Бекітемін: _________________________ Күні: ________________________
Оқу ісінің меңгерушісі:

Мұғалімнің
аты-жөні Кусниденова К.У Жамбыл атындағы орта мектебі
Сыныбы: 4 қазақ Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Т.Молдағалиев «Гүлдер» өлеңі
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Әдебиеттік оқу» оқулығы –4 -сынып, интернет материалдары
Жалпы мақсаты: Т. Молдағалиевтың өмірі мен шығармаларымен танысу. Шығармашылық деңгейін, өз бетімен іздене отырып, ой қорыта алу қабілеттерін дамыту. Әдемілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.
2. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың ой — өрісін дүние танымын
кеңейту, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
3. Елін, жерін сүюге тәрбиелеп, табиғаттың қажеттігін сезіну. Топта бірлесіп жұмыс істеуге
үйрету.
Күтілетін нәтиже Оқушылар топта, жұпта жұмыс жасай алады, жаңа тақырыпты өзбетімен меңгереді. Өлеңін мазмұнын тереңінен түсінеді.
Тапсырмалар /Wiki материалдары/ Ғаламтор, Power Point,электрондық оқуық, тақырыпқа сай ресурстар, бейнероликтер, караоке әндер

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті

3 минут

3 минут

5 минут

7 минут

7 минут

2-минут

10-минут

4-минут

4-минут
Психологиялық кезең Сыныптың атмосфералық ахуалын жақсарту мақсатында тренинг ұйымдастыру

І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын топқа сабаққа аудару үшін топқа бөлу
г)түстерге мінездеме беру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

(Оқушылар өткен тақырып бойынша білімдерін тиянақтайды.)
«Қарлы кесек» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.
(Қыс айының соңғы айы екенін айта кету)
Келесі қай жыл мезгілі екенін, ол мезгілде қандай табиғат өзгерістер болатынын әңгімелеу

ІІІ Жаңа сабақ
«Миға шабуыл» әдісі
-Электрондық оқулықтағы мәтінмен жұмыс
Оқушыларға видеороликпен жанды дауысты өлең оқылады.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Көктемде қай гүл бірінші шығады?
-«Гүлдер» өлеңінің авторы туралы мәлімет беру.
«Топтастыру» әдісі
Т.Молдағалиев кім?

ІV. Оқулықпен жұмыс
1.«Ойлан, топтас, талқыла» әдісі
«Гүлдер» өлеңінің әр жолдарын дұрыс тауып тез оқып беру керек.
2. Өлеңнен қайталанған сөздерді тауып, қайталау себебіне мән беріңдер.
Қайталау — сөз әсерін күшейту, ақын оқырман назарын өзіне айрықша аудару үшін бір нәрсені немесе құбылысты бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданады.
Сергіту сәті
«Көктем келді»

V. Жаңа сабақты бекіту
1.Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.
І топ Өлең құрастыру
ІІ топ Гүл туралы мақал-мәтелдер
ІІІ топ Гүлдердің қасиеттері
2. Қосымша тапсырмалар гүлден аналарымызға арнап сый жасап әкелу.

VІ. Қорытындылау
Ақылдының алты қалпағы гүл туралы айту
Бағалау – Формативті бағалаудан –жиынтық бағалауға

VIІ Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау.
Оқушылар бір-біріне жылы сөздеріне айтып, тілектерін тілейді.

1.Оқушылар топқа бөліну үшін түрлі-түсті гүлдерді қолданады.

1. Үй тапсырмасы бойынша бір- бірлеріне сұрақтар қояды
2. Білімдерін тиянақтайды.

Оқушылармен бірлесе отырып, өлеңді тыңдай отырып, өздері білетін өлеңдерді ортаға салады.
Үйге берілген тапсырмалар бойынша оқушылар өздері білетін өлең-жолдарын, әңгімелерді айтып береді.

Оқушылар өлең авторы туралы қысқаша әңгімелеп береді.

Әр топ өлеңнің қиынды жолдарын тауып оқиды.
Өлеңде қайталанып тұрған сөздер қай шумақта тұрғанын көрсетеді.

Дәптерге «Қайталау»туралы анықтаманы жазады

Оқушылар қосыла отырып шырқайды.

Жаңа сабақ түсінгендерін топта талқылайды, жеке тапсырмалар арқылы оқушылар тақырыпқа сай тапсырмалар орындайды.

Гүл туралы әр топтан жағымды, жағымсыз, пайдалы, пайдасыз жерлерін айтады.
Сабақтың жабдықтары Мультимедиа – проектор ноутбук ,постер, маркер, қарындаш, электронды оқулық
Келесі тапсырмалар портфолио/
Келесі оқу — Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау
-Емдік қасиеттері бар гүлдер туралы кітапша жасау

Сабақты талдау 1.
2.
3.
Тәжірибелік сабақты бағалау 1.
2.
Сабаққа өзгертулер енгізу Топтық жұмыстар қорғау, жұптық жұмыстар

Рефлексия Қағаздан жасалған ұялы телефондарға оқушылар
сабақтың қалай өткенін және қаншалықты
жемісті болғанын досына SMS – арқылы жазып
білдіреді

Жамбыл атындағы орта мектебі

(Аудандық семинарда өткізіген сабақ)

Тақырыбы: Т.Молдағалиев «Гүлдер» өлеңі

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
Кусниденова Кулян Утеповна

Сыныбы: 4-қазақ

2015-2016 оқу жылы