Сабақ жоспары
Класы: 6                                                                                                   Күні _____________

Пәні : Информатика

Сабақ тақырыбы:
Маркерленген, нөмірленген тізімдер және бет  параметрлері

Сабақ мақсаты:Оқушыларға жаңа білімді меңгерту,сапалы білім беру;

1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға тізімдерді маркерлеу, номерлеу және парақ параметрлерін баптау туралы түсінік беру.Ақпараттық сауаттылық қалыптастыру.

2. Дамытушылық мақсаты: Осы тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану дағдыларын дамыту.шығармашылық,ақпараттық құзіреттілігін арттыру.Оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

  1. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
    Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді дұрыс  атауға тәрбиелеу.
    Сабақ түрі : аралас сабақ

    Сабақтың әдіс – тәсілі: теориялық, практикалық

    Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,слайд, таратпа материалдар, карточкалар,тесттер,бағалау парағы т.б материалдар

    Пәнаралық байланыс:
    математика,ағылшын,орыс тілі ,қазақ тілі т.б

    Сабақтың барысы. 
    Ұйымдастыру кезеңі —
    Үй тапсырмасын тексеру, қайталау- 

Үй тапсырмасын қорытындылау
Жаңа сабақты түсіндіру-
Практикалық жұмыс
Жаңа сабақты бекіту-
Үйге тапсырма беру- 

І. Ұйымдастыру 
 Сабаққа дайындықтарын тексеру.Оқушылармен амандасу , түгелдеу назараларын сабаққа аудару,топқа бөлу,топ басшысын тағайындау.
 Сабақ мақсатын айту;Топтық ережені еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.  Оқушыларға жеке- жеке үлестірме қағаздар таратылады.Сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Аталған байттар тізбегі? (файл)
  2. 2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
  3. 3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
  4. Ақпартты енгізуге арналған құрылғы? (пернетакта)
  5. 5. Мәтін дегеніміз не? (жолдар тізбегі)
  6. 6. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)
  7. 7. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)
    Ақпаратты өңдеу құрылғысы (процессор)
  8. 9. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
  9. 10. Сурет салуға арналған программа (графиктік редактор)
  10. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)
  11. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

    ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау; «Кім жылдам» ойыны берілген тор көздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта жасырылған сөздерді кім жылдам табар екен. ІІ топқа беріледі.

 

М Т П Л О Т Т Н О М
И Ы П Р Р Т Е И Д Е
К Ш Н И Е Е Р О М М
Р Қ А Н Т Р Н Н И Т
О Н Т С Ө З Е Т Р О
П А И Б А Й Т Т Е З
Р М В П И К М Е Р Е
О Ә И А Р С О Ұ А Ф
Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л
Е І У В Ж Л И Я И Ц
С Н С Д А Ь Ф И К А
С О Р А Б О Н Е Н Т

 

ЖАУАБЫ: 19 сөз (микропроцессор,тышқан,мәтін,плоттер,принтер,сөз,байт,пиксель,жад,абонент, архив, модификация,ұя,файл,терезе,монитор,модем,интернет,антивирус.)

 

ІV Жаңа сабақ.

                    Интерактивті тақтада электронды оқулықты пайдалану арқылы түсіндіріледі.
Құжаттың сыртқы түрін жақсарту әрі оның ішкі мағынасын ұғынықты қылу үшін Word — та тізімдерімен жұмыс істеуге арналған арнайы құрал бар. Тізімдердің екі негізгі тұрпатын пайдалануға болады.
• Нөмірлеуі бар тізім (списки с нумерацией)
• Белгілеуі бар тізім (списки с пометками)
Тізімді нөмір жаңа элементті енгізу кезінде автоматты түрде түзетіледі. Тізімдерді сұрыптаудың мүмкіндіктері болады. Пішім ( Формат)мәзіріндегі Тізім ( Список) командасын орындау арқылы Сұхбат терезесі ашылады. Қажетті тізімнің белгілеуі бар (с пометками) тізім үшін – Маркерленген (Маркированный) нөмірленуі бар (с нумерацией) тізім үшін – Нөмірленген (Нумерованный) немесе күрделі нөмірлеуі бар (со сложной нумерацией) тізім үшін – Көпдеңгейлі (Многоуровневый) беттерді активтендіріңіз.
Парақ параметрлері 
Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығуүшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою беру керек. Ол үшін Файл →Беттің параметрлері (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойлылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі , Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шеріледі.

Дәптермен жұмыс : Формат —список командасын орындау

                                     Нөмірлеуі бар тізім (списки с нумерацией)
Белгілеуі бар тізім (списки с пометками)

Парақ параметрлері орнату үшін; (Файл → параметры страницы) командасы орындалады.

(Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістерін толтыру ОК батырмасы шерту.

 

  1. Практикалық сабақ.
    Сабақтың практикалық бөлімінде оқушылар парақ параметрлерін баптауды, маркерленген және нөмірленген тізімдер құруды.маркерлерді таңдау және оларды өзгертудің болатынын іс жүзінде көреді.Компьютерде орындайды.

 

Өздік жұмыс: Тапсырмаларды орында (жеке беріледі жұмбақтың шешімін тауып қазақ,орыс,ағылшын тілдеріне аудару).жауаптарын маркерленген тізім бойынша жазу

 

  • Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
  • Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)
  • «Ас-адамның арқауы», ал компьютердің асы…(ток, ток, currend)
  • Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)
  • Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
  • Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
  • Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
  • Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)
  • Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
  • Кітап ненің бұлағы?(білім, знание, knowledge)
  • Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта-клавиатура-Keyboard)
  • Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one)
  • Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе-окно-window)
  • Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (Шекара-Граница-Border)
  • Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)
  • Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

                                                                                                            (кітапша-блакнот-notebook)

Сергіту сәті:ИНФОРМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)

  1. Мектепке келдім, ұстазды көрдім,

Жазу, сызу мен санау үйрендім.

Интернет,файл,компьютер,модем,

Сырына оның, үңіліп көрсек.

Қайырмасы:

Информатика – бар ілім басы,

Информатика – ғылым патшасы.

Информатика — өмір тірегі

Информатика – шәкірт жүрегі.

Қызық — қолды алдыға,

көк- жоғары

Сары -екі жаққа,

ақ- еркін тұру. (2 рет қайталанады және түстер ауыстырылып отырады)

 

VІ. Бекіту. Тест орындау.Оқушыларға жауап парақ тарататылады.Топ басшысы тексеріп бағалайды.

1.Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым:

а.физика                  ә. Информатика+             б. Математика                 в.химия

  1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал

а.термометр               ә. Принтер                 б.калькулятор                      в. компьютер+

3.Файлдың толық аты неше бөліктен тұрады?

а.аты, түрі,                ә. типі, жазылуы            б. аты, типі +                       в.аты, жазылуы

  1. MS Word-та мәтінді терген кезде абзац қалай бөлінеді?

а. Enter+      ә. .пробелмен     б. Нүктемен         в. Еnd

5.Қай батырма сандық клавиатураны қосады?

а. Caps lock      ә.Enter      б.Insert     в.Num Lock+

6.Ақпаратты тасымалдаушы болып табылады:

а.сым      ә.тышқан                б.сканер    в.флешка+

7.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі:

а.1 бит+      ә.1 байт    б.  1 бод     в.1 бар

  1. Сканер – бұл:

А. Желі бойынша ақпараттарды жіберуге негізделген құрылғы

ә. Сызбалар мен плакаттарды баспаға шығаруға негізделген құрылғы

б. Ақпараттарды енгізуге негізделген құрылғы+

в. Ақпараттарды шығаруға негізделген құрылғы

  1. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысын ата

А. Модем        ә. Сканер         б. Дигитайзер    в. Монитор+

  1. Үлкен әріптерді енгізуге негізделген пернені ата:

а.NumLock     ә.CapsLock+             б.Enter               в.Shift

  1. Microsoft Windows ортасында жұмыс жасаудаПРАВКА менюіндегі КОПИРОВАТЬ командасының қызметін ата:

а.буферге бөлініп алынған үзіндіні көшіреді+

ә.буферге бөлініп алынған үзіндіні көшіреді және оны экраннан өшіреді

б.экранға буфердегі ақпаратты көшіреді

в.жаңа файлға бөлініп алынған үзіндіні жазады

  1. Компьютерді өшіруді қалай түзетуге болады?

а.Жүйелік блоктағы Роwer батырмасына басу;

ә.Жүйелік блоктағы Reset батырмасына басу;

б.Іске қосу менюіндегі Завершение работы командасын таңдау +

в.Файл менюіндегі Выход командасын таңдау

  1. Объектінің атын өзгертуге болады, егер

а.Объектінің атына тышқанның сол жақ батырмасын басып, Переименовать командасын басу арқылы

ә.Правка менюіндегі Переименовать командасына басу

б.Объектінің жанама менюіндегі Переименовать командасына басу +

в.Вставка менюіндегі Переименовать командасына басу

  1. Блокнот — бұл…

а.Мәтінді теруге мүмкіндік беретін редактор +

ә.Мәтінді теруге және қарапайым форматтау элементтерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін программа

б.Бейнелерді құру мен редакторлеуге мүмкіндік беретін редактор

в.Жадыдағы есептеулер мен амалдарды орындауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрал

  1. Қоржын — бұл:

а.өшірілген файлдарды уақытша сақтауға негізделген бума+

ә.файлдарды уақытша сақтауға негізделген бума.

б.Жаңа файлдарды тұрақты сақтауға негізделген бума.

в.Программаларды сақтауға негізделген бума

  1. Өшірілген файлдарды қалпына келтіру үшін қандай әрекеттерді орындау қажет:

а.Өшірілген файлдарды қалпына келтіру мүмкін емес

ә.Файл — Восстановить – ОК.

б.Корзина бумасын ашып, қажетті файлды таңдап, Восстановить командасын таңдау.

в.Корзина бумасын ашып, қажетті файлды таңдап, Файл менюінен Восстановить командасын таңдау.+

  1. Раintдегеніміз

а.Мәтіндерді теруге мүмкіндік беретін редактор

ә.Мәтіндерді теру мен қарапайым форматтау элементтерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін редактор

б.Бейнелерді құру мен редакторлеуге мүмкіндік беретін редактор+

в.Жадтағы есептеулер мен амалдарды орындауға мүмкіндік беретін құрал

  1. Графиктік редакторда палитра не болып табылады…
  2. сызық, дөңгелек, төртбұрыш
    ә. Бөліп алу, көшіру, қою
    б. қарандаш, қылқалам, өшіргіш
    в. Түстер жинағы+
  3. Қандай менюде блок-схема, жұлдызша және жалаушалар орналасқан?
  4. Сервис ә. Правка

б. Автофигуры+              в. Файл

  1. Мәтіндік редакторда құжаттарды колонкаларға бөлу қандай менюдің командасы арқылы жүргізіледі?
  2. Формат → Колонки …+

ә. Формат → Рамки

б. Таблица → Добавить

в. Вид → Структура

  1. Мәтіндік редакторда қаріп параметрлерін өзгерту процесі қалай жүргізіледі:
  2. Формат  Шрифты… +

ә. Правка  Заменить …

б. Файл Создать …

в. Вставка  Символ …

  1. Мәтіндік редактордың қай менюінде құжаттарды альбомдық немесе кітап режимін таңдауға болады:
  2. Формат

ә. Сервис

б. Правка

в. Файл+

 

  1. Мәтінге дайын суретті қою үшін қандай әрекет орындалады?.

а.Қою+              ә.Терезе             б.Файл   в.Анықтама

  1. Жұмыс кітабын қалай сақтауға болады?

а.Файл Сохранить  қажетті буманы таңдау және кітап атын енгізу.+

ә.Вид  Сохранить  қажетті буманы таңдау және кітап атын енгізу.

б.Сервис  Сохранить  қажетті буманы таңдау және кітап атын енгізу.

в.Данные  Сохранить  қажетті буманы таңдау және кітап атын енгізу.

  1. Ақпараттарды сығуға мүмкіндік беретін программа — бұл

а.архивтендіру     ә.архиватор+

б. архив

в.архивтендірудің барлық программалары

Дұрыс жауаптары:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
Ә В Б А В В А Б В Ә А Б Б А А В Б В Б А А В А А Ә

 

VІІ.Бағалау .Оқушылар бағалау парағын толтырады.

 

Бағалау парағы Cұрақ- жауап Кім жылдам? Компью

термен  жұмыс

Өздік жұмыс Тест тапсырмасы Баға
Бүгінгі сабақта өзіңді бағала            
Бүгінгі сабақта көңіл күйің қалай болды (смайлик арқылы бейнелеу)  

 

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.Жеңіске жеткен топты мадақтау.
VІІІ.Үйге тапсырма беру. Информатика оқулығынан 60-61 бет  тақырыпты оқу.
Нәтижесі:

 

1 ) Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығы артты.

2) Оқушының тек информациялық білімі емес ағылшын,орыс тіліненде  білімі  шыңдалады.