған Бәйтеректі дәнді-дақылдармен безендірді.

 

 

 

 

Сергіту жаттығуынан кейін балалар бөлек ақ қағазға безендірген Бәйтеректерін желімді ұқыпты пайдалана отырып жапсырды.

 

 

Іс – әрекетті бағалау Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, «Көрмені шарлау» әдісі арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалатып,оқу іс-әрекетін қорытындылау.

 

Балалар көрме жұмысы арқылы бір-бірінің жұмысын көріп,өз ой-пікірлерін айтып, достарының еңбектерін бағалайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені  білді:Қағаздан қиылған Бәйтеректі желімді пайдалана отырып,

дәнді-дақылдармен безендіре білуді.

 

Нені игеріп,меңгерді: Бәйтерек туралы жаңа мағлұматтармен танысып,

таным-түсініктері кеңейіп,Бәйтерек бейнесін безендіру,

құрастыру дағдылары қалыптасты.