Павлодар қаласы МККК 32-сəбилер бақшасы Естияр б тобы Ертаева Гульнур Бауржановна

Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Білім беру бөлімі: Айнала қоршаған орта

Сабақтың тақырыбы: «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптасыру. Қысқы табиғат

ерекшеліктерін көре білуге үйрету.

2.Балалардың ойлау қабілеттерін, тілдерін дамытып байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: Қыс мезгілін бейнелеген суреттер,жасыл шырша,бейнелеу құралдары,аудио-жазба(боранның дыбысы)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А. Сәлемдесу

Ә. Жылы лебіздер білдіру:

— Амансыңдар ма балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы!

— Балалар, менің қолымдағы ойыншық қалай аталады? Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамың жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай.Қане,жүрегіміз қандай екен, көрейекші. Балалар алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады.

— Балалар, осы жүректі бір-бірімізге сыйлай отырып тілек айтайық.

— Мен саған жақсылық тілеймін.

— Мен саған қуаныш тілеймін.

— Әдемі қыз бол

— Достарың көп болсын

— Батыр бол

— Әрқашанда күліп жүр

Ғажайып сәт.Енді балалар барлығымыз бір сәт көзімізді жұмайықшы (Боранның дыбысы естіледі)

— Ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?

— Боран, жел, суық

— Бұл қай кезде болады?

— Қыста

— Енді міне қар жауып тұр жапалақтап, айнала аппақ қар

2.Негізгі кезең.

(Шырша әуені шығады,шебердің ортасында шырша тұрады)

-Балалар мынау не?

— Шырша

— Балалар шыршаны қай кезде әсемдейміз?(сурет арқылы сұрақ-жауап)

— Жаңа жыл.

-Жаңа жыл қай кезде болады?

-Қыста.

-Қыста қандай өзгерістер болады, сендер не істейсіңдер?

— Күн суық болады, су қатып мұз болады, айнала аппақ қар, ойнаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз, Аяз атаны күтеміз

— Шыршамыз неге көңілсіз, оған не жетіспейді?

— Оны әсемдеу керек, оған ойыншық кертек

Ендеше балалар біз шыршаны әсемдейік.

Қазір біз үш орталыққа бөлінеміз. Әр орталықтың тапсырмасымен таныстырайын.

Бейнелеу орталығында: балалар ілетін картон, қағаздан жасалған ойыншықтарды түрлі-түсті бояуларға бояйды.

Манипулятивтік орталығында:балалар алдарында тұрған жасыл шыршаны әсемдейді. Ол үшін әр түрлі түске боялған макарон өнімдерін жіпке тізбектей отырып, шыршаға ілетін моншақ жасайды.

Зерттеу орталығында:балаларға қардың, судың, мұздың қасиеттерін эксперимент түрінде көрсету.

Ал енді балалар кеуделеріндегі эмблема белгісімен орталықтарға бөлініп, жұмыстарымызды бастаймыз.

Сигнал арқылы балаларды жинау, бойларын сергіту.

Сергіту сәті:Биік болып өсеміз,

Шыршамыздай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Денемізді тік ұстап

Билеп, билеп аламыз.

  1. Қорытынды:

Орталықтарда қандай жұмыс жасадық?

-Біз бейнелеу орталығында шыршаға ойыншықтарды түрлі-түске боядық.

-Біз зерттеу орталығында судың қасиеттерін зерттедік.

-Біз манипулятивтік орталығында шыршаға әр түрлі түстен моншақтар жасадық.

-Жақсы балалар күннің екінші жартысында орталықтармен ауысасыңдар.

-Енді балалар, жасаған ойыншықтарымызбен шыршаны әсемдейік.(Балаларды сүйсіндіру,мақтау)

Ойыншықтарың, моншақтарың, ұлпа қарларың қандай керемет!

-Балалар, мына қорапты бізге кім әкеді екен, Аяз Атамыз сендерге риза болып жіберген шығар. (Балаларға сыйлық бояма кітапшалар)

-Балалар енді барлығымыз әсемделген, әдемі шыршамызғашеңберге тұрып «Шырша» әнін айтайық.Рахмет сендерге балалар.