Берешова Амина Мерекеевна
БҚО, Зеленов ауданы, Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

Тексерілді: _____________________

Сыныбы 4 «Ә» Күні
Тақырыбы Тақырыбы: Ұйқы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Мақсаты: мәтін мазмұны арқылы жаман әдеттен арылуды үйрену
Сабақ мақсаттары С) Мәтін мазмұнын түсінеді.
Б) Ұйқы – дұшпан екенін біледі, күн тәртібін сақтайды .
А) Өз мінез-құлқындағы кемшіліктер туралы ойланады, жоюға әрекет қылады.
Мәтіннен теңеу сөздерді табады.
Тілдік мақсат

Оқушылар: теңеу сөз
Негізгі сөздер мен тіркестер: ұйқы –дұшпан, күн тәртібін сақтау
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
*Сөздікпен жұмыс. Құныға оқу-бас алмай отыру. Сарп ету- ұйқыны азайту. Таң алагеуімденіп ату-таңның ағараңдап атуы.
— * Манаттың қиын жағдайда қалуының себебі неде?
*-Манаттың орнында болсаң қорқыныштан құтылу үшін не істер едің?

*-Манаттың осындай қорқынышты жағдайда қалуының себебі неде?

Жазылым бойынша ұсынытар: «Егер Манат Серікке өкпелесе, онда ….» деген күдікті ой арқылы мәтіннің басқаша аяқталуын болжап жаз.

Алдыңғы оқу: «Өкініш» Мәтін соңындағы нақыз сөз арқылы алдыңғы оқумен байланыстыру.
Әдептілік ар-ұят-адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі.
Абай.

Керекті жабдықтар Оқулық, қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы, электронды оқулық,

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

*Ұйымдастыру бөлімі
*Жоқ оқушыны анықтау
-амандасу -кезекші жоқ оқушы туралы хабар беру;
Күннің жадысын айту,сұрақтарға жауап беру
Тұсаукесер Топқа бөлу әдісі
Оқушылар Ұ,Й,Қ,Ы әріптерін тандайды. Төрт әріпті пайдалана отырып сөз құрайды. «Ұйқы» сөзін
құрастырып тұрған төрт оқушыдан тұратын үш топ шығады.
-*үй тапсырмасын тексеру;

Әр топта төрт оқушыдан бөлініп отырады.

«Әңгіме айту» әдісі бойынша оқушылар үй тапсырмасын айтады.
Өткен тақырып бойынша бір-біріне қарама-қарсы тұрып сұрақтарға жауап береді.

Сөздікті айтады
Негізгі бөлім

Сергіту сәті «Ұйқы» сөзіне ассоцация құру

«Бағыттап оқу» әдісі бойынша өз
бетінше мәтінді түсініп оқуға нұсқау беру.

— Әрі қарай не болуы мүмкін? – деп оқушылардың өздеріне болжату арқылы мәтіннің жалғасын оқуға қызығушылықтарын ояту.

«Көршіңе әңгімелеп бер»
— Манаттың қиын жағдайда қалуының себебі неде?

«Ойлан, бірік, бөліс»
-Манаттың орнында болсаң қорқыныштан құтылу үшін не істер едің?

«Бірге ойлаймыз»
-Манаттың осындай қорқынышты жағдайда қалуының себебі неде?

«Постер қорғау»

Ассоцация құру арқылы «Ұйқы» сөзінің мағынасын ашады.

Бағыттап оқу арқылы тізбектей оқи отырып мәтін мазмұнымен танысады.

Мәтіннің шарықтау шегіне келгенде мұғалімнің белгісімен тоқтап, оқушылар мәтіннің жалғасы қалай болатынын, яғни мәтін әрі қарай қалай өрбейтінін болжап айтады, кімнің ойымен сәйкес келетінін білу үшін мәтіннің жалғасын қызығушылықпен оқиды.

Жұптық жұмыс. Оқушылар өз ойларын көршілерімен бөліседі.

Оқушылар ойына келген жауаптарды жазады, одан кейін тобымен талқылайды және соңында барлық сыныппен бөліседі.

(Көп ұйықтауында)Көп ұйқының зиянды екенін, күн тәртібін қатаң сақтау керек екенін айтады.

.Адам мінезіндегі кемшіліктер және оларды жою жолдары бойынша постер қорғайды.

Аяқталуы «ТИ кестесі» — кеңейтілген тапсырма (Саралап оқыту)

Кері байланыс –«бағдаршам» , рефлексия парақшаларын толтыру. «Арада бірнеше күн өтті» деген абзацтан бастап, мәтіннен теңеу сөздерді мақынасын ашып «Ти» кестесіне теріп жазады.
Қалғандары оқулықтан анықтаманы оқып отырады.