Заманауи білім үдерісіндегі – білім алушы тұлғасының зияткерлік компонентінің мазмұны
Қоғам дамуы процесінде тәрбие мазмұны өзгереді, алайда педагогика тәрбие субъектісі ретінде үнемі адамды қарастырады, ал тәрбие әсері оны жетілдіруге бағытталады. Бұл педагог-тәрбиешілердің тұлғаның сапалы өсуіне және жетілуіне ықпал ететін санасын, психологиясын, құндылықты бағдарын, білімі мен қызметінің әдістерін өзгертуіне мүмкіндік беретін тәрбие феноменін түрлендіретін іс-әрекеті ретінде анықтауына негіз береді.
Демек, барлық білім беру процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады: оқыту және тәрбиелеу. Өз кезегінде оқыту да, тәрбиелеу де белгілі бір аяқталған және құрастырылған процесті білдіреді.
Біздің пікірімізше, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің мәнін төмендегіше ұсынуға болады:
– Оқыту деп шығармашылық қабылдау мен практикалық қызметтер, мәдени және моральдық-этикалық идеялардың түрлі тәсілдері мен деңгейлері арқылы білім, білік және дағдыға ие болу түсіндіріледі.
– Бұл жағдайда тәрбие этностық, эстетикалық, моральдық, әлеуметтік және т.б. түрлі қарым-қатынастардың, сол сияқты мінез-құлық, дағдылар мен сезімдердің әртүрлі деңгейлерінің туындау және қалыптасу процесін білдіреді.
Оқыту және тәрбие процестерінің өзара ортақ және бір-бірінен ерекшеленетін қасиеттері бар. Келесі кестеде оқыту және тәрбие процестеріне ортақ және бөлек қасиеттерді көрсетуге болады (1-кесте).
Оқу процесі – бұл тек белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуы мен қалыптасуы. Оқушылардың оқу процесі барысында меңгерген білімі олардың дүниетанымы қалыптасуының негізін қалайды, түрлі табиғи, қоғамдық, техникалық және мәдени құбылыстар мен оқиғаларды дайындаудың маңызды құралы болады.
Оқушылардың танымдық қызметі олардың интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік дамуын ескереді. Оқу процесінің тәрбиелік мәні – оқыту барысында оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен оларда әлемге, бір біріне, игерілетін оқу материалына эмоционалды-құндылықты қатынас қалыптасуы арқасында табиғи байланыс орнайтындығында.
Білім берудегі тәрбие компонентінің мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын нақтылау қажет:
– тұлғаның жалпыадамдық гумандық құндылықтарға бағдарлануы;
– демократиялылық және толеранттылық;
– космизм және ұлттық идеяның үйлесуі;
– тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу;
– өз шығармашылық әлеуетін елін көркейтуді іске асыру
қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің аймақтық аспектісі.
Пәнді оқыту процесінде тәрбие қызметін іске асыруда мұғалім ең алдымен сабаққа тәрбие міндеттерін қоюы тиіс. Мұғалімдердің көпшілігіне осы кезең қиындық тудырады. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Жеке оқушының және тұтас алғанда сыныптың тәрбие деңгейінің диагностикасы қажет, ол тәрбиенің проблемалы тұстарын бірден байқауға және тәрбие мақсаттарын мақсатты түрде құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сабақта қозғалатын тұлға қасиеттерін балалармен талқылауға міндетті. Ол баланың процестен шеттетілмегенін, мұғалімнің оған тәрбиеде көмектескісі келетінін және ең бастысы бұл өзіне қажет екенін түсінуі үшін қажет. Бұл жағдайда бала өз қылықтары мен іс-әрекеттерін ойлана талдайды және мұғалімге сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзету жеңіл болады.

1-кесте − Оқыту және тәрбие процестерінің ерекшеліктері, оларға тән ортақ және бөлек қасиеттер.

Оқыту және тәрбие процестерінің
ортақтығы Оқыту және тәрбие процестерінің ерекше өзгешеліктері
1. Оқыту және тәрбие процестерінің өзара бірлігі мен қайтымдылығы, себебі оқыту процесі тәрбие қызметі де болып табылады, сонымен қатар тәрбие процесі оқытумен тығыз байланысты 1. Ерекше өзгешеліктер мазмұн деңгейінде байқалады: оқыту мазмұны – бұл, ең алдымен, қоршаған шынайылық туралы ғылыми түсініктер мен білімдер. Өз кезегінде, тәрбие мазмұнында алдыңғы орынға нормалар, ережелер және идеалдар шығады.
Тұлғаның санасына, мінез-құлқына, эмоциясына екіжақты әсер ету 2. Ерекше өзгешеліктер, сонымен бірге міндеттерді іске асыруға және алдыға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін жаңа формалар мен әдістерді анықтау деңгейінде жақсы байқалады. Оқытуда негізінен сол уақытта сабақ жүргізудің тек нақты да қатал белгіленген сыныптық-сабақтық жүйесі ғана қолданылса, тәрбие – түрлі сипаттағы барынша еркін формаларды, қоғамдық пайдалы еңбекті, спорттық, көркемөнер қызметін, мақсатты ұйымдасқан қарым-қатынасты, шамасына лайық еңбекті қолдану процесін білдіреді.

Рухани өмір – бұл ішкі, сондай-ақ сыртқы материалдық ақиқатты туғызатын болмыстың жоғары жоспары, жасырын, заттандырылмаған шынайылығы.
Е.В. Бондаревскаяның пікірінше тәрбие мақсаты – тұтас мәдениет адамын қалыптастыру (А қосымшасы).
Мәдениет адамы – мәдениет әлемінде өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, еркін адам. Мұның педагогикалық аспектілері оқушыларда өзіндік сананың жоғары деңгейін, өз қасиетін бағалау, өзін өзі қадірлеу, өзгелердің пікірін құрметтей отыра, өз пікірінің еркіндігі сияқты қасиеттерді тәрбиелеуден тұрады.
Мәдениет адамы – адамгершілікті тұлға. Адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық аспектілері тәрбие қарым-қатынасының барлық әдістерін және барлық жүйесін ізгілендіруден тұрады.
Мәдениет адамы – рухани тұлға. Мәдениет адамының руханилығы мәдени сәйкестендіру және мәдени-лайықтылық өмір салтын таңдау қабілетінде байқалады.
Мәдениет адамы – әрі шығармашыл, әрі бейімделген тұлға. Адамның заманауи жағдайлардағы өмір сүру қабілеті екі блоктан: мінез-құлықтың меңгерілген алгоритмдерінен және өзгерген жағдайларға сәйкес олардың өзгергіштігіне, яғни шығармашылыққа даяр болуынан тұрады.
Тұжырымдама авторы тұлғалық тәжірибенің келесі компоненттерін бөліп көрсетеді, оларды меңгерген тұлға мәдениет адамы ретінде қалыптасты деп саналады:
аксиологиялық (құндылықты-мағыналы), санамен «берілетін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты тұлғалық мәнге ие болатын әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтардан тұрады;
мәдениеттанушылық – тұлғаның өмір сүру әрекеті өтетін түрлі мәдени орта; жалпымәдени қабілеттер, мәдени шығармашылық туындылар; ұлттық мәдени құндылықтар мен дәстүрлер және оларды сақтау, жаңарту, жаңғырту бойынша іс-әрекет және т.б.;
өмірнамалық (жағдаяттық) – өмір жағдайлары, оларды ұйымдастыру мен ғұмыр сүру әдістері, өз тұрмысын өзгерту жолдары, өмір сүру ортасын түрлендіру және т.б.;
моральдық-этикалық – адамгершілікті, өнегелі мінез-құлықтың эмоциялы мазмұнды жағдаяттарына төзу тәжірибесін жинау және т.б.;
азаматтық – қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу, азаматтық сезімдерді көрсету, адам құқықтарын қорғау және азаматтық мінез-құлық тәжірибесін дамытатын басқа жағдайлар;
тұлғалық – балалардың өмір сүру әрекеті келесі жағдаяттармен маңызды: шынайы жауапкершілігі, таңдау еркіндігі, шешім қабылдау, өзіндік бағалау, өзін-өзі түзету және өзін-өзі тәрбиелеу, өз тәртібін жобалау, тұлғалық даму және т.б.;
дербес-шығармашылық – қабілеттерді дамыту құралы, өмір сүру әрекетінің түрлі стильдерін, өз-өзіне сенімділік, дербестік, креативтілікті қалыптастыру.
Тәрбие мазмұны балалардың дамуына қарай олардың тәжірибесімен, өмірлік және тәрбиелік жағдаяттармен толығады [4, 18б].
Педагогика ғылымында дәстүрлі түрде ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесін бөліп көрсетеді, қазір оның азаматтық, құқықтық, экономикалық, экологиялық бағыттарымен толықтырылуда. Тәрбие процестері толық және жеке бір бағыт аясында түрлі: қауым, әлеуметтік институттар, жеке әлеуметтік топтар, интердербестік (тұлғааралық) және интрадербестік (өзін өзі тәрбиелеу) деңгейлерінде іске асырылуы мүмкін.
Тәрбие міндеттері педагог-тәрбиешілердің әдіс-тәсілдерін құрайтын белгілі бір тәрбие әдістері арқылы шешіледі.
Тәрбие әдістерінің жіктеуі шартты және ол тәрбие моделіне, оның түрлері мен бағыттарына, тәрбие ортасына, тәрбиеленушілердің жасына және тәрбиешінің тұлғасына байланысты. Осыған орай тәрбие процестерін мәнмәтінде қарастыру қажет, ол алға қойылған тәрбие міндеттеріне қол жеткізуде әдістердің тиімді жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік құжаттарды талдау барысында білім берудің заманауи парадигмасына қаланған білім беру процесінің тәрбие міндеттерін естен шығармау керек.
Мазмұн тиянақты білім негізінде білім алушылардың санасына оларды тұтас қабылдау арқылы таратылған кезде ғана тәрбие құралы болады. Жүйелі білімді, олар арқылы – пікір, көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек. Түсінікті, белсенді түрде меңгерілген білім ғана тұлғаның жаңа қасиеттеріне ауысып, рефлексияға, бағалау пікіріне қозғау салады.
Оқу пәндерінің прцессуалды сипаттамалары бір мезгілде дидактикалық және тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізуде жиі қолданылады. Негізінде тұлғаға бағдарланған дамыта оқыту білім беруді ізгілендіру, тәрбиемен тығыз байланысты болып оқушы өмірінің барлық жағынан қамтитын процесс бола отыра, оның тұлғасының үйлесімді дамуына ықпал етеді. Балалардың бірлескен іс-әрекетте өзін көрсете алуына, бағалау шешімін қабылдауына түрткі салатын тәрбие әдістері педагогикалық қарым-қатынас, белсенді оқыту әдістері (семинар-пікірталастар, мәнмәтіндік оқыту, проблемалық оқыту және т.б.) процестерінде іске асырылады. Тәрбиеде педагог тұлғасы, оның педагогикалық шеберлігі, оқушылардың психологиясын білуі үлкен рөл атқарады.
Соңғы мемлекеттік құжаттарға сәйкес, «білім беру» түсінігі кең мағынадағы тәрбие ұғымына теңестіріледі және ұрпақтар жинақтаған білім, тәжірибе мен мәдени құндылықтарды жеткізу процесі болып табылады. Ендеше, тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде қарастыруға болады, ол бір мезгілде әлеуметтік-мәдени бағыттың міндеттерін де шешеді. Атап айтсақ:
– тәрбие – адамды әлеуметтендірудің және ұрпақтар алмасуы арасындағы өзара байланыс құралы болып табылады;
– тәрбие – дүниежүзілік мәдениет, ғылым және техникамен қарым-қатынас және танысу орнатылатын ая болып табылады;
– тәрбие – тұлғаның тиімді дамуы мен адамды индивид, қоғамның маңызды бірлігі ретінде анықтайтын тәсілі болатыны күмәнсіз;
– тәрбие – сонымен қатар, адамда руханилық және оның дүниетанымын, құндылыққа бағдарлануын, адамгершілік принциптерін анықтау мен қалыптастыру міндетін атқарады.
Сонымен, мектептің оқу процесінде тәрбие ортасын құру оқу процесіне өзгеріс енгізуді, барлық оқу пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейтуді көздейді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Баймолдаев Т. Жаңашылдық жүйемен басқару: [12 жылдық білім беру мәселесі туралы]// Мектеп директоры.- 2002.- N 1-2.- 8-13 б.
2. Баймолдаев Т.М. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагог мамандарды қайта даярлау мәселесі// Білім берудегі менеджмент = Менеджмент в образовании.- 2008. — № 2. — 3-5 б.
3. Балыкбаев Т.О. Научное обеспечение модернизации системы образования Республики Казахстан// 12 жылдық білім беру = 12 — летнее образование.- 2014. — № 10. – 11-15б
4. Батанасова Б. жылдық білім беру жүйесін нақты жүзеге асырушы тұлға — құзыретті мұғалім// Білім = Образование.- 2014.- № 6.- 45-47 б.
5. Бахишева С. 12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы// Білім кілті = Ключ знаний.- 2009. — N 1.- 10-12 б.
6. Педагогикалық диалог. AEO «NIS», «UNIVERSITY OF CAMBRIDGE» 2014 №9.