«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық
-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Камбаралиева Индира Талғатқызы
Жасөспірім кезеңдегі суицидті мінез-құлықты диагностикалау,алдын-алу.
Қоғамдағы орын алып отырған жағымсыз әлеуметтік-психологиялық проблемалардың бірі жеткіншектердің арасындағы өз өзіне қол жұмсаудың көбеюі. Жалпы ғаламдық психологиялық деградация және рухани құлдырау, ең бірінші кезектегі жеткіншектерді ата-анамен арадағы қарым-қатынастың бұзылуына, әлеуметтік фрустрацияға, интернет-аддикцияға және әлеуметтік таптауырындардың өзгерісіне алып келді. Қағида бойынша бұл вакумм қоғамға жат суицидпен, невроздармен, аморальді әдеттермен толтырылуда. Алайда, суицидтік пиғылдардың болуының тереңдетілген себептерін зерттеулер, превенция, диагностика мен психологиялық қолдаулар Қазақстанда зерттелмеген және де өзекті мәселеге жатады. Әлеуметтік қауіпті ауру — суицидтің кең ауқымды зерттелуі, тереңдетілген ғылыми талдауы мен статистикалық есебі Қазақстанда жоқтың қасы, сондықтан да себептері тексерілмейді, айтылмай қалады. Осыған байланысты, маңызды шара да қолданылмай отыр. Қазақстанның суицид бойынша алдыңғы шепте екендігі туралы соңғы мәліметтерді БАҚ 2014 жыл қырқүйек айының 23 жұлдызында айқындап жария етті. ЮНИСЕФ пен ДДҰ мәліметтері бойынша, 15-19 жас аралығындағы бозбала мен бойжеткендер арасындағы өлім-жітім коэффициент деңгейі бойынша, Қазақстан 2012-2013 жылдары суицидтің салдарынан бозбалалар арасында екінші орында, ал бойжеткендер арасында бірінші орында тұрған болатын. Ал, 10-14 жас аралығындағы жеткіншектердің суицидтің кесірінен өлімі бірінші орынға шыққан еді. Сонымен қатар, біздің республика мұндай қайғылы көшбасшылықта он жылдың көлемінде келе жатыр. Соңғы жылдары көрсеткіштердің төмендеуіне байланысты әртүрлі ойлар бар. Мысалы, статистика бойынша агенствоның хабарлауынша, өз-өзіне қол жұмсаушылар 2010 жылы – 3,6 мың, 2011 жылы – 3,4 мыңға жеткен. 2014 жылы – 2 932 адам. Ал сол уақытта 2008 жылы суицидті әрекет салдарынан 4009 адам өмірден өткен. Орташа есеппен алғанда әйелдерге қарағанда ер адамдар 3 есе көп өздеріне өздері қиянат жасап өмірден өтеді екен. Суицид көрсеткіштер санының төмендеуі ересектер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың төмендеуі салдарынан болып келеді, алайда жастар мен жеткіншектер арасындағы суицид проблемасы бойынша алдыңғы қатарда келеді. Біздің республика соңғы жылдары жас ерекшеліктері көрсеткіштері бойынша ең жоғарғы деңгейдегі «суицидті» көрініс беретін елдердің қатарындағы тізімде қалып отыр: әлем бойынша 3-5 орын.
Осыған қарамастан бізде ешқандай да мемлекеттік бағдарлама жоқтың қасы. Мысалы, суицидтің жоғары деңгейдегі көрінісін беретін елдер — Финляндия, Германия, Швейцария болып есептеледі. Оларда суицидтің алдын алуға арнайы мемлекеттік бағдарламалар енгізіліп, қаражат бөлініп, салдарында жақсы нәтижелерге ие болды. Олар да кезінде суицид мәселесі бойынша біздің жағдайымызды кешкен болатын, мемлекеттік бағдарлама аясында жақсы жетістіктерге жетті. Бізде, Ресей немесе Литвадағы сияқты осындай бағдарламалар жоқ, сондықтан да «өзін-өзі өлтіруден» жоғарғы деңгейді ұстап тұрмыз.
Суицидтік көріністің жиірек болатын жас кезеңдері 15 пен 24 жас аралығында жиірек кездеседі екен. Адам осы жас кезеңдерінде қиындықтарға төтеп беруге тым қабілетсіз келеді екен. Жеткіншектік кезеңдегі суицидтік әрекеттің мазмұны — көмек сұрау, айналасындағылардың назарын өзінің проблемаларына және қиындықтарына аудартқысы келуі. Жасөспірімдерде өлім түсінігі жоқ, оның нағыз мағынасын түсінбейді. Жеткіншек өлімді бір ұзақ ұйқы ретінде қабылдайды, ал суицид ол үшін өзін ренжіткен адамдарды жазалау деген түсінікте болады. Осылайша, жас ұрпақ «суицид» атты эпидемияға тап болып отыр. Герри Стек Салливан психологияда Салливан тұлғааралық қарым-қатынас теориясын жасады. Магниттік тартылыстың әсерінен электрондар
қандай қозғалысқа ұшыраса, осылайша адамдар өзі үшін маңызды
тұлғаларға реакция жасайды. Индивидтің қарым-қатынас жасауы өмірдің
маңызды сәттерінің бірі. Әрбір адам «Меннің» үш бейнесіне ие. Адам өзін
қауіпсіздікте сезінген кезде ол «Жақсы Мен», үрейлену кезінде
«Жаман Мен» күйінде болады, ал психотикалық қорқыныш кезінде индивид
«Мен емес»-ке айналады. Тұлға өзіне деген қоршаған ортаның қатынасына
қарай өзін бағалайды. Егер индивидтің қауіпсіздігін бұзатындай ситуация
туатын болса, онда пайда болған дау-жанжал мен үрей ол үшін төзімсіз
күйге айналады. Осындай жағдайда адамға өзінің «Жаман Менін»
«Мен емес»-ке ауыстыру тілегі пайда болады да ол суицид жасауы мүмкін.
Саливанның ойынша суицид индивидтің сыртқы әлемге бағытталған
жағымсыз қатынасының кері өзіне қайта оралуы.
Атақты психолог А. Ескендирова суицидті «интеллектінің дамуындағы ауру» деп атаған. Көпшілік ғылыми тұрғылар суицид феноменін тұлғаның психологиялық дағдарысымен байланыстырады. Бұл «қандай да бір ситуациядан шығатын басқа жол таппағандықтан, адам өз өміріне балта шабуға барады» деген сөз. Осындай психологиялық дағдарыс күтпеген жерден (күшті аффект әсерінен) тууы мүмкін. Көп жағдайда рухани құлазу ішке жинала береді [31].
Шағын психологиялық сөздікте (М.Дьячеко) суицид (ағылшын тілінен аударғанда «өзін-өзі өлтіру») ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндіріледі. Әсіресе ауыр және қауыпты дағдарыстар эмоцияға берілгіш, тез жараланғыш тұлғаларда болады.Осылайша суицид адам-мінез құлқының актісі, ол психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаюы жағдайында жасалады.
Суицидент өзінің өміріне қол жұмсаушы адам. Суицидтік оқиға өзін-өзі өлтіру актісі немесе оның орындалуына әрекет жасау. Жасөспірімдік кезеңдегі суицид бұл көмекке шақыру жан айқайы,
өзінің ситуациясына өзгелердің назарын аудартуға тырысу. Бұл жерде
шынайы өлім тілегі болмайды, өлім туралы ойлары анық емес, инфантильді
түрде болады.
Жасөспірімдік кезеңдегі суицидті мінез-құлық өмірлік тәжірибенің
жеткіліксіздігімен байланысты. Жасөспірімдер өмірлік мақсаттарын дұрыс
анықтауға және оған жетудің жолдарын белгілеуге қабілетсіз. И.П Павлов
өзіне-өзі қол салуды «мақсат рефлексін» жоғалту арқылы түсіндіреді.
Осыған байланысты ғалым былай деп тұжырым жасады: «Мақсат рефлексі
үлкен өмірлік мәнге ие, ол әрбір адамның өмірлік энергиясының басты
формасы. Мақсат жоғалған кезде өмірдің де қызықтылық деңгейі
төмендейді. Әрине адамдардың өмірлік мақсаттары шексіз. Өзіне өзі қол
салу кезінде өмір рефлекстерінің тежелуі, тоқталысы орын алады…».
И.П Павлов суицид әрекетін жасаған тұлғалар психикалық науқастар деген
пікірді жоққа шығарады.
Жасөспірімдерде өлімнен үрейлену сезімі қалыптасқан.
Жасөспірімдер психологиясына тән «метафизикалық интоксикация» өлім
мен өмір тақырыбында терең ойлануында көрінеді. Жалпы тұрақсыздық
сыни көзқарастың жетіспеушілігі, өзін-өзі бағалаудың жоғары болуы және
эгоцентризм олар үшін өмір құндылықтарының төмендеуіне жағдай
жасайды. Бұл жасөспірімдердің эмоционалды көңіл-күй көріністерін
негативтілікке бояйды, ал пайда болған дау-жанжал суицидті мінез-
құлықтың көрінуіне себепші болады.
Әр суицидтің шығу себебі бар. Бірақ көп жағдайлардағы себеп ондай адамдардың иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеулерінде болады. Бұлар басты себептері. Ал басқа себептердің барлығы осы басты себептерге тікелей тәуелді. Мысалы, сүйген қызымен ұрысып, немесе аралары ажыраған жігіттің өзін-өзі өлтіруіне санасы ояу адам баласы үшін ешқандай ақылға қонымды себеп жоқ. Ақымақтықпен өз өмірін қияды.Қаржылық жағдайлардың әсері де кей адамдар үшін суицидтің тудырушы күші болып табылады. Алайда, қаржылық қиындықтар басты себеп емес. Егер ондай қиындықтарға шыдамай өз-өзін өлтіру белең алса, онда әлемнің тең жартысы қырылып қалады емес пе?! Қиындық кімде жоқ дейсіз?! Демек, иманы мен өмірге деген көзқарасы дұрыс емес болған адам ғана мұндай уақытша қиындықтарға төзе алмай, ең дұрыс жол ретінде суицидті таңдайды.
Ренжу. Кейде жасөспірімдердің арасындағы суицид ата-анасына ренжудің салдарынан болады. Бірақ сондай ардақты жандарға ренжіп өзін-өзі өлтіру де жан дүниесінде кемістігі бар адамның істейтіні болса керек.
Қателік. Өмір болғаннан соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателіктерге ұрыну барлығымыздың табиғатымызда бар нәрсе. Қандай қателік жасасақ та суицидпен шешімін табуымыз дұрыс емес. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Ата-анасынан қорқып қателігін жылы жауып қою мақсатында өлімге бару көзі ашық, көкірегі ояу жандардың істейтін әрекеті емес.
Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар.
Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және
өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады.
Жасөспірімдік кезеңдегі суицид келесі факторлармен шартталады:
Балалық шақтың толымсыз және аз қамтылған отбасында өтуі.
Отбасындағы ауыр психологиялық ахуал, ата-анасының біреуінен айырылу,
ата-ана арасындағы дау жанжалдың көріністері, олардың алкогольды
тұрақты қолдануы және т.б.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың өмірден кетуге
деген шешім қабылдауында маңызды роль ойнайды. Әсіресе бұл ата-ананың
балаға деген қарым-қатынасындағы қатыгездікке қатысты көрінеді. Психологияда «қатыгездік» терминінің синонимдері «агрессия»,«деспозитизм» сөздері қолданылады.
Қатыгездік бұл бір адамның екініші адамға немесе тірі жанға іс-әрекет,
сөз психологиялық әсер ету арқылы зиян келтіру. Қатыгездіктің көрінуі
алдын ала ойластырылган немесе импульсивті, саналы және санасыз түрде
болады.
Ата-ананың балаларына қатысты қатыгездігінің себептерін былайша
бөлуге болады.
Біріншіден, бұл ең жақсы тәрбиелеуші құрал ретінде «белбеуді»
насихаттаған патриархалды тәрбиенің көп ғасырлық дэстүрі. Бүгінгі күнге дейін кейбір ата-аналар балаға осылайша тэрбиелеуші әсер ету әдісін тиімді
деп есептейді.
Екіншіден, біздің қоғамда үгіттелетін қатыгездік көрінісі. Көбіне ата-
ананың стресстік жағдайда жүруі олардан әлсіздерге — балаларына деген
өшпенділік көріністерін тудырады.
Баланың түрлі әлеуметтік әсерлерден, соның ішінде ата-ананың тыйым
салуларынан қорғансыз болуы балаларда озінің әлеуметтік қорғансыздығы,
ешкімге қажетсіздігі туралы пікірлер тудырады жэне өзіндік бағалаудың
адекватты қалыптасуына кедергі болады.
Үшіншіден, біздің қоғамның қоғамдық жэне құқықтық мәдениетінің
деңгейінің төмендігі. Бұндай қоғамда бала өзара әсер етудің субьектісі
ретінде емес обьектісі ретінде болады. Бүл себептен келесідей қорытынды
шығады кейбір ата-аналардың әлсіздігі олар позитивті тәрбие мақсатына
өзге тәсілдермен жете алмайды.
Ата-ананың балаларға қатысты қарым-қатынасындағы қатыгездік
көріністерінің түрлері коп. Бүл проблемаға қатысты статистикалық
мәліметтерге жүгінсек, ең ауыры нәрестелерді өлтіру жылына 300-400
жағдайға дейін тіркеледі. Қатыгездік коріністерінің 20%-ы аштықпен
қорлау, тамақ пен суды шектеп беру болып табылады [44].
Балаларға қатысты жазалауды қолданудың төрт негізгі формалары
болады: денелік зорлау, сексуалды зорлау, психологиялық зорлық көрсету,
моральдық түрғыдан зорлық көрсету.
Баланың басты қажеттіліктерінің қанағаттанбауының себептері
төмендегідегідей:
— баланың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктеріне сай тамақтанудың, киім-
кишектің, білімнің, медициналық көмектің жетіспеуі;
— қажетті назардың бөлінбеуі, қарапайым қамқорлықтың болмауы.
Нәтижесінде бала бақытсыз жағдайдың, қайғылы оқиғаның құрбанына
айналады;
Ата-ананың ең басты міндеттерінің бірі өзінің баласы үшін оны тұлғасы
қалыпты дамытатын психологиялық жағдай жасау.
Ата-ананың балаларына қатысты қатыгез қарым-қатынас формаларын
талдауда американдық және ағылшын ғалымдары келесідей бөліп
қарастырды:
— ата-ананың баласының денсаулығын бақыламауы (кездейсоқ жарақаттар,
тамақтанудың бұзылуы, гигиеналық талаптарды ұстанбау және т.б);
— ата-аналар тарапынан болатын дөрекі қарым-қатынас (дауыс көтеру,
қорқытып үркіту және т.б);
— балаға бағытталған шынайы қатыгездік (ұрып-соғу, психологиялық қысым
көрсету және т.б.) [30].
Жалпы шетелдік ақпарат көздерін талдау барысында ата-аналар
тарапынан балаларға қатысы болатын қатыгез қарым-қатынас типтерін
бөлуге болады (С. Фрайд, П. Хоулт, В. Гиллхам және т.б):
1. «Бала — көзделу орталығы» (мишень)-баланы өте енжар немесе өте
белсенді деп санайды да, нәтижесінде ол отбасындагы агрессияның
обьектісіне айналады. «Көзделуші бала» ата-анасының біреуінің тарапынан
ғана болатын сүйіспеншілікке ие болады немесе оның бойында денелік,
ақыл-ой кемшіліктері кездеседі.
2. «Әкелік және аналық дағдылардың болмауы» — ата-ана әкелік және аналық
жауапкершілікке дайын емес болады. Олар дауыс көтеру, қорқытып-
үркіту, ұрып-соғудан өзге іс-әрекет стратегияларын меңгермеген.
3. «Білімсіз ата-ана» — баланың жас ерекшелік дамуы туралы қарапайым
білімді, бала психикасының ерекшеліктерін ескеруді меңгермеген ата-
аналар.
4. «Үйдегі болған зорлық моделі» — балалық шағында зорлыққа шалдыққан
немесе балалармен қатыгез қарым-қатынас орнатудың куәгеріне айналған
ата-аналардың іс-әрекеті.
5. «Сыртқы әлемнен оқшаулану» — өзге адамдармен қарым-қатынас орнату
біліктілігін меңгермеген ата-аналар.
6. «Отбасылық стереотиптер» — балалар жасаған бұзақылық ата-ана тарапынан қатал жазаланады (жасөспірімдік кезеңде екіқабат болу, отбасындағы қалыптасқан дәстүрлерді бұзу, этикалық нормаларды бұзу және т.б)
Сыртқы формалары екі топқа бөлінеді:
1. Суицидті ұмтылыстар — өліммен аяқталмаған, өзіне өзі қол салуға
бағытталған мақсатты әрекет актілері.
2. Орындалған суицид — әрекет адам өлімімен аяқталады.
Жалпы суицидті әрекетке дайындалып жүрген жасөспірімдерді мына
белгілер арқылы анықтауға болады:
Сөздік белгілер:
1. Жасөспірім өлім туралы ашық және тура айта бастайды: «Мен одан әрі
өмір сүре алмаймын».
2. Өзінің тілегі туралы жанама түрде түсінік береді: «Мен енді ешкім үшін
проблема тудырмайтын боламын…» .
3. Өзіне-өзі қол жұмсау тақырыбында көп әзілдеу.
4. Өлім тақырыбындағы сұрақтарға қызығушылық таныту.
Мінез-құлық белгілері:
1. Өзі үшін маңызды болған нәрселерді өзгелерге тарату, барлық
жұмыстарын ретке келтіру.
2. Жасөспірім іс-әрекетінде келесідей радикалды өзгерістер
байқалады тағамдарды өте аз немесе өте көп мөлшерде қолдану, оқу
үрдісінде сабақтардан еш себепсіз қалу, берілген үй тапсырмаларына көңіл
бөлмеу, жолдастарымен қарым-қатынасқа түспеу, қызбалық көрсету, көңіл-
күйдің түсіңкі болуы, қоршаған ортадағы қүылыстарға немқүрайдылық
таныту.
3. Әлсіздік, үмітсіздік белгілерінің көрінуі.
Суицидті әрекетке баратын жасөспірімдердің ситуациялық белгілері:
1. Әлеуметтік оқшауланған (жолдастары болмайды немесе бір ғана досы
болады);
2. Қалыпты емес ортада өмір сүретіндер (отбасындағы дагдарыс, ата-ананың
ішімдік қолдануы);
3. Өздерін денелік, сексуалды, эмоционалды зорлықтың қүрбаны сезінетін
жасөспірімдер;
4. Бұрын суицидті эрекетке барған жасөспірімдер;
5. Жолдастары, таныс адамдары немесе отбасы мүшелері суицид
жасағандықтан жасөспірімнің де суицидті мінез-құлыққа бейім болуы;
6. Оның жақын адамдарының өлімі, ата-аналарының ажырасуы [38].
Бүгінгі біздің қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында әлем дабыл қаққан жасөспірімдер арасында көбейіп бара жатқан суицид проблемасы. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары бұл алдымен оның отбасы және оқу орны. Бұл кезеңде суицидті мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден-бір фактор бұл-оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал.
Егер әрбір ата-ана баласымен сенімділік негізінде құрылған жағымды қарым-қатынас орнатып, тәрбиенің тиімді, әрі әділетті әдістерін қолдана отырып, оларды материалды және рухани құндылықтармен қамтамасыз ететін болса, жасөспірімдерде болатын дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады.
Сондықтан бүгінгі күні суицидті мінез-кұлыққа бейім жасөспірімдермен
жұмыс жасауды өз уақытында тиімді жоспарлап, бұл жұмыстың орындалуына аса мән берілуі керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Акопян К.З. Самоубийство: проблема мотивации (размышления в связи с психологическим этюдом Н. А. Бердяева «О самоубийстве») // Психологический журнал. — 1996. — Т.17, №3.
2. Актуальные проблемы суицидологии: Сборник трудов московского НИИ психиатрии. — М., 1978. — Т.78.
3. Актуальные проблемы суицидологии: Сборник трудов московского НИИ психиатрии. — М., 1981. — Т. 92.
4. Амбрумова А.Г Индивидуально-психологические аспекты суицидального поведения // Актуальные проблемы суицидологии — М., 1978ж
5. Джиринбаева А. Психологические особенности суицидального поведения // Ізденіс.,2002. — №2 — 6.176 – 185ж.
6. Нуркатова М. Самоубийтсво как психо — социальное явление // Психология. Социология. Политология.,2007 — №10 – 11
7. Пурло Е. Интегративный подход к превенции суицида // Психология и соционика межличностныхотношении., 2005 -№11
8. Сағидуллаева Р. Суицидті мінез-кұлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері // Мектептегі психология., 2007 — №3
9. Яскевич И. Дорога в никуда // Юридическая газета., 2003ж
10. Жақыпов С.М., Тоқсанбаева Н.Қ., Тұрдалиева Ш.Т., \\ ҚазҰУ хабаршысы, Психология және социология сериясы, А., 2008-№3
11. А.Т. Акажанова. Учебное-методический комплекс по спецкурсу «Психолог-педагогическая коррекция девиантного поведения несовершеннолетних»-Алматы, КазГосЖенПУ,2005 г.
12. К.Ғ. Елшібаева. «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» жалпы білім беретін мектептің психологтарына арналған құрал. Оқу құралы. Білім және ғылым министрлігі бекіткен / Алматы; Нур-Принт, 2009ж.