Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Қожакент ауылы

№ 168 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Баязитова Рабига Зейнуллаевна

Қазақ тілі  ( 6-сынып )

 

Сабақтың тақырыбы Үстеудің мағыналық түрлері. Мекен үстеулер
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсат Оқушыларға үстеудің мағыналық түрлері туралы ақпараттар бере отырып, мекен үстеулердің жасалуын ұғындыру, алған білімдерін сыныптан тыс жерде пайдалану,үстеудің құрамдық және мағыналық түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.Білім беру барысында жаңа тәсілдерді ұсыну арқылы танымдық белсенділікке қол жеткізу.
Оқыту нәтижелері Үстеудің мағыналық түрлері жайлы туралы түсініктер ала отырып, мекен үстеулердің басты айырмашылықтарын меңгереді. Мәтін ішінен үстеудің  құрамдық, мағыналық түрлеріне талдау жасауға дағдыланады. Топта бірлесіп жұмыс жасауға қалыптасады. Топтық жұмыс кезінде танымдық белсенділігі артады және танымдық әрекеттерге кіріседі.
Негізгі идеялар Үстеу білдіретін мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді. 1) мезгіл үстеу, 2) мекен үстеу, 3) сын-қимыл үстеуі, 4) мөлшер үстеу, 5) күшейткіш үстеу, 6) мақсат үстеу, 7) себеп-салдар үстеуі.

. Мекен үстеу қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, әрі-бері жүрді.

Тапсырмалар 1.Топтық жұмыс

Мекен үстеу. Топтық презентация

( Қорғау 7 минут)

2.Жұптық жұмыс «Сөздер банкісі» әдісі бойынша

3.Жеке жұмыс

«Дастархан» әдісі бойынша қорыту

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары ( мұғалім және оқушы немен айналысады? )

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Психологиялық тренинг «Сағат тілі» жаттығуы . Анатоль Франс «Білімді тек жақсы көңіл күйде алуға болады.Оны қорыту үшін, бар ынтамен қабылдау қажет»

  1. Назарларын сабаққа аудару, Үй жұмысын тексеру. Дайындықтарын «Бағдаршам» түстері арқылы көрсету. Үй жұмысын қорыту мақсатында топтық жұмыс «Маған көрсет» әдісі. Сөздер тізбектелген 3 сөйлем берілген. Олардың ішінен мезгіл үстеуі қатысқан сөйлемді тап.

1-топ 1. Ол өзінің ісіне балаша қуанды.

2  Тақиям толы сөк,

Ерте тұрсам жоқ

  1. Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап

2-топ.1  Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі

  1. Тұс-тұстан кимелей бастады.
  2. Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

3-топ.1. Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер!

2.Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар өбектеп.

3.Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

ІІ. Жаңа сабақты ашу үшін бейнекөрініс көрсету. А.Байтұрсынұлының «Қырық мысалы» жинағынан «Аққу,шортан һам шаян» мысалын тамашалау. Талқылау үшін сұрақтар беру..Мәтінін тарату.

Сөйлемдерден үшеуінің бағытын білдіретін сөздерді   тауып, сұрақ қоя отырып  мағыналық  жағынан талдау жасау. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.Ия, іс-әрекеттің болу орнын бағытын білдіретін сөздер мекен үстеу деп аталады.Жаңа тақырыпқа байланысты топтық жұмыс беру.

ІІІ. Топтық жұмыс Топтық презентация

Әр топ өзіне берілген тапсырманы өзара топта талқылайды, топ атынан қорғайды.Критериий арқылы бағалау

Тапсырмасы:

Мекен үстеудің ережесі мен жасалу жолын анықтай отырып, мына бейнекөрініспен байланыстыра отырып, қандай тәрбиелік мәні бар өмірмен байланыстыру (Уақыт 7мин)

 

Қосымша түсініктер:

Мезгіл үстеулер де, мекен үстеулер де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

Оқулықпен жұмыс (ауызша)276-жаттығу.Мекен үстеуді табыңдар, жасалу жолын анықтаңдар.

 

IV Жұптық жұмыс «Сөздер банкісі» әдісі Тақырыптық түйінді сөздерді табу (3минут)

Оң қол, сол қол арқылы өздерінің жұмысын бағалау

Тіркестерден мекен  үстеулерді теріп жазыңдар

Енді тым-тырыс болды ,кейіннен білінбейді,артына қарады,  жан-жағына қарап тұрды,  таңертең ерте түскен екен , лезде тыпырлағандай болды, енді шығып, тіпті жақындап қалған сияқты болды, қыстыгүні жаяу келе жатқан ,  бұрын тұрған көлегей тұрған ,  жан-жағына бұрып , артына бұрылып қарады , жоғары ұшып бара жатқанын көрді , төмен түсті

 

V Жеке жұмыс. 1.Жаттығумен  жұмыс жүргізу.Берілген мекен үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Алды-арты, жолшыбай, мұнда, әрі, бері, арттан, кейін, алыстан

 

 

 

VІ. Сабақты қорытындылау:

«Дастархан» әдісі Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып дастархан әзірлеу

Кері байланыс: «Сұрақ конверті» әдісі

Кейінгі оқу:  Мекен үстеу       279 –жаттығу