Алматы облысы
Талғар ауданы
Дәулет ауылы
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 11 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Тарих пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі: 10 жыл
Санаты: екінші

Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң
Тәуелсіздік тарихы – тарих беттеріндегі ең маңызды да, күрделі мәселенің бірі. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Білектің күшімен, найзаның ұшымен келді. Ата-бабамыз елі үшін, жері үшін қасық қаны қалғанша күресті және аманат етіп қалдырды. Осы елді болашақта дамыту, көркейту жастардың міндеті және Отан алдындағы борышы. Тәуелсіздікке деген ұмтылыс Целиноградтағы 1997 жылығы 16-19 маусымдағы қазіргі Астана қаласында болған әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы қазақ жастарының наразылық шеруі. Бұл қарсылық толық тәуелсіздікке қол жеткізе алмасақ та, қазақ халқының ұлттық санасының оянуына үлес қосты.
Сондай-ақ тәуелсіздік бастауы Алматы қаласындағы Брежнев алаңындағы 1986 ж 16 желтоқсан жастардың бейбіт шеруге шығуы нәтижесінде бүгін біз алаңсыз өмір сүріп отырмыз. Бұл жерде жастар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып өзекті мәселелер халықтың ауыр әлеуметтік жағдайын, тұрғын үй мәселесін, жұмыстың тапшылығын, қазақ тілін қолдану аясының тарылуын қозғап, қазақты қазақ билесін деген ұран ұстанды. Бүгінгі күні конституциялық құқықтарымызды кеңінен пайдалана аламыз бұл тәуелсіз мемлекетімізідің жетістігі.
Тәуелсіздік – бұл еркін, егеменді, бейбіт, бостандықта өмір сүруді деген сөз. Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң. Мемлекеттік шекараның нақтылануы, ұлттық төл теңгенің айналымға егізілуі және мемлекеттік тілді жетік меңгерген басшысының болуы, мемлекеттік рәміздерінің, Ата Заңының болуы заңмен реттеліп қорғалады. Ғасырлар бойғы сыры кетсе де,сыны кетпеген, тарихы тереңде жатқан қазағымның қол жеткізген табыстарының бірден — бірі қазақ тарихының дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі болып жарыққа шығуы. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың тілегі тәуелсіз ел болу, бостандыққа қол жеткізу, бүгінгі күні сол аманаты орындалды және тәуелсіздікке 25 жыл толып отыр. Сол жылы туылған сәби еліне қызмет ететін азамат болып тәуелсіздік тарихын жалғастыруда. Әлем қазақ елін танып, төл тарихымызбен танысып тамсануда. Ата — баба мұрасы Алтын адам ұлттық құндылықтарымыз,мәдени мұрамыз арқылы қазақ елі әлемге танылуда және тәуелсіздік манументі тұрғызылды. Түрлі ұлт өкілдірімен тату – тәтті өмір сүрудеміз және мәдени қарым-қатынасымыз тұрақтылық пен татулықтың орнауы қоғамның дамуын көрсетеді. Әр ұлт өкілдері Қазақстан туған жеріміз сондықтан біздің Отанымыз, біз Отанымызды қорғауға міндеттіміз – деп тілеулестік білдіруде. Бұл біздің мәңгілік дамуымыздың, мәңгілік ел болуымыздың ең маңыздысы.
Тәуелсіздікке тәу ету. Қазағымның адал, таза ниетті, рухының кең екенін көрсетеді. Осы адалдығымызға тәуелсіздігімізді бұйыртып тұрған бағымыз деп бағалауымыз керек. Тамшыдан теңіз құралса, бір адамнан бүтін бір мемлекет құрылады. Ата Заңымызда мемлекеттің ең қымбат қазынасы – Адам деп көрсеткен. Мемлекеттің тікелей тірегі, ел тыныштығын, бостандығын, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуші Ата Заң. Ата Заңымыз 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1995 жылы 30 тамыз толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. 30 тамыз Конституция күні болып белгіленді. Ата Заң бізді тек қорғап қана қоймайды міндеттер жүктейді.
Бүгінгі күні қолданып отырған Ата Заңымыз 2007 жылы толықтырылды. Бұл қоғам талабы дамығандығымыздың белгісі. Ата Заңымызды қорғау құрметтеу, заң аясында әрекет ету әр азаматтың міндеті, қасиетті борышы.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 — бабы бойынша орта білім алуға міндеттісің деп міндет жүктеумен қатар әлуметтік құқығыңды қорғап тұр.
Ал, 57-бабында ер жетіп табыс тапқанда қартайған ата-анаңды қарауға міндеттісің деп көрсеткен;
Қазақстан Республикасының Конституциясының заңын сәйкес және тәуелсіздік белгісі — рәміздерімізді құрметтеуге және Отан қорғауға міндеттісің деп айтылған және азаматтық борышымыз екенін көрсетіп тұр.
Бауыржан атамыз: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» — деп тамаша жеткізген. Өз міндеттерімізді атқара отырып заң аясында құқығымызды іске асыра білуіміз керектігін көрсетед және заңсыз әрекетке бармауды бір ауыз сөзбен жеткізіп тыйым салып отыр.
Ата Заңның 20-баптарында шығармашылықпен айналысу құқығы берілген. Бұл жерде қоғамға пайдалы іспен айналысу керектігі ескертіледі. Бүгінгі білім саласындағы реформада шығармашылықпен айналысуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Біз тек материалдық ғана емес, рухани тәуелсіздікке қол жеткіздік. Рухани азат, ойы дамыған, еркін іс-әрекет жасайтын жастарымыздың ғылыми жұмыстарға құштарлығы артуда. Білім мен ғылымның бір жолға түсуі өзіңді-өзің үнемі дамыту керектігін көрсетуде. Білімді жастарымызды көргенде болашақта әлі талай мың сан белестерді бағындыратынымыз ой санамызда қуаныш сезімін тудырады.Тәуелсіздік нәтижесінде ойын ашық, еркін жеткізе алатын қоғамда өмір сүріп отырмыз.
Ата Заң аясында азаматтардың саяси құқықтары қорғалады және іске асырылада. Мемлекет мықты болу үшін азаматтары саяси сауатты болуы қажет. Заң шығарушы орган парламент, президент қол қойған сәттен бастап күшіне енеді ал халық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танысып талқылап, билікке араласып отырады. Бұл да біздің егемендікке жетудегі жетістігіміз.
Ал, халықтың әлеуметтік құқығының қорғалуы Ата Заңымыздың 28-бабында көрсетілген. Тәуелсіз мемелекетте билік халықтың қолында болады, халық өз қалауы бойынша Елбасын сайлайды. Сайлау құқығын иемдену және сайлау даусына ие болу азаматтардың саяси құқығының іске асуы, тәуелсіздігіміздің арқасы.
Рухани даму, рухани азат болу адамның ең басты құндылығы.Тәуелсізідік тарихы ұлы тұлғалар есімімен де байланысты.1993 жылы 14 сәуір алғашқы қабылданған заңның бірі «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Тарихтағы ақтаңдақтарды ақтау, қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы жарлығы бойынша 31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.Тәуелсіздік нәтижесінде 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды. Тәуелсіздік таңымен қайта оралған есімдер С.Сейфулин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов т.б.
Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын.
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп,
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын.
Өркендеп өз қолына алған ісі.
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық болып қадір тұтып, қастерлеген.
Ата Заң – Азат елдің ар-намысы! – демекші халықтың халық болып дамуына, өркендеп өсуіне тікелей Ата Заңымыз тіреу болып отыр. Тарих беттерін парақтасақ тәуелсіздік оңай келмегенін білеміз. Тәуелсіз болу қоғамдағы тыныштық, азаматтардың әділетті өмір сүруі. Әлем халықтары арасындағы тереземіздің тең болды, тыс жердегі қазақтың жүрегі ел жетістігіне қуанып, тілеулес болып, тәуелсіздікке 25 жыл толуын тойлауда. Елді өркендетіп, дамытатын ер азамат демекші Елбасымыз аман болсын. Бұл басымызға қонған бағымыз деп бағалап мәңгілік болғай деп тілейік.