Атырау облысы,Индер ауданы,

              Елтай ауылы

 «Қызғалдақ» мектепке дейінгі    

                 бөбекжайының

«Ботақан»  ортаңғы топ тәрбиешісі

 

Досқалиева Тұрар  Ғиниятқызы

 

 

Атырау облысы,Индер ауданы,

              Елтай ауылы

 «Қызғалдақ» мектепке дейінгі    

                 бөбекжайының

«Ботақан»  ортаңғы топ тәрбиешісі

 

Досқалиева Тұрар  Ғиниятқызы

 

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Менің отбасым

Мақсаты:Балалардың отбасы, туыстық қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсініктерін тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп үлкенді сыйлап құрметтеуге үйрету.Олардың ой-өрісін дамыта отырып,сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік мақсаты: Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу, өз ойын, пікірін, жеткізе білуге баулу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу,көрсету,
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері,видео

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Себепті туғызушылығын ояту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-әрекетті бағалау кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ себебі бізге көптеген апайлар қонаққа келді.Кәне апайлармен амандасайық.Енді шаттық шеңберіне тұрайықАспанда күн ыстық

Ал жерде кім ыстық

Әке мен шешеміз

Сүйікті тым ыстық

Жасасын туыстық!

Достық пен тыныштық.

(Есік қағылғандай дауыс шығады)
Тәрбиеші:
— Балалар, біреу есік қағып тұр ғой. Қарап келейін.
— Балалар бізге біреу қорап тастап кетіпті. Ашып қарайықшы. Мына қорапта хат жазылыпты. Оқып көрейік.
Хатта:
«Құрметті балалар, мен сиқыршы. Сендерге сиқырлы қорап жібердім. Сиқырлы қорапта жұмбақтар бар. Сол жұмбақтарды шешіп,оқу іс әрекетке  белсене қатыссаңдар, сиқырлы қораптан сиқырлы сыйлықтар пайда болады» деп жазылыпты.
— Балалар, сендер сиқыршының кім екенін білесіңдер ме?
— Иә, олар барлық тілектерді орындайтындар.
— Олай болса, сиқырлы қораптағы жұмбақтарды шешеміз бе?
— Иә, шешіп көрейік.
1-жұмбақ:
Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз? (АТА)
2 — жұмбақ:
Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)
3 — ші жұмбақ:
— Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).
4 -ші жұмбақ.
— Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).

(әр жумбақты шешкен сайын слайд арқылы видеодан отбасы мүшелерінің іс-әрекеттерін көрсетіп тұрамын.)

Дұрыс айтасыңдар балалар.

Балалар біздің бәріміздің атамыз әжеміз,анамыз,әкеміз бар солайма.Осыларды бір сөзбен біз балалар не деп атаймыз.Дұрыс отбасы деп атаймыз.сонымен балалар біздің осы отырған бәріміздің де өз отбасымыз бар екен.Сендер отбасыларынды жақсы көресіңдермаБалалар өткенде тонтар арасында «Жанұя жарастығы»тақырыбында топтар арасында көрме ұйымдастырылған болатын.Сонда сендер өздерін үйден отбасыларынмен түскен фоталарынды алып келген болатынсыңдар, енді сол суретке қарап өз отбасыларын туралы әңгімелеп беріңдер

Енді балалар барлығымыз сергіту сәтін жасайық

Дидактикалық ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Балаларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.

Балалар, біз отбасыларымызды сүйіп, олардың әрқайсысын құрметтеуіміз керек. Өйткені, отбасы – әрқашан қымбатты. Ата-әжелеріміз бізді еркеледі, әке-шешелеріміз біздің өмірімізді қамтамасыз етеді. Біз аға-апаларымызды тыңдап, іні-қарындас, сіңлілерімізге қамқор болуымыз керек. Бүгінгі оқу іс әрекетке жақсы қатынастыңдар.Енді сиықыршының сыйлығын таратып беремін.

 

Балалар апайлармен амандасады.Шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сиқыршының хатын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық тілектерді орындайтындар

 

 

 

 

 

 

Бұл ата.Әр бала өз атасы туралы айта бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл ана.Әр бала өз анасы туралы айтады.

 

 

Бұл әке.Әр бала өз әкесі туралы айта бастайды

 

 

 

 

Бұл әже.Әр бала өз әжесі туралы айта бастайды.

 

 

 

 

 

Оларды бір сөзбен отбасы деп атаймыз.

 

 

 

 

 

Балалар өз отбасылармен түскен суреттерге қарап әңгіме құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын «Неге теңеймін»ойынын ойнайды.Балалар алдарындағы суреттер арқылы анасын, әкесін, әжесін,атасын неге теңейтіндіктерін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сиқыршының сыйлығын алады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Отбасы мүшелері туралы білді
Нені меңгерді:Сүйіспеншілік, сыйластық, мейірімділік туралы түсініктері қалыптасты.
Нені орындады:Сұраққа толық жауап берді,көргендерін баяндай білді