Эссе тақырыбы: «Егеменмін! Тәуелсізбін! Азатпын!»
Еңсесін тік көтеріп,өркениетке нық қадам басқан қазақ елінің Тәуелсіздігіне міне,бүгінде 25 жыл толып отыр. Осыншама уақыт аралығында ел қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, биік-биік белестерді бағындыра білді.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс,күш берді.Тарихи күш десе де болады.Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға,мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын,зайырлы,өркениетті,индустриалдық жаңғырту жолында қарқынмен дамып келе жаткан мемлекетпіз.
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты,халқымыздың мәңгілік құндылығы.Біз бүгінгі дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады.
Тәуелсіздік бізге елі сүйген,елін сүйген Елбасымен бірге келді.Қазақ елінің Президенті алпауыт мемлекет басшылары санасар жаһандық саяси тұлғаға айналды.«Әлем.ХХІ ғасыр» манифесі Біріккен ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алуы.
Елбасы сөзімен айтар болсақ, «Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық». Астана – тәуелсіздігіміздің бойтұмары,мемлекеттігіміздің басты күші. «Астананың алғашқы авторы – Тәуелсіздік. Қазақстан Тәуелсіздік алмаса, Астана өмірге келмес еді… Тәуелсіздіктің басты белгісі – өзіңнің тағдырыңды шешуге қабілеттілігің.Тәуелсіз саясат жүргізе алуың. Астана –Қазақстан халқының дербес таңдауы. Астана – елдің болашаққа салған көпірі. Жаңа қоғамның символы,- деді Президентіміз.
Алысты болжай отырып, болашақта атқарылар істерді бүгінгі күні орын алып отырған саяси жағдайлармен шебер ұштастыра білетін Президент Н.Ә.Назарбаев қысқа мерзім ішінде тәуелсіз мемлекеттің негізгі құрылымдары мен институттарын қалыптастырып үлгерді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен Қазақстан тарихындағы алғашқы мемлекет басшысының бүкілхалықтық сайлауы мен ел мемлекеттілігі жолындағы және бір тарихи маңызды кезең еді.
2015 жылдан бастап елімізде аса маңызды 5 институттық реформа жүзеге асырыла бастады.Бұл жаңғыртулар кәсіби мемлекеттік аппарат құруға,заңның үстемдігін қамтамасыз етуге,индустрияландыру мен экономикалық өсімге,қазақстандықтарды болашақтың біртұтас ұлтына топтастыру мен мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданып,оны жүзеге асыру үшін заңнамаларға өзгерістер енгізілді.Біздің елдің басты мақсаты –аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу.
Елімізде өмір сүретін сан ұлт өкілдерінің тең дәрежеде дамуына қолайлы жағдай туғыза отырып,қазақ халқының өз жерінде тілінің,дінінің,мәдениетінің өркендеуіне қол жеткіздік. Ұлттық мәдениетімізді қайта түлету үшін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жасалды.Осының барлығы- Тәуелсіздігіміздің арқасы. Тәуелсіз Қазақстан Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен небір қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп,толағай табыстарға жетті,қарқынды даму жолына түсті. Ел де,заман да,қоғам да, адам да жаңарды. Н.Ә.Назарбаев қазақ елін,қазақ халқын, Тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты.
Қазіргі дүниедегі кез-келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын Тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастады.Бұл – сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының,заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен өрбитін,келешегіне бағдар жасайтын басты белгі.Осыдан 21 жыл бұрын жаңа Конституция қабылданып,еліміз жасампаз жаңа дәуірге нық қадам басты. 1995 жылдың 30 тамызында, жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы Конституцияны қабылдауға дауыс беріп,өздерінің ортақ мағыналы таңдауын – тәуелсіздікті, өркендеуді, демократияны қолдады.
Біздің еліміз өзінің табысты даму моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.Президент өзінің «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деді бағдарламасында.Осыған орай тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жалпыхалықтық референдумда қолданыстағы Конституцияның қабылдануы маңызды қадам болды. Бұл – Қазақстан мемлекеті мен қоғамының барлық тіршілік салаларын реттейтін негізгі құқықтық құжат.Конституциямыз қабылданып, қолданылғалы бері бірде-бір саяси келіспеушілік болған жоқ, барлық қарама-қайшылықтар конституциялық рәсімдер шеңберінде шешілуде.
Конституциялық құрылыстың мызғымастығы мемлекеттің экономикалық,саяси, әлеуметтік тұрақтылығының негізін құрайтын фактор болып табылады. Биліктің барлық құрылысына тұтастықты,орнықтылықты және басқарушылықты беретін,ең бастысы – тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды тетік — президенттік институт болып табылады. Ата Заңға сәйкес, республика Президенті халық тұтастығы мен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі болып табылады, сондай-ақ, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халықтың алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда,Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар.Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып,басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық.Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды,іс-әрекеттерді талап етеді.
Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап,Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну,ұғыну,мемлекеттің одан әрі даму үрдісін болжау және халықтың талғамына сай, ең тиімді даму стратегиясын таңдауда жан-жақты,қайсар,жігерлі,саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең интеллектуалды тұлға қажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды.Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті,бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты.Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді. Тәуелсіздік – ең басты игілігіміз,баға жетпес құндылығымыз.
Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы
«Балапан» балабақшасы МКҚК  Жахина Айсұлу Таңатқызы