АЛМАТЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

      КЕЛІСІЛДІ                                                                           БЕКІТІЛДІ

Директордың ӘІЖ орынбасары                                          Директордың ОІЖ     орынбасары

_______ Р.Ж.Хадишина                                                       ________  І.Ж.Қиқымова

«____»_____________2016 ж.                                                       «____»______________2016 ж.

 

 

 

 

 

 

 

«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ»

 

Семинар сценари

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     ПЦК төрайымы_______ К.У Байкенова

 

Дайындаған: Батырбаева С.Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2016

 

 

 

 

«Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Осы даланы біздің ата-бабамыз сақтап, қан төгіп, тер төгіп ұстап қалған»

 

Н.Ә.Назарбаев

 

 

Көрініс: Қазақ хандығы

 

 

Тұрғанбай Жандос:

Ассалаумағалейкүм, халқым менің

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

 

Қайырлы күн, Тәуелсіз мәңгілік қазақ елінің азаматтары!

 

Құлан Батырбай: Армысыздар, тәуелсіз Ұлы дала ұрпақтары!

 

Тұрғанбай Жандос: Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тартқан тауқыметі мен көрген қиындықтары бүгінгі күнде ақталып отыр.

Құлан Батырбай: Осы 25 жылда еліміз бірнеше қомақты жетістіктерге жетті, әлем көкжиегінде беделі асқақтай түсті. Жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Осылайша, біреуді көріп, шүкір етіп, біреуді көріп, пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.
Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің тарих пәнінің оқытушысы СУЯРБЕКОВА МАҚПАЛ ТЛЕБАЛДИЕВНАНЫҢ баяндамасы

 

Құлан Батырбай:  «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
Тұрғанбай Жандос: Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі — тәуелсіздік сөзі.

 

Көрініс: Алаш.

 

 

 

Тұрғанбай Жандос : Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Алматы авиация колледжінің тарих пәнінің оқытушысы СЕРИБАЕВА ГҮЛБАРШЫН УМИРБЕКОВНАНЫҢ баяндамасы

 

Құлан Батырбай:  Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Өлеңдер

 

 

Тұрғанбай Жандос: Колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы КАИРОВ ЕРЖАН БЕКЕНҰЛЫНЫҢ баяндамасы

 

Құлан Батырбай:  Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

Өз шығармашылығымен колледж тәлімалушысы

 

 

Тұрғанбай Жандос: Атыңнан айналайын егемен ел

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік

Ғасырдың тойы болшы келе берер

 

Құлан Батырбай: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Дефиле

 

Құлан Батырбай: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің  —  дей отырып сахнаға колледжіміздің директоры СУЛЕЙМЕНОВ СЕЙТПЕК ТОХТАМҰРАТҰЛЫНА сөз береміз

 

 

Тұрғанбай Жандос: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

 

Ән: «Жаса, Қазақстан!»
Құлан Батырбай: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі — дей отырып, «Ұлы дала ұрпақтарының тарихы» атты мерекелік семинарымыздың аяқталғанын айта келіп, қош-сау болыңыздар дейміз.