«Елімнің тәуелсіздігі мәңгі жасай берсін!»
Батыс Қазақстан облысы,Зеленов ауданы,Подхоз жалпы білім беретін негізгі мектебінің 1 санатты бастауыш сынып мұғалімі
Салыкова Зайда Кибашевна .

«Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.Әлемде егемен Қазақстан бар .
Оның көп ұлтты,тату,ынтымақшыл халқы бар.Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.Ең бастысы,бүгіннен нұрлы,бүгіннен кемел басшысы бар.Сол күнге берік сенім бар!» Н.Ә.Назарбаев
Әр адамның өзінің кіндік қаны тамған туған жері болады.Сол Отан Туған ел деген қасиетті жерде дүниеге келесің,оқисың,сол жердің гүлденуі мен көркейуі үшін жұмыс істейсің.Әрбір адам баласы тыныш елде өмір сүруге тырысады.оны бұзуда мына адамзаттың,біздің қолымызда.Бәріміз бір болып бір жеңнен қол шығарып жұдырықтай мықты болсақ,елімізде,заманымызда тыныш болады.Ол үшін ауызбіршілікте,ынтымақта,жақсы ниетпен өмір сүре білуіміз керек.Мәңгілік аңсаған Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келген жоқ.Қазақ халқы мың өліп,мың тіріліп қол жеткізген тәуелсіздігіміз мәңгілік жасамақ.Қазақ елі.Мәңгілік ел болмақ.Тарихта Мәңгілік ұлт болу әр ұлыстың арманы болған Мәңгілік ел болудың мақсаты мәңгілік тұғыр болу.Ол тұғыр-ұлт Мәңгілік ұлт арманмен мұратпен ғана мәңгілік.Ұлт мәңгілік болу үшін мәңгілік санасының жемісін беретін рухының үнін естіртетін мәңгілік тілі болуы керек.Әйтпесе тілсіз ұлт болмақ емес.Егер ұлт мәңгілік болмаса мәңгілік ел дегенің әдірем қалары сөзсіз.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын Өзара алауыздық пен жан-жаққа таратқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген.Жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.Біз өзгенің қателігінен,өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап,ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Биыл біздің еліміз үшін,қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш.2016 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылдық мерейтойы.Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ .Сондықтан бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралады.Желтоқсан оқиғасына қатысып құрбан болғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сабира Мұхаметжанова Ербол Сыпатаев бар.Олар мәңгі ұмытылмайды;олар-тарих,олар-дастан.Ата-бабамыздың,аға-апаларымыздың қанымен, аналарымыздың көз жасымен келген Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.Елбасымыз Жолдауында айтқан ел мен тіл-егіз ұғым.Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыз ана тіліміз бен тығыз байланысты.Ендеше, мәңгілік елдің онымен қатар дамып,бірге жасайтын мәңгілік тілі болуы шарт.Сондай-ақ елбасы өз жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, «енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар!Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады.Оны даудың тақырыбы емес,ұлттық ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,-деген болатын.Сондықтан да ана тілімізді және тәуелсіздігімізді мәңгілік ету өз қолымызда.
Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар-жастар.Олай болса жастарға сапалы білім саналы тәрбие мектебіміз бен ұстаздарға байланысты.Ұстаз алдындағы басты міндет-сапалы білім мен саналы тәрбие беру,тұлғаның заман талабына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз.Ана тілін еңкейген кәріден, тілі жаңа шығып былдырлаған кәріге дейін құрметтеуі керек.Мен өзім бастауыш сынып мұғалімі ретінде бірінші сыныпқа келген оқушының санасына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып.ана тілін,туған тілін құрметтеуді,сүюді дәріптеймін. Өз тәжіребиемнен сауат ашу,қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерімен бірге сынып сағаттары,сыныптан тыс шараларда тілді дамыту мен құрметтеуге аса көңіл бөлемін.Мектебімізде қыркүйек айлығы.Ана тілін дамытуға арналған шаралар өткізілді.Оқушылардың танымдық шығармашылық.мәнерлеп оқу сайыстарына қатысу арқылы ана тіліне деген махабатты,құрметі оянады деп ойлаймын.Тәуелсіздіктің жылдығы қарсаңында оқушыларым «Балбұлақ» балаларға арналған республикалық журналын «Самал» облыстық газетіне өз шығармашылықтарынан туған тың туындыларын ұсынды.
Мерекеұлы Қадыр
Тәуелсіздікке арнау
Тәуелсіздік жалауын,
Алып берген ағамыз.
Азаттықтың алауын,
Жағып берген бабамыз!
Қазақтың ұл-қыздарын,
Желтоқсанда еске аламыз.
Желтоқсанның ызғарын,
Ұмытпайды санамыз.
Желтоқсанды еске алу,
Тебірентер жанымды.
Құрбандарды еске алу,
Қайнатады қанымды.
Көтеріліске шыққандар,
Жазықсыздан атылды.
Беріліп басын бұққандар,
Жауыздарға сатылды.
25 жыл тәуелсіздік таңы атты!
Қазақстан әлемді өзіне қаратты,
Жасай берсін тәуелсіздік мәңгілік,
Көк байрағым желбіресін сән құрып!
Мерекеқызы Аружан .
Елім менің тәуелсіз!
Біздің Отанымыз-тәуелсіз Қазақ мемлекеті.Тәуелсіз деген сөз еш елге бағынбайды деген мағынаны білдіреді.Тәуелсіздік алу үшін біздің халқымыз көп қиындық көрді,көптеген ауыртпалықты басынан өткізді.
Қазір еліміз-тәуелсіз.Соның арқасында талай жетістіктерге жетті.Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толады.Бұл үлкен той, ұлы мереке!Бүкіл ел болып тойлаймыз.
Біздің елде 120-дан аса ұлт тұрады.Олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Мен тәуелсіз елде тудым.Сондықтан,өзімді бақытты санаймын.Мен –жаңа ғасырдың ұрпағы,егемен елдің ертеңімін.Жұдырықтай жүрегім-елім,жерім деп соғады.Ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып,елімнің одан әрі өркендеуіне үлес қосқым келеді!
Ол үшін , әрине біліммен қаруланып , жақсы қасиеттерді бойыма сіңіріп өсуім керек . Мен мұны жақсы білемін . Шығармамды өз жүрегімнен шыққан мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді .
Тәуелсіздік тәтті ұғым .
Тәуелсіздік күніне 25 жыл толыпты , Халқым , елім , қуаныпты тасыпты . Ел бұл тойға әннен шашу шашыпты , Бақпен шаттық қонды міне еліме . Тәуелсізбіз , еркін елміз дербеспіз , Елу елдің қатарына жетерміз . Аман болса еліміз бен жеріміз , Асуларды бағындырар мәңгілік ел ұрпағы . Намысты болса ұлыменен қыздары !
Тәуелсіздік .
Жумырова Диана Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз , Мықты болсын еліміздің керегесі . Жүрегінде намыс оты лапылдаған , Күш жігері жастардың сарқылмаған .
Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұрып , тұрақты даму жолына түсіп ,биік белестерді бағындырды , әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді . Елбасымыздың елімізді дамытудағы сратегялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді . Осы кезең ішінде не тындырдық ? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай . Биыл осы сұрақтарға жауап беретін , өткен жылдарға қорытынды жасап , Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есеп беретін жылы десек қателігіміз. 2015 жыл 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау сөзінде Елбасы ; Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдырын шешетін таңдар болады . Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты . Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы атты жаңа жұлдыз жарқырай туды» — дей келіп , халқым Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті . Сол себепті қазақ елі мәңгі жасауы тиіс. Қазақ елінің төрінде Елтаңбасы ілініп , көгінде туымыз желбіреп , кең далада әнұраны шарықтағанда менің елімнен асқан бақытты ел барма ? – деп басымды тік көтеріп болашаққа аяғымды нық басамын . Мен 24 жылдан астам уақыт ұстаздық қызмет атқарып , өз елін тілін , дінін , тарихын білуге , құрметтеуге жас ұрпақты тәрбиелеп келемін . Бұл да болса менің Тәуелсіз елімнің өсуіне , гүлденуіне , көркеюіне қосқан үлесім деп білемін . Қорыта келе жас ұрпақты бәсекеге қабілетті , саналы да , сапалы білім нәрімен сусындата білуде өте маңызды дегім келеді . Өйткені , бастауышта білімнің негізі қаланады . Ол үшін мұғалім жаңашыл , басты қозғаушы күш болуы керек . Әр мұғалім балаға жүрек жылуымен бірге , ізгілендірілген білім беруі тиіс . Қазақстанның әрбір азаматы әсіресе келешек ұрпақ « Мен тәуелсіз елдің ұланымын !» , — деп мақтануы тиіс . Өйткені менің елім тәуелсіз және ынтымағы жарасқан ел , егеменді ел ! Қазақ елі мәңгі жасасын ! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын ! Мен өз елімді мақтан тұтамын !

Пайдаланылған әдебиеттер :
1 . Жолдаева Ж . С . «Мәңгілік ел – Мәңгілік Қазақстан»
2 . Гаврина А . «Мемлекеттік тілге құрмет қандай болуы керек ?»