Пәннің аты: Дүниетану Уақыты: 18.11. Кабинет:18 Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы. «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ
Искакова Жанар Акасовна. Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың атауы Денелер. Заттар. Табиғи құбылыстар.
Мақсаты Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға дамыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуда басқару және көшбасшылық.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: интербелсенді тақта,салыстыру, талдау, сұрақ — жауап
Көрнекілік: суреттер, кесте
Күтілетін нәтиже
Оқушыларды топқа бөлу Түстерге байланысты 4 топқа бөліп, топ басшысын тағайындау. Әр топқа бағалау парағын беру. Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Психологиялық ахуал Қайырлы таң ұстазым
Қайырлы таң достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық.
Доброе утро учитель
Доброе утро друзья
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.
Good morning, Good morning,
Good morning to you.
Good morning, good morning,
We are glad to see you.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
«Броундық қозғалыс» үй тапсырмасын тексеру.
1-т: уақыт өлшем бірліктері
2-т:салмақ өлшем бірліктері
3-т:күн мезгілі атаулары
4-т.ұзындық, қашықтық бірліктері.
Оқулықпен жұмыс
Мағынаны тану
Төрт топқа жұмбақтар беріледі. Жұмбақтардың жауабын әр топтан бір бала шығып тақтаға іледі.(Осылай жаңа сабақтың тақырыбын шығарып аламыз)
Дене деген сөздің мағынасын тану үшін интербелсенді тақтадан әр түрлі суреттер көрсетіліп, сол суреттер топтардың алдына да беріледі. Әр топ суреттен нені байқағандарын қағаз бетіне түсіріп постер құрады.
Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?
Осы сыныптың ішінде дене бар ма?
4. Оқулықпен жұмыс.
1 топ: Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату.
Тақтамен жұмыс.
2 — топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Суреттегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.
3 — топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.
4 — топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)
Табиғ,и құбылыстарға не жататынын ажырату, дәлелдеу.
3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.
Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.

Сергіту сәті Интербелсенді тақтадан «Ақ қала» сергіту сәті қойылады оқушылар біраз бой жазып алады. Ой сергітеді,шашағандары басылады
Ой толғаныс 1 — топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме құра.
2 — топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып қою)
Дене деген немене? ———————Бізді қоршап тұрған
Достым білгің ………… ме? —————Өлі, тірі……………
Дене ………… баласы ——————-Дене неден тұрса
Зат …………. анасы ———————-Дейміз оны ……………….
Керекті сөздер: келе, заттың, дененің, табиғат, зат.
3 — топ: Мына заттарды пайдаланып не құрастыруға болады? ( шырпы, ермексаз, скрепка, қағаз, кубик, қағаз, трубочка, )
4 — топ: Жұмбақ құрастыру. Сендер бір денені ойлап, сол дененің атынан сөйлейсіңдер. Ол қандай заттардан тұратынын жұмбақтап айтасыңдар. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын. Мен болмасам үйдің іші қараңғы болады. Мен қай денемін?

8. Қорытынды.
Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін. Бәріміз тақтаға назар аударайық.(Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетілді. Табиғаттың әр түрлі құбылыстарына байланысты. Әр топтан бір – бір баладан шығып пайдасы мен зияны жайлы айтып өз көзқарастарын дәлелдейді. «Ақылдың алты қалпағы»
9. Топ басшылары бағалайды.
10. Балалар осымен сабақ аяқталды. Үйге тапсырма: Бір дененің жасалу жолын қарастыру. Адамдарға дененің қандай заттан тұратындығын білу не үшін керек? Сұраққа жауап іздеу.
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады