002-11Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толды.  Бұл аз уақыт емес – бір ғасырдың төрттен бір бөлігі. Осы жылдар аралығында еңсемізді тіктеп, аяқтан нық тұрдық. Бүгінде керегеміз кең, көршілермен тереземіз тең. Еліміз көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болып, Елбасымызға сол ұйымдардың биік мінберлері ұсынылды. Тәуелсіз Қазақстанның жетістігін, табысын таразылау болашақта талай тарихшыға жүк болғалы тұр.

Біз Тәуелсіздікке қалай жеттік? Оны қадірін түсініп жүрміз бе? Қазір әлемде қаншама ел үстем мемлекеттің қарамағында тәуелсіздікті аңсап өмір сүріп жатыр. Бүгінде Түркия, Ирак, Сирия арасында сабылып жүрген күрдтер елдік үшін жан қиса да, оларға жеке ел болудың ауылы алыс екенін уақыт көрсетті. Бір миллиард қытайдың жанында өмір сүріп жатқан ұйғырлар қанша толқыса да, ернеуінен аса алмады. Кавказдағы шешендердің жағдайы мәлім. Сұрапыл соғыста халқының тең жартысынан айырылса да, жеке ел бола алмады. Солтүстік Африкада жүрген туарегтердің саны қазақтың санынан артық. Бірақ олар да әлі күнге дейін дербес жері, мемлекеті жоқ халық. Біз Құдайға шүкір бабаларымыздың күрескерлігінің арқасында, 90-жылдардың арқасында тәуелсіз ел болып шыға келдік. Осы күн үшін тарихта қанша адамның қаны төгілді. Қанша адамның жаны пида болды. Сондықтан Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жас ұрпақтың бойына сіңіру, біздің басты міндетіміз. Егемендіктің оңай келмегенін өзіміз де түсініп, өзгелерге де түсіндіруіміз керек.

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталықпен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Ғалия Әбшеқызы