Балқаш қаласы жалпы білім беретін
типтік мектеп – интернатының
тарих пәні мұғалімі Бимбетова Баян Султанбековна
Балқаш қаласының 80 жылдық мерекесіне байланысты өткізілген
Балқаштану атты факультатив сабақ жоспары
6 «а» сынып
Мерзімі:16.11.2016 ж
Сабақтың тақырыбы: «Мәдени ескерткіштер сыр шертеді»
Мақсаты: Балқаш қаласындағы мәдени ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру.
2. Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу
3.Туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Ескерткіштер туралы суреттер.
Сабақ түрі: саяхат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
4. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау.
Үй тапсырмасы: Балалар сендерге бүгінгі сабаққа, Балқаш қаласының мәдени ескеркіштері туралы мәліметтерді жинақтап келу тапсырмасы берілген болатын. Өздеріңнің тапқан мәліметтеріңді қайталай отырыңдар. Қазір қалаға саяхат сабағы барысында үй жұмыстарың да тексеріліп отырады.
ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: «Балқаш қаласына саяхат»
— Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол — саяхат сабағы. Қалаға саяхатқа шығамыз.
— Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
— Карта.
— Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
— Балалар, бір — біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
Нұсқау: Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Мен сіздерге бірнеше суреткөрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір – бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз. «жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз.

(оқушылар дөңгелек бір — біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, Балқаш қаласындағы көшелерге тоқтап қаламыздаға ескеркіштерге түсінік береміз.
Ескерткіш –елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы.
Балқаш қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері — өткен күннің сырлы да мұнды, асқақ та айбынды шежіресіне жетелеп,осы жерді мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.

Караменде би көшесіне барамыз.
Қараменде би ескерткіші. Қараменде Шақаұлы -Тобықтының атақты биі, шешен. Абай
Әкесі Құнанбайдың аузынан Қараменде бидің шешендік, даналық сөздерін көкейіне түйіп өскен.
Әсіресе Қарқаралы өңіріне барып жүргенді естіген Қарамендебидің:
«Елі көшсе, бел жетім,
Үйрек-қазкетсекөлжетім,
Еріжоқ ел жетім,
Елі жоқ ер жетім,
Жоқтаусыз кетсе, қызжетім,
Жасы жеткен қарт жетім,
Парықсыз болса сөз жетім» —
Деген өнегелі сөзі нәрқашан үлгі тутып, балаларына өнеге ретінде айтып отырған. Қараменденің денесі қазіргі Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы жеріндегі «Жұмбаққара» дегентау дың етегіне қойылған Қараменде Шақаұлы шамамен 1707-1797
Жылдары Жезқазған облысында туып өскен. Шыққантегі Қаракесек-Дадан. Қараменде жас кезінде Абылай хан билерініңотынжағып, шайын қайнатып беріп жүреді екен. БіркүніАбылайханның жеті биі бас косып, жасәйел мен жігіттінарасындағыдаудықарауғаотырады. Билержігіт пен келіншекті жазаға бұйырады. Осы жазанытыңдап, шайөзірлепжүргенҚарамендеоған риза болмайды да: — Мағанбірауызсөзайтуға бола маекен? — Сонда бірбитұрып: — Сағансөздіңкерегі не? Алдыңдағышайдыжөндепкайнат! — дейді. — Екіншіби: — Сөйлесін. «Асыл — тастан, акыл — жастан»деген. Тыңдапкөрейік, — дейді Сонда Қараменде бала: — Ел ұрыссызболмайды, тау бүркітсізболмайды. Қолүйрексізболмайды, к…ойнассызболмайды. Қылыштықынабында кермесе бөрібекер. Екіжастыелімгеқиып, күнәкәрболаржайымжоқ, менітыңдасаңыздар, бұлекеуіндекінәжоқ, азаттыкберіңдер? — деп, кесімайтыпты. БилерҚараменденің бұлсөзінмақұлдап, жігіт пен келіншектіжазаданқұтқарыпты. ОсыданбылайҚарамендебелгілібилерсанатынақосылып, талайкесімді, шешімдібиліктібасынан өткеріпті.
«Тәуелсіздік» стеласы
Ескерткіш 2001 жылы еліміздің үлкен атаулы мерейтойына байланысты орнатылған. Бұлескерткішынтымақ, бірлік, береке символы. Жоба авторы — ТөлековДаир. Сыйлықретіндеқаламызғакомбинаттыңбірцехыұсынды. Ескерткіштің он сатысыбалқаштың граниты мен мәрмәртасынанжасалған.
Мұғалім: Өйткені бұл стела Тәуелсіздігіміздің 10 жылдық мерекесіне арналып жасалған. Ал биыл Тәуелсіздігімігге 25
жыл болады.
Ағыбай батыр ескерткіші.Шұбыртпалы Ағыбай (1802-85ж.т.), қолбасшы, Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған көтерілістің жетекшісі болған. Жорықтағы сәттілігі үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Жауынгерлер Абылай атымен Ағыбай атын да қоса айқайлап, ұран қылған. 1824 жылы Ағыбай батыр Қарқаралы аумағындағы Ресейдің басқыншылық саясатына қарсы көтеріліске шыққан. 1826-49 жылдары Қарқаралы, Ақтау, Ақмола-әскери бекіністеріне шабуыл жасаған. Қырғыз манапы Орманға қарсы ұрыста ерекше көзге түскен. Сарыарқа мен Бетпақ даланың түйіскен жеріндегі Тайатқан Шұнақ деген жерге жерленген Ағыбай батырға ескерткіш орнатылған. Ағыбай батырдың өмір жолы мен ерлігі қазақ тарихшылары мен жазушылары шығармаларының басты тақырыбына айналған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» эпикалық поэмасы жарыққа шықты. Ағыбай батыр І.Есенберлиннің «Хан Кене» романында, Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» эпикалық аңызында басты кейіпкер болып бейнеленген. Облыс жұртшылығы 2002 жылы Батырдың 200-жылдығын кеңінен атап өтті, 2007 жылы Балқаш қаласында батырға ескерткіш орнатылған.
Мұғалім: Ағыбай қартайып бойынан қуат қайтқан шағында ауыл елін егіншілікке, балықшылыққа жұмылдырып, бас көз болған. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін барлық өмірін арнаған Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің еңбектеріне арқау болған.
Ленин көшесіне барамыз. Ленин көшесінде қандай ескерткіш бар.
Мағауия Хамзин ескеркіші. Қазақстан Республикасының халық артисі, шертпе күйдің шебері, қаламыздың құрметті азаматы Мағауия Хамзин Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Мағауия жеті жасында халық композиторы Әшімтай атасынан «Қоңыр қаз», «Сылқылдақ», «Саржайлау» күйлерін үйренеді. Анасынан жастай жетім қалып, оған арнап алғаш рет «Қосбасар» атты күйін шығарады. 10 жасында Алматыда өткен өнерпаз оқушылардың байқауына қатысты. Мағауия 17 жасында Қарағанды филармониясында күйші-артист болды.1961 жылы жаңадан құрылған Қазақтың Мемлекеттік «Қазақконцерт» гастроль концерт бірлестігіне орналасқан күндерінен басталды. Жүсіпбек, Шара, Роза апаларымыздың тағы басқа да саңлақтармен бірге шертпе күйдің шебері Мағауия атамыз өз тобымен республикамыздың талай үлкен сахналарында, шалғайдағы қыстақ, түпкірдегі ауыл — аймақтарда да өнер көрсетті. Осындай қажырлы еңбегінің арқасында Мағауия Хамзин ата 1966 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі атанып, 1979 жылы Қазақ КСР-інің халық артисі деген құрметті атаққа ие болды. Мағауия Хамзин күй құты қонған күйші, танымал сазгер.1998 жылы Мағауия Хамзинге «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Мұғалім: 2000 ж., 19 желтоқсан Қалалық мәслихаттың шешімімен металлургтердің мәдениет сарайына Қазақстанның халық артисі, атақты күйші Мағауия Хамзиннің есімі берілді. 2002 ж., 20 қараша Балқаш қаласы маслихат сессиясының №26/248 шешімімен Балқаш Гуманитарлық-техникалық колледжіне А.Мусиннің аты берілді.
Балқаш көлінің жағасында орналасқан, желтоқсан көшесіне барамыз
Желтоқсан көшесінде не бар. Танк Т-34
Қала комсомолдарының ынтасы бойынша1978 жылдың 22 ақпанында, Кеңес Қарулы күштерінің 60 жылдығының қарсаңында Ұлы Отан соғысындағы балқаштықтардың ерен еңбегінің құрметіне «Т-34» жауынгер машинасы орнатылды. Соғыс жылдарында балқаштықтар көптеген қиындықтарға қарамастан, қорғаныс өнеркәсібіне жауынгерлік танктерге милобден, қосындыланған болат жеткізіп отырған. Соғыс жылдарында елдегі әрбір шығарылған 100 тонна молибденнің 60 тоннасын балқаштықтар беріп отырған. Олардың ерлігі Совет жауынгерлерінің ерлігімен бірдей тарихқа енгізілді.
1941-1945жж. Ұлы Отан Соғысында қаза тапқандарға ескерткіш
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс болған.
1970 ж. 21 мамыр Фашистік Германияны жеңген Ұлы жеңістің 25 жылдығы құрметіне көл жағасына жақын жерде 9 мамыр 1941-1945 жж. «Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер-балқаштықтарға арналған Мемориалды» ашу салтанаты болды. Онда соғыстан оралмаған боздақтардың аты жөндері жазылған. Ұлы Отан соғысына Балқаштан 8554 адам аттанды, соның 1735-і майдан даласынан оралмады. Бес балқаштық ең жоғарғы — Кеңес Одағының Батыры атағын алды, екеуі 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері
болды.
1941 ж., 22 маусым Фашистік агрессорлар соғыс ашты. Зауыт жұмысшылары «Біз Отанымызды сүйеміз, білім, күшімізді біріктіріп, өндіріске жұмылдырамыз. Сын сағаты келді. Балқаш мысы дәл қазір бұрынғыданда аса қажет»,- деген ұранмен еңбек етті.
Мұғалім:Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балқаштың соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлік істері ұрпақ жадында мәңгілік сақтаулы. З. Асфандяров, П. Миллер, В. Хоружая, О. Щермаков, Н. Подсадниктер «Кеңес Одағының батыры», ал П. Калмыков пен В. Спицындер жауынгерлік «Даңқ» орденінің толық кавалерлері атағына ие болып, қаламыздың атағын елімізден тысқа да әйгілі етті.
Михаилу Петровичу Русаков ескерткіші
1928 ж., қыркүйек Балқаш өңірін игеру Ленинградтық инженер, геолог Михаил Петрович Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталды. Оның Экспедициясы тыңғылықты зерттеудің нәтижесінде Қоңырат шоқысында мыс кенінің өте мол қоры бар екенін дәлелдеді. Жедел түрде Балқаш өңірінде мыс алыбын салу белгіленді.
1992 ж., 20 қараша Балқаш қаласындағы Желтоқсан көшесінің көл жағасына жақын маңында М.П.Русаковтың 100 жылдық мерей тойы құрметіне, Санкт-Петербургтен арнайы шақырылған немересі Михаил Игорұлы Русаков пен келіні Нина Павлқызы Русакова-Федосованың қатысуымен ескерткіштің ашылу салтанаты болды. Ескерткіштің авторлары
Санкт-Петербургтің мүсін-өндіріс комбинатының қызметкерлері мүсінші Н.Кочуков пен архитектор М.Северов. Ескерткіштің тұғыры граниттен дайындалды, ғалымның мүсіні Балқаштың қоласынан құйылды. Тұғырда: “Академику Михаилу Петровичу Русакову”,-депжазылған.
Ескерткіш Санкт-Петербугтедайындалды.
Әлихан Бөкейханов көшесінде
Құғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткіш.
1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» атты өлеңінде:
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
– деп жырлағандай, қазақтың басынан өтпеген зұлмат кемде-кем.
1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру, бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі.
Мұғалім: Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы
Жезқазған көшесінде орналасқан. «Миг» ұшақ-монументі.
1980 жылғы 2 шілдеде монументтің салтанатты ашылуы болып өтті. Балқаш қаласының бастауы осы ескерткіштен басталады. Монумент – Қазақ Республикасының өркендеу символы. Мемориалдық тақтада мына жазулар жазылған: «Қазақ КСР мен Қазақстан Компартиясының60-жылдығына орай орнатылған»ескерткіштің ашылуына соғыс ардагерлері,«Бабалардың даңқты жолдарымен» Республикалық слетіне қатысушылар, Кеңес Одағының екі дүркін батыры, ұшқыш Т.Бигелдинов, Кеңес Одағының батырлары А.Ф. Петров, А.С. Тулинцев, Н.П.Пшеничных, Г.В. Бердников, құрметті демалыстағы Н.С. Касаткин, Социалистік еңбек батырлары Ж.Беисов, Н.Г. Чекушина қатысты.
Мұғалім:Бұл монумент – Қазақстан қалыптасуының және біздің мыс қаламыздың батырлық өткен күндеріне көрсетілген құрмет, біртұтас Қазақстанның индустриалдық және әлеуметтік өрлеуінің белгісі.
Балқаш балықшыларының жеке сала болып қалыптасуы 1930 жылдан бастау алады. Көреген бабамыз Қараменде би айтып кеткендей «Ойында балығы, қырында киігі» ұрпаққа азық болған қасиетті Балқаш өңірі тек қана өз еліміз емес Одақ көлеміне, шет елге өзінің балығымен де атағы шықты.
Екі сазан балығының бейнесі
2009 ж., 29 қазан Осы күнге дейін мысшылар қаласы атанып келе жатқан Балқаш өз атына лайық символикалық белгісін енді ғана тапқандай. Екі сазан балығының бейнесі мүсінделген кішкентай монументальды-сәулет ескерткіші қалаға кіре берістегі көпірдің екі жағынан орын тепті. Қалалық комуналдық шаруашылық кәсіпорнының жұмыскерлері ескерткіш “Сазандарды” тиісті орнына жайғастыру жұмысын аяқтады. Осы кәсіпорынның жетекші инженері А.А.Масаловтың айтуынша: Кіші сәулет ескерткішін жасауға кәсіпорынның барлық жұмыскерлері қатысты. Осы жылдың мамыр айында сазандардың металдан қаңқасын дәнекерлеу басталды. Ол материалмен қапталып, темір тормен жабылды. Ең соңында цемент қоспасымен тегістелді. Осының бәрі кәсіпорынның слесарі Евгений Бузиннің қолынан шыққан еңбек.
Екі сазанды түнгі мезгілде де көріп, қызықтауға болады. Ескерткіштің төменгі жағынан қойылған қос-қос прожектор шамдар түн уақытында нұрлы сәуле шашқанда, сазандар ертегідегі “алтын балықты” көз алдыңа елестетеді.
Бекіту. Оқушыларға сұрақтар
Балқаш қаласының туған күні, айы, жылы?
11 сәуір 1937 жыл
2. Қонырат кенін бірінші болып ашқан кім?
М.П.Русаков
3. Балқаш қаласы несімен танымал?
(Көлімен, балығымен, комбинатымен, мысымен)
4. Қаламыздың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылған ескерткіш?
(Қараменде би Шақаұлы)
5. Балқаш көліне қандай өзендер құяды?
(Іле, Қаратал, Лепсі)
6. Қаламыздың жергілікті басылымдары?
Балқаш өңірі, Балх. рабочий, Сев. Прибалхашье, Пульс, Достар журналы
7.Балқаш көлінің ең басты ерекшелігі: суының түрлі минерализациясында, егер оның батыс бөлігі тұзщы су болса, шығыс бөлігі тұщы сулы
8. Балқаштың алғашқы қара мысы қай жылы алынды? 1938 жылы 24 қарашада
9. Балқаш қаласындағы «Ағыбай Батыр» ескерткіші қай жерде орналасқан?
10. Бектауата – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. Балқаш қаласынан қанша км.шақырымда орналасқан? 60 км
11. Инженер, геолог М.Русаковтың басшылығымен Балқаш өңірін игеру қай жылы басталды? 1928 жылы
Қорытынды
Биыл қаламызға неше жыл?
Оқушылардың Балқаш қаласына тілектері .
— Менің қалам – мен үшін дүние жүзіндегі ең қымбат, ең асыл мекенім.
-Көбіне адамдар сүйікті қалам деп өзі туылған, балалық шағын өткізген жерді айтады. Өйткені әр адам өзінің балалық шағынан естеліктерді тұрған мекенін әр қашан жүрегінде сақтайды. мен бұл қалада тумасам да, оны шын көңіліммен жақсы көремін.
— Мен Балқашымды мақтан тұтамын.
-Менің қалам кішкентай болғанымен мен өз қаламды мақтан тұтамын.
-Қаламыздың биігінде желбіреп тұрған көк байрағымның ғұмыры мәңгі болсын.
— Балқаш қаласы әдемі, сұлу қала.
— Мен Балқашты сүйемін.
— Біздің қаламызда мұражай, зауыт, өнер мектебі, мәдениет сарай, көптеген оқу орындары бар. Мен қаламды жақсы көремін, және мақтан тұтамын.
Мұғалім: Бүгінде сол алдыңғы толқынның ерлік істері, бейбіт күндері кейінгі толқын ұрпақтарының ерен еңбектерінде жалғасын табуда. «Өткендерін еске алған өскендіктің белгісі,өткендерін ұмытқан өшкендіктің белгісі» дегендей Балқаш қаласының тарихын, өз жерлестерінің атақ пен ерлікке толы өмірін ұрпақ санасында жаңғыртып отыру біздер үшін қасиетті парыз.