Атырау  облысы, Индер  ауданы,

                Елтай  ауылы.

«Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайы.

      «Аққоян» І кішілер тобының

                   тәрбиешісі:

Утешова Маркизат Нуралиевна.

 

 

 

                   Ата-аналармен өткізілген дөңгелек үстел бағдарламасы.

 

Тақырыбы: «Ата-ана тәрбиенің шырағы»
Мақсаты: Ата – аналардың өзара қарым – қатынасын  жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен  дұрыс   қарым — қатынаста болу. Психологиялық   кеңес, ағарту жұмыстарын   жүргізу.
Көрнекілігі: Музыка жазылған  үн   таспа, қағаз — қаламдар, ағаш, алмалар, шарлар, себет
Шаттықшеңбері:
Ата–аналарды  қолымыздан  ұстап, шаттық   шеңберіне      тұрғызу.

Мен сіздермен    кездескеніме    өте   қуаныштымын.   Қане, бәріміз   бір–біріміздің  қолымыздан   ұстап   шеңбер   құрайық. Осы дөңгелек    шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері   деп   атаймыз? Қалай   ойлайсыздар.    Шеңберге   тұрудың   үлкен   бір  қасиеті бар. Шеңберіміз   көктегі   жылу  беретін  күн  сияқты  дөңгелек. Шеңберге  тұрып,   бір–бірімізді   жақсы  көре  аламыз,   жақсылық  пен жылулығымызды  сыйлай   білуге   үйренеміз. Міне, сондықтан  бұл  шеңберді  жылулық, шаттық   шеңбері   деп   атаймыз. Енді   бәріміз   жақсылық   тілеп, шаттана    қуанып,  күлкімізді  сыйлайық.
Танысу:Әр  ата–анна  өзін  таныстыру  керек, өзінің  атына  сын есімін  қосып  таныстыру. Мысалы: Мен домбырашы-Динамын.
Тренинг:
Енді  ата — аналар, «Табиғатсыз  адамдардың  күні   жоқ, оны айтуға  табиғаттың   тілі   жоқ» демекші   адам  табиғатпен  тығыз  байланысты   табиғаттағы  ең  маңызды   нәрсе  ағаш, енді   сол  ағаштың    несі  болар  едіңіз   тамырыма,  әлде  бұтағы ма, әлде   жапырағыма? Әркім   өз  қалауы  бойынша   тамыр, жапырақ, бұтақ  болып   бөлінеді.
Ал енді  ата–аналар   тамырлар   бір   бөлек, жапырақтар   бір   бөлек, бұтақтар  бір  бөлек  отыруымыз    керек. Сіздер не үшін  тамыр   тобын  таңдадыңыздар,  сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін бұтақ   таңдадыңыздар соны тобыңызбен   келісе отырып бір келісімге  келіп, топтан  бір  адам   шығып   қорғайсыздар. (әр  топтың  сөзі  тыңдалып, қошеметпен  шапалақ  ұрылып   отырады).
Сіздердің   бұлтаңдауларыңыз   кездейсоқтық  емес, психологиялық   сәйкестік. Тамыр-таңдағандар   істің   нәтижесіне   мән   беретін     адамдар.

Бұтақты-таңдағандар   берік, мықты  біреуге  тірек бола алатын   адамдар. Жапырақ- таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты  қалайтындар. Енді ата — аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «бұтақ тобы»- бұтақты,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.
(Музыкалық сүйемел, қалам — қағаздар)
Балабақша   ұжымына   деген талап – тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «бұтақ тобы» — бұтаққа, «жапырақ тобы» — жапыраққа жазыңыздар.
Осы  ағаштың   тамыры – ата — ана, бұтағы — тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, тамыры мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.
Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.
(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)

Ойын: «Қай жұп күшті?»

Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір — бірін құшақтап шарды жарады.

«Тілек гүлі» (қорытындылау)
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата — ана мен балабақша арасындағы қарым — қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан — жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек гүлі» жаттығуын бір — бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ата — аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!.