Үлгерімі төмен оқушылармен  жүргізілетін жұмыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптағы оқушылардың  білім деңгейінің  ойлау қабілетінің  бірдей болмауы  ұстаздар  алдына көп ізденуді, әр сыныптағы оқушылардың  қабылдауына  сай  сабақ түрлерін  таңдау талабы  қойылады. Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:

1.Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.

2.Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы  пәнге қызығушылығын ояту.

3.Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен  ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

4.Осы мақсатқа  жету үшін оқушылардың қабылдауы неге  айрықша  үлгеретін  және үлгермейтін  болып екі топқа бөлінуінің  себеп  салдарын  іздеп                    2014 – 2015оқу жылынан  бастап  өзім сабақ  беріп келе жатқан  сыныбыма  “Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс”  жүргізудің  жоспарын құрдым.

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар. Берілетін тапсырмалар. Орындауға берілетін жұмыс.
Жаңа тақырыпты игерту. Жаңа тақырып бойынша ереже мен формуланы қайталау Формуланы есеп шығаруда пайдалану.
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы. а2 – в2 = (а – в) (а + в) 62 – 42 =

х2 – у2 =

Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау Жаңа сабақта өткен ережені, формуланы жаттау  (с – 5)( с+5) =

(10 – 6) (10 + 6) =

(4 – х) (4+х)=

Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу Параграфтың соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу № 152. 5), 7), 9).

№154. 2),4).

Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету. Сөзжұмбақ құрастыру.
Сөйлеу қабілетін дамыту.

Үй тап.сұрау.

Ауызша сұрақтар қою. Ауызша жауаптарын талдау.

Оқушылардың нашар үлгеру  себептерін  жою мақсатында  төмендегі жұмыс түрлерін жүргіздім.

а) деңгейлік тапсырмалар  беру.

Ортақ көбейткішті  жақша сыртына  шығарыңдар.

а)  12 х2у — 6 х = 6 х (2 ху – 1)           б)    х3 у2 + х2у3 = х2 у2 ( х + у)

ә)    18 х2у — 9 х =                               в)    х4 у3 + х3у4 =

Көбейткішке жіктеңдер.

а) 4а2 + 4а + 1= (2а + 1)2                     б) 144 – m2=(12 – m) (12 + m)

ә) 16а2 + 8а + 1=                                  в) 25 – n2 =

ә) тарау бойынша, тоқсан сайын  тестілеу жұмыстарын  ұйымдастыру.

б) сабақта, сабақтан тыс уақытта іскерлік  ойындар  ұйымдастыру.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Осы  қасиеттер қай бұрышқа тән? Сыбайлас

 

Вертикаль

 

Жазыңқы

 

Тік

 

Доғал

 

Сүйір

 

Тік бұрыштан кіші            
Бұрыштық өлшемі 1800-қа тең            
Тең бұрыштар            
Бұрыштың өлшемі 900-тан  үлкен, 1800-тан кіші            
Бұрыштырдың қосындысы 1800-қа тең            
Бұрыштық өлшемі 910-қа тең            
Жазыңқы бұрыштың жартысы            
Екі түзудің қиылысуынан пайда болатын            
Тік бұрыштан 2 есе үлкен            

Сәйкестік қалыптастыруға арналған тапсырмалар. Бұл формадағы тапсырма екі топ мәліметтерден құралады. Мақсат, мәліметтердің бірінші тобының әр элементіне мәліметтердің екінші тобының қандай элементінің сәйкес келетіндігін анықтау.

С ә й к е с т і к т і   т а б ы ң д а р.

Шамалар                                           Өлшем бірліктері

  1. 1. Масса А. километр
  2. Ұзындық      Ә.  Литр
  3. Уақыт Б. Секунд
  4. Сыйымдылық  В. куб сантиметр
  5. Көлем Г. килограмм

С ә й к е с т і к т і   т а б ы ң д а р.

Өрнек                            Өрнектің мәні

24 * ( — 9)                                   20

— 2,8 * (-4)                                      11,2

5,9 * (- 3,5)                              -216

— 68 : ( — 3,4 )                             — 0,9

— 3,6 : 4                                    — 20,65

 

 

 

 

С ә й к е с т і к т і    т а б ы ң д а р .

Фигуралардың суреті                Фигуралардың аталуы

Түзу

 

Дөңгелек

 

Бесбұрыш

 

 

Үшбұрыш

 

Төртбұрыш

 

 

 

Үлгерімі  нашар  оқушылармен жұмыс жүргізудегі  мақсат – олардың оқуында орын алған  олқылықтарды  толтырып қана қою емес, сонымен  бірге бұл  оқушылардың  бойына өз бетінше танып білуге деген құштарлықты  ояту  және дамыту болып табылады. Сонда ғана бұл оқушылар  өз жолдастарын  қуып жетеді және мұнан кейін де олардан қалыспайтын болады.

 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы

Краснояр ОЖББ мектебінің мұғалімі Утепбергенова Н.У