Айтбаев Даулетхан Оңласыұлы
Есік медициналық колледжінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа әдістері

Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі саьағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадынжа сақтайды да, оны ойнай біледі.
Ұлттық ойындарда мектептегі дене тәрбиесі сабағында қолданудың заманға сй әдістерін ойлап табу әрине қиын. Қазіргі компьютер заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл күйіне психологиялық жағына барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап етеді.
Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі – асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты – асық ұтып алу.
Асық ойынның түрлері өте көп. Олар – алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек т.б. асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенімен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер баланың «бұзылып» кетпеуі үшін, оны өзара әрекетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшықеттерінің жетілуіне, тыныс алу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке баулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Асық ойынын білмейтін бала қазір ауыл түгіл, қалада да жоқ. Каникул кезінде аула ішінде асық ойынын балалар көп ойнайды, ішінара қыздар да кездеседі. Ұлттық ойындар арқылы біз баланы көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке – дара тұлға ретінде қалыптастырамыз.
Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет етеін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны.
Тоғыз құмалақ ойынын стратегиялық және тактикалық әдістерін қазіргі заман талабына сай қолданып отырған компьютер арқылы жүзеге асыру да жаңа әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Оқушылар күнделікті жаттығу кезінде пайдаланған әдістерін компьютерге енгізіп, бағдарлама жасап, кейін оны тәжірибе жүзінде пайдаланып отырады.
Тоғз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйрету мен қатар олардың ой-өрісін, сана –сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуга және саналы тәрбиеге өзіндік септігін тигізеді.
Алтын қабақ (жамба ату) ойыны. Бұл ойын негізінен нысананы дәл көздеп атпен шауып келе жатып ату. Біз сабақта бұл ойынды басқаша түрде пайдаланып қолданамыз. Спортзалдың басынан 15-20 м жүгіріп келіп, 5 м жер қалғанда оқушы нысанадатұрған жамбыға кіші допты дәл тигізуі керек. Немесе (дротик) деген ойынның құралын пайдаланып нысананы көздеп дәл тизігіп үйретуге болады. Бір дөңгелек картон ілулі тұрады, соныұшы үшкір құралмен атады. Бұл ойын түрі оқушыларды мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.
«Соқыр теке» — ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан көп пайдалануға болад. Оқушылар шеңбер құрыа, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алу керек. ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға дейін қатысуға болады.
Әрбір бала өзін қазақпын деп есептесе өзінің ұлтының дәстүрін, ойындарын жатқа біліп, соны пайдаланып өсуге тиіс. Сонда ғана біз оларды патриот ете аламыз.