Әйтеке би ауданы
Абай атындағы орта мектептің
бастауыш класс мұғалімі
Нақыпбекова Гүлмира Темірханқызы

Сабақтың тақырыбы: Қ қ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Ққ дыбысы мен әрпі туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Ққ дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеу, ойлау, іздену қабілетін дамыта отырып, өз ойларын еркін, ашық айта алуға мүмкіндік беру.
Тәрбиелігі: көркем жазуға дағдыландыру. Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: диалогқа түсе отырып, білімін тереңдетуге дағдыландыру.
Негізгі мақсаттары: сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру; Өздігінен білім алуға, топ жұмысына белсене араласуға қалыптастыру; Өзін-өзі реттеуге бағдар беру.
Сілтеме: оқулық, интернет материалдары, нұсқаулық, суреттер, альфавит, кеспе әріптер, электрондық оқулық.
Түйінді идеялар: сөздерді өз бетімен оқуға дағдыланады. Ұқыпты, сауатты жазуды үйренеді.
1.Психологиялық ахуалды туғызу. «Шеңбер құру».
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

2. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздер білдіреді. «Өрмек тоқу» арқылы өткен әріптерге шолу жасау. Өз ойларын толық айтады.
1 тапсырма: Әр топқа жаңа сабақ бойынша тапсырма. «Ой қозғау» әдісі арқылы жұмбақ жасыру.
2 тапсырма: Дидактикалық ойын: «Сөз құра, тез ойла».
Сергіту сәті. «Көңілді балақан» биі.
3 тапсырма: «Қ дыбысын топтастыру».
3. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешу.
— Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (қоңырау)
— Күзетем деп үйді,
Жұдырығын түйді. (құлып)
— Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмін,
Кім бар жеп көрген? (құрт)
4. Мағынаны тану.
— Қоңырау, қыз, құлып, қошақан, құлын сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
— Қ дыбысы
— Ендеше бүгінгі біздің өтетін дыбысымыз – Қ дыбысы менәрпі.
— Қане бәріміз осы дыбысты хормен айтайық және айнаға қарап айтамыз.
Қ дыбысын 2-3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
— Қ дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. Қ дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету.
— Қоңырау, құлын, қасық, қалақ, құлыншақ- сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау.
— Қасық сөзіне дыбыстық талдау жасату.
— Қ дыбысы кездесетін сөздермен жұмыс.
— Қ дыбысын «Топтастыру».
Үй жануары …; Адамның аты … . (құлыншақ, Қанат)
Жеміс-жидек …; …. ыдыс. (құлпынай, қазан)
Гүл … ; жыртқыш аң … . (қызғалдақ, қасқыр)
5. Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. «Менің отбасым». Мәтінді тізбектей оқу.
Күтілетін нәтиже:
— Электрондық оқулыықпен жұмыс.
— Сөздікпен жұмыс.
— Топтағы оқушылар өз ойларын ортаға салады.
— Топтық жұмысқа белсене аараласады.
— Оқушылар өзін – өзі бағалауды үйренеді.
Дәптермен жұмыс:
Қ қ әрпін ауада, тақтада, жазу. Көшіріп жазуға үйрену.
6. Бағалау. Смайликтер бойынша өз-өзін бағалау.