Абилгаламова Айжан Кенжеханқызы

                                                        №28 Абай атындағы  жалпы орта  білім

беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Екібастұз қаласы.  Солнечный поселкесі

  Тәуелсіздік тірегі қайсар  — Қазақтың өр рухы

            Отан. Бұл сөз — әр адамның жанына жылу беретін сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?!Ол— туып өскен жерің, Отан дегеніміз –қасиетті алтын ордамыз , Отан дегеніміз — ел бірлігін, тыныштығын, жерін  сақтап , кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалтыратын адал азаматтарымыз. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы , шағаланың ұшып, қонған шиқылдаған үні құлағыма келеді.Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Ата-бабамыздың өткен өміріне  көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады.

Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда, яғни, 1458 жылы Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей сұлтан Моғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасқа алғаш… Ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік. Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.
Қазақ тарихындағы айырықша оқиғалардың бірі -1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Өзінің жоғары жауынгершілік рухымен жылнаманың жарқын парақтарынан лайықты орнын тапты. 100 жыл бұрын дүрліккен қазақ даласы қалың бұқараның қолына  қару алғызып, бостандық және тәуелсіздік үшін  күресуге  мәжбер етті. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды.  1919–1922 жылдар аралығындағы  аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды.  Осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және ұмытпауымыз керек. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе,  XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.Себебі, ол -тарих. Екінші дүние жүзілік соғыс -жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді.Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ  болған.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61мемлекет жан жақтан атсалысты.Р Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б. Момышұлы Ә. Молдағұлова М. Маметова Т. Бигелдинов М. Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қәзіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға қуанышты күнімізге жеттік.Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде,тіпті есімдеріне байланысты көшелер,кітап- жинақтар,ауыл атаулары берілді.Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті. Жеңіс үшін не істемеді десеңші?Сол себепті батыр ата-әжелеріміздің ерлігін ұмытпай,жадымызда мәңгі сақтайық!

Қазақ халқы қанша жуас, момын, шыдамды болғанымен ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білетін ел екенін тарихта талай дәлелденген. Ол дұшпанның шектен шыққан қорлығына көнбейтін осы 1916 көтерілісте анық көрсетті.Бүкіл қазақ жерінде орын алған ұлт-азаттық көтеріліс патша өкіметіне қауіп төндірер күш болды десек, артық айтқандақ болмас.Өйткені дайын әскері, жетілген қару-жарағы жоқ қазақ елінен қайтпас қарсылық күтпеген орыс отаршылары қатты састы. Мұндай қайсарлықты қазақ халқы тарихта талай көрсеткен. Оның жарқын дәлелі-кешегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Әлемді аузына қаратқан алып империяны КСРО-ның ыдырауына да себеп болған – қазақтың батыр ұл-қыздары.Біздің тәуелсіз ел болуымызға да осындай намысшылдығымыз жетелегені анық.

Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлты сейіліп, әнші бұлбұл шаттықтың әнін шырқады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.
Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында еңбектенуде. Бірлік,  ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы.  Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған.  Бұл қазақ жерінің, елінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі.
        Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жыл — еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл уақыт өтті. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.

Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда.

Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді.

Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек еліміздің

жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы орындалды.

             Тәуелсіздіктің   тірегі болған қайсар  — Қазақтың өр рухы ешқашан тұғырынан түспесін!