Алматы қаласы

№198 жалпы білім беретін мектеп

Нурбекова Гульжан Айдархановна

Мәңгілік елдің мәңгілік құндылығы-тәуелсіздік.

(Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған эссе)

Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғым үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады. Барлық оқиғаның бастауы сол бір кезеңдегі желтоқсан оқиғасы, атамекен үшін шейіт болған боздақтар қалақ елінің көкейінен кетер ме? Қазақ елінің тарихында аталып өткен үлкен бес тарихи оқиғалар халықтың сондай тәуелсіз елге айналуына бастаған еді. Ең соңғы шегі қазақ жастарының желтоқсандағы оқиғасымен талай жастың құрбандылығымен есептескендей болды. Мен сол шақтың тарихи естеліктерін, бейнефильмдерін көріп отырып, көзіме жас келді. Сол заманның жастарының патриоттық сезімі, қара бастарының қамын ойламаған, жала жапқандарына да қоймай бостандық туын желбіретуге асықты. Оқиғаның өзі мәңгілік тарих. Тәуелсіздіктің киесі де сол құрбандар мәңгілік есімізде қалады әрине. Оның болашақ жастарға үлгі ретінде жеткізу, айтып отыру, ұрпаққа аманаттау біздің кәзіргі ұстаздық міндетіміздей.  Сол дүркіреген мәңгі деген империя құлаған соң жаңа туған күн шығыстан жарқырап шыққандай болды.  Сол шуақ шашқан күнмен бірге дініміз, тіліміз,заңымыз,  дәстүріміз бодандықтың бұғауынан босағандай қанат бітіп, ұша жөнелгендей. Өзгелеремен тереземізді теңестіруге асыққандай болдық. Халықтың жақсы даналығы бар ғой «ештен кеш жақсы» деген. Сол сөз өз орнын осы жерде тапқандай.  Ия, сол 550 жылдық қазақ елінің тарихы осылай жалғасып келеді емес пе? Талай жауға қарсы келген, жасқанбаған ата-бабам өз заманында жастардың да батырлығын көрді. Кезіндегі жыршылар, бері қарай ақындар жырлаған армандар ғасырлардан ғасырларға жалғасып  келеді. 18-19 ғасырда қазақ халқы тәуелсіздікті көрмеді, ал 20 ғасырда тәуелсіздік алсақ, 21 ғасыр бізге не береді? Тарихтың өрлеуін, тарих берген жемісті жоққа шығару тарихты танымаушылық болар. Бұл ғасыр да өз үлесін қосты. Оның бәрі халқымыздың басына біткен бағы елбасының ерен еңбегі мен халықтың жасаған еңбегінің жемісі. Ия, 20 ғасырдың соңына дейін тәуелісіз мемлекет бола алмады. Тәуелсіздік деген сөз жүзінде болды. Жас буынның өмірінде жас сәби секілді алғашқы 20 ғасырдың аянда тәй-тәй басып, жан-жағымызды қарап, отанымыздың иелі болуын, тарихымыздың жүйелі болуын, адам құқығын өсіруді, нарықтық экономиканың жекелігін, кәзіргі таңда отандың өндіріс деп шет мемлекет алдына жария салуымыз, біздің елдің еліміздің жәймен өсуін көрсетеді. Сонымен қатар халқымыз сауатты, салауатты, қауіпсіздігімізді қорғайтын соның ішінде жастарда ұлымызды ұлағатты, қызымызды инабатты жолға қою, тәуелсіз елдің білім берушілердің тәрбиесі болуы қажеті.  Азат елдің тәуелсіздік деп басталған жолы  Қазақстан саясаты бойынша алғы басты мәселе болды. Әр түрлі стратегиялық бағдарламалар ұлт жоспарын нақтылау үшін әлем дамыған елдеріне қосылуда жасаған әр сәттегі жұмыстар әрбір азамат үшін еңбек болды. «Еңбек түбі береке» деген халық мақалы елеміздің жас буынының бойына сіңіруді талап етеді. Ата-абабамыздың рухына дақ түсірмей туымызды жықпай, бүгінгі ұрпақ ертеңге апарса бұл біздің арманымызды жеткізер еді. Биылғы жылғы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында 25 жасқа толған бозбаладай, ендігі өмірі басталғандай еліміз болашаққа қадам басты. 25 жастағы жас буын отбасылы болуға асығып, өз өмірінің келесі сәтін бастайтындай болып отыр. Еліміз осы жастың бірнешеуін жасап мәңгілік елге айналса, бұл халықтың ұрпағының болашағының бақыты мен бағы болары сөзсіз. Болашаққа адал көшбасшы, рухани дамыған халық, білімді ұрпақ, егемендігіміз баянды болуына тілектеспін!